Жемістер мен көкөністердің муляждары, ағаш
Мақсаты
-
Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру, әңгімелеу.
-
Сөздерді дұрыс әрі анық айтуға жаттықтыру.
-
Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар
-
Шынайы өнімдер
Алма, апельсин, банан, картоп
-
Муляждар
Жемістер мен көкөністер
-
Көрнекілік
Ағаш
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Тәрбиеші: «Балалар, бүгін ерекше күн. Ендеше келген қонақтармен амандасайық».
Балалар: «Сәлеметсіздер ме, апайлар!»
Шеңберде айтылатын сөздер
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, туған жер,
Амансыздар ма, апайлар.
Күз туралы әңгіме
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күзде жапырақтар не істейді?
- Жерге түседі.
- Күз мезгілінде күн қандай болады?
- Салқын, суық болады.
- Күзде не піседі?
- Жемістер мен көкөністер піседі.
Жемістер
Алма, алмұрт, апельсин, банан.
Көкөністер
Қияр, орамжапырақ, қызанақ, пияз, картоп, сәбіз, қауын, қарбыз.
Таппақ айту
«Жемістер мен көкөністер туралы кім таппақ біледі?» (Сабина, Әділ, Әдемі, Алтынбек.)
Саяхат: «Жемістер мен көкөністер бағы»
Поезбен жолға шығу
Тәрбиеші: «Баратын жеріміз алыс, сондықтан поезға мініп барамыз». Балалар қатарға тұрып, поезд болып жүреді.
Өлең
Қатар-қатар тұрайық,
Поезды біз құрайық.
Дөңгелегі тарсылдап,
Баққа қарай барайық.
«Баққа да келіп жеттік. Ұзақ жол жүрдік, демалайық».
Бақтағы бақылау
- Айналада не өсіп тұр?
- Ағаштар.
- Ағаштарда не өсіп тұр?
- Жемістер.
- Қандай жемістер өсіп тұр?
- Алма, алмұрт, апельсин.
Тапсырма
«Жемістерді жинап алайық».
Тосын сәт: ағаштағы картоп
Тәрбиеші картопты ағашқа іліп қояды. Балалар жемістердің арасынан картопты байқайды.
- Жемістердің арасында не тұр?
- Картоп.
- Картоп жеміс пе?
- Жоқ.
- Картоп қайда өседі?
- Жерде өседі.
Тәрбиеші балаларды мақтайды және картоптың жер астында өсетінін нақтылап түсіндіреді.
Бақшадағы тапсырма: орындарын табайық
Балалар бақшаға келеді. Мұнда сәбіз, картоп, пияз сияқты көкөністер өседі.
Қате табу ойыны
«Көкөністердің арасында алма жүр. Алма бұл жерде не істеп жүр?»
Алма қайда өседі?
Ағашта өседі.
Картоп қайда өседі?
Жерде өседі.
Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің айырмашылығын бекітіп, әрқайсысының өсетін орнын қайталатады.
Қорытынды
«Енді поезға отырып, топқа оралайық». Балалар поезд болып жүріп, оқу әрекетін аяқтайды.