Туған ауылымМенің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет
Туған ауылым
Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет! Ауылым туралы айтып та, жырлап та, әндеткім де келеді. Мен — Қуанышбек Құндыз, 2-сынып оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келдім.
Ауылдың иісі мен тынысы
Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен тыныстап, хош иісі аңқыған гүлдердің жұпарын сезіп, ауылдың жылы түтінін аңқытқан кештерін көріп келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы қымбат емес пе?
Инфрақұрылым және күнделікті өмір
Менің ауылымда көптеген ғимараттар бар: мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіпті саябақ та бар. Қалаға автобустар қатынайды.
Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың «пыш-пыш» деген дауысы да естіліп тұрады. Ауыл адамдары пойызбен Астана мен Қостанай қалаларына барады. Вокзалымыз да әдемі салынған.
Ырғыз өзені мен жазғы саяхат
Ауыл маңынан Ырғыз өзені ағып жатыр. Жазда демалыс басталар алдында апайымыз Жадыра Файзоллақызымен табиғатқа шығып, саяхаттаймыз. Түрлі ойындар ойнап, айналамыздың сұлулығын бірге тамашалаймыз. Өзенде шоршып секірген балықтарды көріп, ерекше қуанамыз.
Достық пен ауылдың кешкі көрінісі
Менің ауылымда достарым да көп, олармен тату-тәттіміз. Ауылымның кешкі табиғаты мүлдем ерекше: алыстан шаң көтеріп, малдар өрістен қайтады. Барлығы төлдеріне сүтке тойып келеді. Бұл көрініс анамыздың дүкеннен тәтті әкелгеніндей қуаныш сыйлайды.
Сағыныш пен аманат
Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған ауылымды сағынамын. Тезірек елге қайтсам деп асығамын. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», — деп аталарымыз бекер айтпаған екен.
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлаудан еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. «Ауылымның гүлденгені — Қазақ елінің гүлденгені», — деп ойлаймын.