Таңдай қақтырар таңғажайыптар
Тақырып
Таңдай қақтырар таңғажайыптар
Мақсат
- Адамзат тарихында болған ерекше оқиғалар мен құбылыстар туралы түсінік беру, адам қабілетінің шексіз екеніне көз жеткізу.
- Ой-өрісті кеңейтіп, интеллектуалдық қабілеттерді жетілдіру.
- Адам мүмкіндігінің молдығын мойындатып, табиғат алдындағы жауапкершілікті сезіндіру.
Көрнекілік
Слайдтар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін шарадалар шешіледі.
Шарада 1
Өзім жәндік, өзім журнал, әрі еңбек құралымын. Қ әрпін қойсаң алдыма, лезде бояу болып шығамын.
Жауабы: ара – қара
Шарада 2
Түнде бармын, күндіз жоқпын. Егер «Б»-дан бастап оқысаң, мыңғырып шыға келемін.
Жауабы: ай – бай
Шарада 3
Біріншісі — құс аты, ал екіншісі — бояу түсі. Екеуін біріктіріп оқысаң, оңынан да, солынан да ұлт болып шығады.
Жауабы: қаз – ақ → қазақ
II. Негізгі бөлім
Кіріспе әңгіме
Қандай таңғажайып оқиғалар туралы естідіңдер?
Бұл оқиғалар сендерді несімен таңғалдырды?
Олар туралы қайдан естіп-білдіңдер?
Бүгін біз адам табиғатының таңдай қақтырар қасиеттері туралы мәлімет аламыз. Адам баласының мүмкіндігі шексіз екенін талай рет естиміз. Бірақ күнделікті өмірде оған әрдайым мән бере бермейміз, өз әлеуетімізді толық пайдаланбаймыз.
Дегенмен ортамызда жылдар бойы тынымсыз жаттығудың арқасында өз денесін өз ырқына көндірген, ерекше қабілетін дамытқан адамдар бар.
Мәтінді оқу үшін ұсынылатын тақырыптар
- 1. Сүйексіз және түрлі түсті адам.
- 2. 95 тілде сөйлейтін адам.
- 3. Нәр татпайтын және сынаппен қоректенетін адамдар.
Тақырыпты талқылау: ерекше қабілеттер
Төмендегі мысалдар адам мүмкіндігінің кеңдігін көрсетеді.
| № | Аты-жөні | Ерекше қасиеттері |
|---|---|---|
| 1 | Михаил Эрестенюк | Денесінің кез келген мүшесін, кез келген буынын орнынан шығарып, басын 360°-қа бұра алады. |
| 2 | Валерий Лаврененко | Денесін түрлі түске құбылта алады; 100° ыстық суда жүзе алады; су астында дем алмай 10 минутқа дейін шыдайды. |
| 3 | Нурки Гвиниашвили | Шегенің, әйнектің, пышақ жүзінің үстіне жалаңаш денесімен жата алады; өткір затпен кескенде міз бақпайды. |
| 4 | Вилли Мельников | Әлемнің 95 тілінде сөйлейді. |
| 5 | Хира Ратан | Бір жыл бойы нәр татпай, тек су мен күн энергиясы арқылы қоректенгені туралы дерек айтылады. |
| 6 | Эргаш Мухидинов | 20 жыл бойы сынаппен қоректенгені туралы мәлімет беріледі; шамамен 500 градусник пайдаланғаны айтылады. |
Талдау тапсырмасы
Ерекше қабілеттерді жүйелегеннен кейін, оқушыларға кестені толтыру ұсынылады.
- Туа біткен қасиет
- Жаттығулар нәтижесінде қалыптасқан қасиет
Нәтиже
Кестені толтыра отырып, оқушылар өз жауаптарын дәлелдейді, салыстырады және тұжырымдар жасайды.
Негізгі ой
Адамның мүмкіндігі — кең. Алайда оны ашатын басты кілт — мақсат, еңбек және тұрақты жаттығу.
III. Қорытынды
Бүгінгі тақырып сендерді несімен таңғалдырды?
Осындай ерекше қабілеттерді өз бойларыңда дамыта аласыңдар ма?
Қай қабілетті игеру мүмкіндігі бәрінен жоғары деп ойлайсыңдар?