Тіл - достық көпірі ертеңгілік сценарийі
Мақсат-міндеттер
-
1
Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін таныту, тілдің көркемдігін сезіндіру, сөз құдіретін ұғындыру және тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
-
2
Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы тілдің әуезділігін, байлығын, шешендігін көрсетіп, оқушының дүниетанымы мен ой-өрісін дамыту.
-
3
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу және шешендік өнерге баулу арқылы ана тіліне сүйіспеншілік қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге үндеу.
Тарихи дерек
Президенттің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен 22 қыркүйек Тілдер күні болып жарияланды. Содан бері бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтеді.
Негізгі идея
Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Әртүрлі халықтың тілі мен мәдениетіне құрмет — қоғамдағы келісім мен ынтымақтың берік негізі.
Ашылу және құттықтау
Кіріспе ескерту
Музыка ырғағымен үш жүргізуші ортаға шығады.
Жүргізуші 1 (қазақша)
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Тіл — достық көпірі» атты Тіл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші 2 (орысша)
Добрый день, дорогие гости, преподаватели и друзья!
Жүргізуші 3 (ағылшынша)
Good afternoon, dear friends!
Ана тіл туралы арнау
Қымбат маған ана тілім — бал тілім,
Қымбат маған дана тілім — ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім — ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қонақтарды қарсы алу (көрініс)
Бүгінгі ертеңгілігімізге әр елден қонақтар келіп отыр. Қонақтарды құрметпен, шапалақпен қарсы алайық!
- 1 Қазақстан елі: Астанадан келген қонақтар «достық көпірінен» өтіп келеді.
- 2 Ресей елі: Мәскеуден келген қонақтар «достық көпірінен» өтіп келеді.
- 3 Ағылшын елі: Лондоннан келген қонақтар «достық көпірінен» өтіп келеді.
Рәсімдік бөлім
Жүргізуші 1
Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Тәуелсіз елдің асқақ рухты жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған ертеңгілікті ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші 2
Здравствуйте, уважаемые учителя и учащиеся! Здравствуйте всем, кто пришёл на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном классе. Праздник, посвящённый закрытию декады «Язык — мост дружбы», разрешите считать открытым.
Жүргізуші 3
Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity and is closely tied to society. All languages develop under the influence of economic, political and geographical conditions.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.
22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл — барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Бүгінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына 28 жыл толып отыр.
Жүргізуші 2
Казахстан — многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей. Все живут дружно, одной сплочённой семьёй и зовутся казахстанцы.
Жүргізуші 3
Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are representatives of about 130 peoples living in Kazakhstan.
Мультимедиа және өнер нөмірлері
- • Экранға назар аудару: тіл туралы қызықты деректер (видеоролик көрсетіледі).
- • Мектепалды даярлық тобы: «Қуыр, қуыр, қуырмаш!» өнері.
- • Ән: «Әжем айтқан ертегі» — орындайтын Мерует Екпінова.
- • «Ертегілер әлемі» көрінісі — 1-сынып оқушылары.
Бағдарлама желісі: елдер өнері
Қазақстан
Аяулысың, мектептің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би —
Сіздер үшін мереке шашулары!
Келесі кезек — Қазақстан елінен келген қонақтарға беріледі.
Ресей (Мәскеу)
Язык отцов, язык тысячелетий —
Ты временем, как глина, обожжён.
В тебе — удар меча и посвист плети,
Мужская гордость и горячность жен.
Сахнаға Мәскеуден келген қонақтарды шақырамыз.
Ағылшын елі (Лондон)
Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone.
I was a poet, I was young.
Ағылшын елінен келген қонақтарды өз өнерлерімен қарсы алайық.
Қорытынды ән
Хормен «Достық әні» орындалады.
Түйін сөз
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау — мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі екенін атап өткен.
Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз — тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, кез келген елдің ең негізгі рәмізі, ұраны, тірегі — сол елдің ана тілі.
Біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақ Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең — көкжиегің кең болар.
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де, бұл — дұрысы:
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Қоштасу
Жүргізуші 2
Желаем всем всего доброго и прекрасного!
Жүргізуші 1
Қош болыңыздар!
Жүргізуші 3
Goodbye!
Өлең шумақтары: ана тілге тағзым
1–2 шумақ
Туған тілім — бабам тілі — өз тілім!
Туған тілім — анам тілі — өз тілім!
Туған тілім — далам тілі — өз тілім!
Туған тілім — адам тілі — өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3–4 шумақ
Ана тілім — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.
Ана тілім — елдігім,
Ана тілім — ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
5 шумақ
Ана тілім — ана сүті, жүрегім,
Қадір тұтып оны әркез жүремін.
Бойымдағы маздаған өнерім —
Өз тілімнің қасиеті деп білемін.
6 шумақ
Ана тілім — ең асылым, ардағым,
Ана тілім — бар байлығым, бар бағым.
Халқым үшін арнасам ән-жырымды,
Ана тілі — өз тілімді арнадым.
Мәлімет
- Өңір
- БҚО, Қаратөбе ауданы
- Елді мекен
- Жусандой ауылы
- Білім ордасы
- Жамбыл ЖОББМ-мектеп-балабақшасы
- Автор
- Бастауыш сынып мұғалімі Касимов Казбек Рыскалиевич