Сұрақ қою, қайта сұрақ қою

Сабақ тақырыбы

Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. Эволюциялық көзқарастардың даму тарихы.

11-сынып Биология Эволюция идеялары Тарихи шолу

Сабақтың мақсаты

Биология ғылымының Ч. Дарвинге дейінгі даму кезеңін түсіндіру. Ғылымда ұзақ уақыт бойы мақсатқа сәйкестілік және тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың басым болғанын сипаттау.

Сабақтың міндеттері

  • Оқушыларға тақырыпты өздігінен оқып, талқылап, білім алуға қолдау көрсету.
  • Топта және көпшілік ортада өз ойын жүйелі жеткізе білу дағдысын дамыту.
  • Топтық жұмыс ережелерін сақтай отырып, мәдениетті қарым-қатынас пен тәртіпті орта қалыптастыру.

Қолданылатын модульдер

Жаңа әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы белсенді, қатысымдық тәсілдер.

Сыни ойлау

Сұрақ қою, дәлел келтіру, салыстыру арқылы ойлауды дамыту.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау элементтері.

АКТ пайдалану

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Басқару және көшбасшылық

Топтық жұмыста рөлдер мен жауапкершілікті тиімді бөлу.

Талантты және дарынды оқушылар

Қабілетке сай тапсырмалар арқылы тереңдету.

Сабақ барысы: стратегиялық іс-әрекеттер

Ұйымдастыру және белсендіру

  • Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық дайындық.
  • «Бір тілек» жаттығуы: тілек жазып, қағазды мыжып, сыныптастарға лақтыру арқылы жағымды атмосфера құру.
  • Топқа бөлу: 1–4 санап, тақ сандар — 1-топ, жұп сандар — 2-топ.
  • Топ атауын белгілеу, жұмыс ережелерін нақтылау.

Өткенді қайталау және жаңа тақырыпқа шығу

  • Үй тапсырмасы: сұрақ қою және қайта сұрақ қою.
  • Үй тапсырмасы бойынша постер құрастыру.
  • Сергіту сәті.
  • Жаңа сабаққа кіріспе: сурет бойынша постер жасау.
  • Терминдермен жұмыс және қазақша–орысша–ағылшынша сөздікпен бекіту.

Түсіну: «Миға шабуыл»

Оқушыларға Ч. Дарвиннің суреттері көрсетіліп, бағыттаушы сұрақтар қойылады: Дарвиннің қандай еңбектерін білесіңдер? Тіршілік туралы қандай көзқарастар айтты? Осы сұрақтар арқылы тақырыптың өзегі ашылады.

Талдау: мағынаны ажырату

Негізгі бағыт

Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы туралы көзқарастарды талдау.

Тарихи кезең

Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялардың пайда болуы және алғышарттары.

Жүйелеу

Тірі табиғат туралы мәліметтерді жинақтап, жүйеге келтіру дағдысын қалыптастыру.

Дарвинге дейінгі биологиялық ойдың іргетасы

Ежелгі Грекия: жаратылыстанудың бастау көздері

Тірі табиғат туралы алғашқы жүйелі мәліметтер Ежелгі Грекия ғалымдары мен философтарының есімдерімен тығыз байланысты. Олардың ішінде Аристотель, Теофраст және Гиппократ ерекше орын алады.

Аристотель: жануартану ғылымының негізін қалаушы

Философ әрі жаратылыстану зерттеушісі Аристотель «Жануарлардың тарихы» және «Жануарлардың бөліктері туралы» еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. Ол жануарлардың морфологиясы мен анатомиясын, тіршілігі мен түйсік сезімін зерттеп, бірқатар жаңалық ашты.

  • Акула мен кейбір жыландардың тірі туатынын сипаттады.
  • Аталық араның (трутень) ұрықтанбаған жұмыртқадан дамитынын анықтады.
  • Көртышқанның көзі, қара шегіртке мен балықтың есту мүшелері сияқты рудиментті (қалдық) мүшелерді сипаттады.
  • Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуін, жәндіктердің шала және толық түрленіп дамуын зерттеді.
  • 454 жануар түрін салыстырып, туыстық жақындығы мен сыртқы белгілеріне қарай алғаш жіктеулер жасады.

Теофраст: өсімдіктерді зерттеудің жүйелік жолы

Аристотельдің шәкірті Теофраст (б.з.д. 372–287 жж.) өсімдіктер биологиясын зерттеп, оларды сипаттауда адамның тұрмысындағы маңызына ерекше көңіл бөлді. Ол ағаш көмірін, шайыр заттарын алу жолдарын, дәрілік өсімдіктердің адам организміне әсерін және өсімдіктің тіршілік ортасы мен климат жағдайын бірге қарастырды.

Теофраст Грекия аймағындағы шамамен 500-ге жуық өсімдік түрін анықтаған. Сондай-ақ тропикте өсетін бамбук, банан, пальма, лимон, мимоза, мақта, лотос, папирус секілді өсімдіктердің толық сипаттамасын жазып қалдырған.

Оқу стратегиялары

ББҮ әдісі

Мәтінді оқуға бағыт беру үшін «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім» кестесін қолдану.

INSERT стратегиясы

«Қосамын, аламын, қызығамын» қағидасы арқылы ақпаратты белгілеу, рефлексия жасау.

Постер және көрнекілік

Плакаттар мен түрлі-түсті қаламсаптар арқылы ойды визуализациялау, топтық талқылауды күшейту.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларда биология ғылымының Ч. Дарвинге дейінгі даму кезеңі туралы түсінік қалыптасады. Сондай-ақ ғылымда ерте кезеңдерде мақсатқа сәйкестілік пен тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстем болғаны жөнінде жүйелі білім қалыптасады.

Бағалау

Формативті бағалау сабақ барысындағы жауаптар, постер қорғау, терминдермен жұмыс және INSERT белгілеуі арқылы жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы сабақта қарастырылған ұғымдарды бекітуге және мәтінмен жұмыс стратегияларын қолдана отырып, негізгі ойларды қысқаша қорытындылауға бағытталады.

Автор туралы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Құрбан ата ауылы, №9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі — Назира Битанова.