Себеп пысықтауыш

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Пысықтауыш туралы мағлұмат беру; тұрлаусыз мүшелер бойынша алған білімді пысықтау; мысалдар арқылы дәлелдеп, қорытынды жасай білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың білімін кеңейту; жаңа дағды қалыптастыру; пысықтауыштың жасалу жолдарын өз бетінше ажырата білуге дағдыландыру; есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаңдыққа және тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақ форматы

  • Сабақ түрі: түрлендірілген аралас сабақ.
  • Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері (семантикалық карта, INSERT кестесі).
  • Көрнекілік: кеспе қағаздар, плакат, ребус, сызбалар, буклет.
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

Сабақтың барысы (қысқаша құрылым)

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.

  2. 2

    Қайталау сұрақтары

    Алдыңғы тақырыптар бойынша бағыттаушы сұрақтарға жауап беру, дұрыс/бұрысын ажырату.

  3. 3

    Жаңа сабақ

    Пысықтауыш ұғымы, сұрақтары, байланысу түрлері, жасалу жолдары және мағыналық түрлері.

  4. 4

    Бекіту

    Венн диаграммасы, семантикалық карта, ребус, сәйкестік тапсырмасы, синтаксистік талдау.

  5. 5

    Үй тапсырмасы және бағалау

    Үй тапсырмасын беру, оқушылардың білімін бағалау.

Қайталау: «Жыл қайыру» сұрақтары

Оқушылардың тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы білімін нақтылау үшін төмендегі сұрақтар талқыланады.

Негізгі сұрақтар

  • Бастауыш дегеніміз не? Басқа сөз таптары қандай жағдайда бастауыш болады?
  • Бастауыш пен баяндауышты неліктен тұрлаулы мүшелер дейміз?
  • Қандай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады?

Толықтыру сұрақтары

  • Толықтауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Анықтауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Сұрақтар жазылған кесте бойынша дұрыс және бұрыс тұжырымдарды табу.

Жаңа тақырып: Пысықтауыш

Анықтамасы

Пысықтауыш — етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сынын, сондай-ақ себеп пен мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

Мысал

Ол үйге жүгіріп кірді.

Сұрақтары

  • қашан?
  • қайда?
  • қалай?
  • неге?
  • не үшін?
  • неліктен?

Байланысу түрлері

  • меңгеру
  • жанасу
  • қабысу

Пысықтауыштың жасалу жолдары

Төмендегі үлгілер пысықтауыштың сөйлем ішінде әртүрлі тілдік бірліктер арқылы жасалатынын көрсетеді.

1) Үстеуден

  • Біз ілгері жүріп кеттік.
  • Ертеңіне екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қона қалды.

2) Септік жалғаулы сөздерден

Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктеріндегі сөздер мекен, бағыт, мезгіл, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады.

  • Мен ауылға беттеп келемін.
  • Қырман басынан электр жарығы жымыңдайды.
  • Ол зор дайындықпен кірісті.

3) Мезгіл мәнді зат есімдерден

  • Сол күні Тілеуқабыл түні бойы ұйықтай алмады.

4) Септеулік шылаулы есім сөздерден

  • Күні бүгінге шейін елдің жаз жайлауы — Қарақұм.
  • Халық Абай үшін алысады.

5) Көсемше тұлғалы етістіктен

  • Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады.

6) Еліктеуіш сөзден

  • Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.

7) Сын есімнен

  • Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді.
  • Біз сізді жақсы танимыз.

8) Сан есімнен (кейде)

  • Жанбота туды екі алды.

9) Есімдіктен

  • Шай әлдеқашан жиналған.

Құрамына қарай

Дара пысықтауыш

Бір сөзден болады.

  • Шопанның үні мейірімді естілді.
  • Мен бұл екі егіннің қаншадан беретінін әлдеқашан білгенмін.

Күрделі пысықтауыш

Екі немесе одан да көп сөзден болады.

  • Толғанбай Алакөлден Есік көліне келді.
  • Бұлар әуежайдың шетінде тұрған ақша бұлт түстес ұшақтың қасына келіп тоқтады.

Мағыналық түрлері

1) Мезгіл пысықтауыш

Сұрақтары: қашан? қай кезде? қай уақытта?

  • Ол бүгін келеді.
  • Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.

2) Мекен пысықтауыш

Сұрақтары: қайда? қай жерде? қай жақта? қайдан?

  • Әжесі үйде қалды.
  • Қайсар биыл мектепке барады.
  • Біз қала маңынан келдік.

3) Мақсат пысықтауыш

Сұрақтары: кім үшін? не үшін? неге? қандай мақсатпен?

  • Сәуле зат алғалы келді.
  • Ол әдейі кірді.
  • Мен осыны айту үшін сөйлестім.

4) Амал пысықтауыш

Сұрақтары: қалай? қайтіп? қалайша?

  • Жиналыста шапшаң сөйледі.
  • Бала жүгіре-жүгіре шаршады.
  • Бұл сөзді естігенде, ол сылқ-сылқ күлді.

5) Себеп пысықтауыш

Сұрақтары: неліктен? не себептен?

  • Сен түсінбегендіктен айта алмадық.
  • Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

6) Мөлшер пысықтауыш

Сұрақтары: қанша? қаншалық? қалай?

  • Сабақта ұзақ сөйледі.
  • Емтиханға жаппай кірді.
  • Тақтайды ұзын кес.

Практика: 52-жаттығу

Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер. Бастауышты түзу сызықпен сызыңдар.

Жұп 1

  • Ол — жақсы адам.
  • Ол жақсы сөйлейді.

Жұп 2

  • Күші жағынан арыстандай кісі.
  • Қобыланды батыр арыстандай ақырды.

Жұп 3

  • Бастауышты түзу сызықпен сыз.
  • Сызуды түзу сыз.

Жұп 4

  • Қисық мінезі бар.
  • Көйлекті қисық пішті.

Бекіту тапсырмалары

Графикалық және кестелік жұмыстар

  • Венн диаграммасы: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.
  • Семантикалық карта.
  • INSERT кестесі (қажет болған жағдайда).

Ойын және логикалық тапсырмалар

  • Ребус шешіп, синтаксистік талдау жасау.
  • Сәйкестікті тап: пысықтауыштың жасалу жолдары.
  • «Арқан тарту» ойыны: синтаксистік талдау.

Синтаксистік талдауға арналған сөйлемдер

Төмендегі сөйлемдерді талдап, сөйлем мүшелерін анықтаңдар (пысықтауышты табуға ерекше назар аударыңдар).

Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.

Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.

Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.

Бүгін мен де қимылдап көрейін.

Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.

Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.

Бұл кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.

Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.

Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.

Анда-санда көзін қимылдатқандай болды.

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

[8], 54.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай білімін бағалау.