Көктемнің қай айы
Сабақтың тақырыбы
«Заттың атын білдіретін сөздер» тарауы бойынша: «Келіңдер, құстар».
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Мамандықты білдіретін сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы
Көктем туралы білімді тереңдету, байланыстырып сөйлеуді және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі
Құстарға қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Көрнекілігі
- Плакат, ұя макеті, суреттер.
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелеу.
- Техникалық құралдар
- Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу. Бүгінгі сабақ — ашық сабақ, сондықтан жұмысымызды ерекше көңіл-күймен бастаймыз.
Шаттық шеңбері (өлең)
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!
«Алақан жылуы» ойыны (хормен)
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта қандай тарауды бастап, қандай тақырып өткенімізді еске түсіреміз.
Үй тапсырмасы
- І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту.
- Көктем туралы тақпақтар айту арқылы сабақты пысықтау.
III. Жаңа сабақ
Сабақты сұрақтар арқылы бастаймыз, көктем туралы ойымызды жинақтаймыз.
Жетелеуші сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Наурыздың нешесі?
- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктемнің алғашқы мерекесі қандай?
Дәптерге бүгінгі күнді жазамыз. Ән тыңдап, «Құстар келді» көрінісі арқылы жаңа тақырыпқа көшеміз.
Ереже
Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер — заттың атын білдіретін сөздер. Ережені суреттер арқылы нақтылап көрсетеміз.
Жаттығулар
85-жаттығу
Сөздерді орнына қойып, сөйлем құраңдар.
- Көктем көрікті келді.
- Қар ери бастады.
- Жылы жел соқты.
86-жаттығу
Түсініп оқыңдар.
Әкем менің — құрылысшы.
Ағам менің — мұнайшы.
Тапсырма: мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
87-жаттығу
Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, кейін оқушылар оқиды. Қ. Ыдырысов туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Қанатты құстар әдемі,
Қызық-ақ құстар әлемі.
Құстар күні — 1 сәуір.
Қызықты деректер (құстар туралы)
- 1906 жылы құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды.
- Қазақстанда құстардың 490 түрі бар.
- Қызыл кітапқа 49 түрі енгізілген.
- Құстар қыстайтын және жыл құстары болып бөлінеді.
Қыстайтын құстар
Шымшық, қарға, суықторғай, тоқылдақ, құр, сауысқан, қырғауыл.
Жыл құстары
Қаз, тырна, үйрек, қараторғай, қарлығаш және т.б.
«Құстар атын білейік, ойлана жауап берейік» — «Кім көп біледі?» тапсырмасы: оқушыларға құстардың аттарын жазғызу.
Тыйым сөздер (құстарды қорғау)
- Құсты атпа!
- Құстың ұясын бұзба!
- Құстың жұмыртқасын алма!
- Құсты қорға!
Жұмбақ
Тал басында
Түндіксіз отау.
Жауабы: ұя.
Ұя макеті көрсетіледі.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»
Сауысқан
— шықылықтайды.
Қарға
— қарқылдайды.
Бүркіт
— шаңқылдайды.
Тоқылдақ
— тоқылдайды.
IV. Қорытынды
Ойды түйіндейміз: не ұғындық, не білдік? Қайталау сұрақтары қойылады.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
«Келіңдер, құстар» өлеңін жаттап келу.