Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

Сабақтың тақырыбы

Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары.

Сабақтың типі

Білім тексеру сабағы

Сабақтың түрі

Топтық жарыс сабақ

Әдістері

СТО технологиясы, демонстрациялау, тест

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, тірек сызбалар, кестелер, плакаттар, СD-диск

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралап, бір жүйеге келтіру; балықтарға тән белгілерді оқып-үйренуге жағдай жасау.

Дамытушылық

  • Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
  • Шеміршекті және сүйекті балықтарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
  • Тақырыптағы негізгі ұғымды табу, сызба-нұсқаны толтыру дағдыларын қалыптастыру.
  • Білімді нақтылау және қисынды ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

  • Өз бетінше ізденуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және еңбектенуге тәрбиелеу.
  • Өзара білімдерін тексеріп, бағалай білуге дағдыландыру.
  • Балықтарды қорғауға, адамгершілікке және ұжымдық қарым-қатынасқа баулу.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа кіріспе

    Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Қайталау және тексеру
    • Ой қозғау (миға шабуыл).
    • Тест сұрақтары.
    • Балықтың ішкі құрылысы.
  3. III. Жаңа сабақ

    Негізгі бөлім

    Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары.

  4. IV. Жаңа сабақты бекіту

    Практикалық жұмыс
    • Кестені толтыру.
    • Венн диаграммасы.
  5. V. Үй тапсырмасы

    Бекітуге арналған жұмыс

    Үй тапсырмасы сабақ соңында нақтыланады (тақырып бойынша қайталау және тестке дайындық).

  6. VI. Бағалау

    Қорытынды

    Топтық жұмыс, тест нәтижесі және белсенділік негізінде бағалау жүргізіледі.

Ой қозғау: топтарға арналған сұрақтар

Миға шабуыл кезеңінде әр топқа төмендегі сұрақтар ұсынылады.

I топ

  1. Желілі жануарлардың «омыртқалылар» тип тармағы қалай аталады?
  2. Омыртқалылардың неше класы бар?
  3. Балықтар қандай кластарға жіктеледі?
  4. Балықтардың тыныс алу мүшесі қандай?
  5. Балықтар қай ортада тіршілік етеді?

II топ

  1. Акула қай кластың өкілі?
  2. Балықтың денесі қандай бөліктерден тұрады?
  3. Омыртқалылар дене температурасына қарай қалай бөлінеді?
  4. Акуланың зәр шығару жүйесі неден тұрады?
  5. Сүйекті балықтарға тән ерекше мүше қандай?

III топ

  1. Желілердің қанайналым жүйесінің негізгі ерекшелігі қандай?
  2. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше қалай аталады?
  3. Жақсүйексіздер омыртқалылардың қай класына жатады?
  4. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
  5. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қандай балық түрін білесің?

IV топ

  1. Қара уылдырық алынатын балық қалай аталады?
  2. Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балықтарды ата.
  3. Жайық өзенінде мекендейтін қандай балық түрлері бар?
  4. Шеміршекті балықтардың түр саны шамамен қанша?
  5. Торсылдақ қандай қызмет атқарады?

Тест сұрақтары

Төмендегі тапсырмалар тақырыпты қайталау және бекітуге арналған.

1) Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы

  • A) Маммология
  • Ә) Герпетология
  • Б) Ихтиология
  • В) Гельминтология

2) Желбезек саңылаулары 5–7 болатын балықтар

  • A) Сүйекті балық
  • Ә) Шеміршекті балық
  • Б) Шортан
  • В) Сазан

3) Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған

  • A) Акула
  • Ә) Скат
  • Б) Аратұмсық
  • В) Аққайран

4) Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық

  • A) Іле шармайы
  • Ә) Балқаш алабұғасы
  • Б) Бекіре
  • В) Еділ майшабағы

5) Балықтың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады?

  • A) Судың жылылығын сезу
  • Ә) Судың тұздылығын сезу
  • Б) Су ағысының күші, бағыты және тербелісін сезу
  • В) Судың қышқылдығын анықтау

6) Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады?

  • A) Жауыннан қорғау
  • Ә) Дене салмағын өзгертіп, судың әр қабатына көтерілу/түсу
  • Б) Жауыннан жасырыну
  • В) Судың ағысына өту

7) Балықтар қайда көбейеді?

  • A) Құрлықта
  • Ә) Суда да, құрлықта да
  • Б) Тек сулы ортада
  • В) Екеуі де емес

8) Сүйекті балықтардың түр саны

  • A) 20 мыңнан астам
  • Ә) 10 мыңнан астам
  • Б) 30 мыңнан астам
  • В) 40 мың

9) Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі

  • A) Бүйрек
  • Ә) Несепағар
  • Б) Қуық
  • В) Клоака

10) Балықтардың көбеюі қандай сатылардан тұрады?

  • A) Уылдырық → шабақ
  • Ә) Уылдырық → дернәсіл
  • Б) Дернәсіл → балық
  • В) Уылдырық → дернәсіл → шабақ

11) Тұқы тәріздестер отрядының өкілі

  • A) Акула, сауытбалық
  • Ә) Қаракөз, ақмарқа, табан
  • Б) Бекіре, албырт, қортпа
  • В) Құнысбалық, майшабақ, килька

12) Су түбінде өмір сүретін балықта болмайтын мүше

  • A) Жүрек, қан тамырлары
  • Ә) Торсылдақ
  • Б) Өкпе, желбезек
  • В) Жұтқыншақ, өңеш

13) Қара уылдырық алынатын балықтар

  • A) Албырт тәріздестер
  • Ә) Бекіре тәріздестер
  • Б) Майшабақтар
  • В) Саусаққанаттылар

14) Дене температурасы тұрақты жануарлар тобы

  • A) Қаны бар жануар
  • Ә) Салқынқанды жануар
  • Б) Жылықанды жануар
  • В) Жылусүйгіш жануар

15) Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы

  • A) Қағанақсыздар
  • Ә) Қағанақтылар
  • Б) Құстар
  • В) Сүтқоректілер