Алпыс келдің арсаңдап, Нөсер жауған ылаттай
Он бес деген жас қайда?
Жарға ойнаған лақтай.
Қайда кеттің жиырма бес,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бес бар ма маңайда,
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай
Отыз бес, неге келмейсің,
Көз іздетіп жылатпай?
Қырық астың кезеңнен,
Суырған қыннан қынатпай.
Қырық бес шықтың кезеңге,
Маң - маң басып бұла аттай.
Елу қондың ауыл үй,
Тізгіндеп ұстап құлақтай.
Алпыс келдің арсаңдап,
Нөсер жауған ылаттай.
Жетпіс қараң көрінді
Тұрсам - дағы ұнатпай.
Сексеннен алған хабардың
Ызғары тұр шыдатпай.
Көргім келмес тоқсанды,
Келіндерге сынатпай.
Жүз, сірә, мені қоймассың,
Қараңғы көрге құлатпай.
Жырын тыңда дулаттың
XIX г. 60-70-жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілі және оны танытатын үлгілер
Дүние деген сары алтын
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Жауын-шашын туралы
Атмосфералық жауын–шашындар
Флювиалдық геология процестер
Су тасқыны, су басу
Табиғи төтенше жағдайлар
Қош келдің досым
Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Қайдан келдің, бауырсақ
Шын ғалым күнде алпысқа келмесі анық, Шаттықтан неге шалқып таспайсыңдар
Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған
Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар
Сіздер дәл келдіңіздер
Ару көктем біздің Достық ауылына қош келдіңіздер
Баршыңызда Хан Ордасы ауылына қош келдіңіздер
Бүгінгі Біз мектепке барамыз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер