Ғажайып шеңбер
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдысын қалыптастыру.
- Оқушылардың танымдық қабілет деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
- Химия пәніне қызығушылықты арттыру.
Түрі
Интеллектуалды ойын (сыныптан тыс жұмыс)
Өтетін орны
Мультимедия кабинеті
Көрнекіліктер
Мультимедиялық тақта, слайд-презентациялар, үлестірмелі қағаздар, көрермендерге жұмбақтар
Кештің идеясы
Химия мен медицина дамыған,
Өндірісте химияны таныған.
Химиясыз кірмес жердің құнары —
Мұндай ғылым әркез биік тұрады.
Жоспар
- 1 Сұрақ–жауап бөлімі
- 2 Жұмбақ-арал
- 3 Ғажайып шеңбер
- 4 Шығармашылық сәт
Ойынға сынып оқушыларынан екі топ іріктеледі. Топтардың жинаған ұпайын есептеу үшін есепші ретінде Аширбекова Қарлыға апай тағайындалады.
1-кезең: Сұрақ–жауап
Әр дұрыс жауап — 1 ұпай
1-топ сұрақтары
- Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына әкелуі мүмкін?
- Сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады?
- Ең қиын балқитын металл қайсы?
- Аспен бірге келетін тағамға дәм беретін зат?
- Қай элементтің таңбасы айдаһарға ұқсайды (тарихи бейнелеулерде)?
- Өнеркәсіптің негізгі металы?
- Сиыр және жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл?
- Сұйық металл?
- Суда ерігенде немесе балқығанда заттың иондарға ыдырау процесі?
- Мыстың латынша атауы?
2-топ сұрақтары
- Қоршаған орта факторлары әсерінен металдың бүліну құбылысы?
- Ең қатты металл?
- Адам ағзасында сүйек құрамына кіретін металл?
- Адам миының орташа салмағы?
- Зарядталған бөлшек?
- Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым?
- Үш түрлі күйде кездесетін зат?
- Топырақты құнарландыратын элемент?
- Ең жеңіл газ?
- Күмістің атомдық массасы?
2-кезең: Жұмбақ-арал
Бұл бөлімде топтарға кезекпен жұмбақтар қойылады. Қарсылас топ та жауапты дайындап отыра алады. Егер негізгі топ жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап беріп, ұпайын арттыра алады.
Ескерту: 1 жұмбаққа дұрыс жауап — 10 ұпай.
1-топ жұмбақтары
Жұмбақ 1
Әрбір үйде ерте заманнан бері қолданылып келеді. Алғашында киіз үйдің ортасына қойған. Кейін түрлері көбейді. Ол не?
Жауабы: пеш
Жұмбақ 2
Жұмбақты шешіп, белгісіз элементтің орысша және латынша атауларын атаңыз. Аспандағы Айды осы элементпен теңестіреді. «Салмақты адамды» мақтауда да жиі қолданылады.
Жауабы: күміс — серебро — аргентиум
2-топ жұмбақтары
Жұмбақ 1
Жер қыртысында миллиондаған жылдар бойы түзіліп, түрленіп пайда болады. Тығыздығы жоғары, жылтыр. Адамзат ертеден пайдаланып келеді. Бұл не?
Жауабы: көмір
Жұмбақ 2
Жұмбақты шешіп, белгісіз элементтің орысша және латынша атауларын атаңыз. Өзі ауыр металға жатады. Балалар бұл металды құйған сақамен де атайды.
Жауабы: қорғасын — свинец — плюмбум
Осы тұста есепші апайымыз қоржындағы ұпайларды жариялап, аралық нәтижені шығарады.
3-кезең: Ғажайып шеңбер
Уақыты: 2 минут
Шеңберде берілген заттарды пайдаланып, әртүрлі қосылыстардың формулаларын құрастырыңыздар.
Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда, ойын көрермендермен жалғасады.
Көрермендерге: «Мен кіммін?»
- 1) Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім — тілсіз жау. Жауабы: азот
- 2) Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім — сан есім. Жауабы: озон
- 3) Бірінші бөлігім — тасқын су, екінші бөлігім — мал құлағына салатын белгі. Жауабы: селен
- 4) Бірінші бөлігім «қабылда» деген мағына береді, екінші буыным — шараппен улану деген мағынада. Жауабы: алмас
- 5) Жазылуы бойынша оқысаңыз — элементпін, керісінше оқысаңыз — өткізгішпін. Жауабы: мыс — сым
«Ғажайып шеңбер» тапсырмалары тексеріліп, сәйкес ұпайлар беріледі.
4-кезең: Шығармашылық сәт
Бұл бөлімде оқушылардың шығармашылық қабілеті бағаланып, тиісті ұпайлар беріледі.
Тапсырма 1: Қажетті сөздерді іріктеу
Берілген тізімнен қажет сөздерді таңдап алыңыз:
Тапсырма 2: Өлең жолдарын құрастыру
Өздеріңізге ұнаған бөлім бойынша қысқа өлең жолдарын құрастырыңыз.
Химияны оқу — парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Соңғы қорытынды ұпайларды анықтау үшін сөз кезегі есепші Қарлыға апайға беріледі.
Қорытынды
Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын — толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Осылайша «Химия ғажайыптары» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет!