Слайд бойынша көрсетіп түсіндіру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сипаттамасы

Білім беру саласы
Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Көркем әдебиет
Тақырыбы
«Шалқан» ертегісі
Мақсаты
Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып беру және мазмұнын әңгімелету. Әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын түсінуге, қызығушылығын арттыруға ықпал ету.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру, әңгімелеу
  • Тақпақтар айту
  • Дидактикалық ойын
  • Үстел үсті театры арқылы әңгімелеу
  • Слайд арқылы көрсету және түсіндіру

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Үстел үсті театры

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын шашайық.

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы тілектерді

Қонақтарға сыйлайық.

Іздену-ұйымдастырушы кезең

Күз туралы тақпақ

Алтын сары, қызыл, көк —

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақты күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ: Балалар, қай мезгіл туралы айттық?
  • Тапсырма: Күз мезгіліне қатысты сурет көрсетіп, балаларға әңгімелету.

Тосын сәт

Дыбыс: «Мияу-мияу» деген үн естіледі.

Сұрақ: Балалар, қандай дыбыс естіліп тұр?

Жауап: Мысық келді. Мысық балалармен амандасады.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Мысықтың өтініші: «Балалар, көмектесесіңдер ме? Мен бақшадан жемістер мен көкөністер жинадым, бірақ қайсысы жеміс, қайсысы көкөніс екенін ажырата алмай тұрмын».

Ойын шарты

  • Жемістерді ағашқа орналастыру.
  • Көкөністерді жерге орналастыру.

Сұрақ

Мысық: «Балалар, жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақ білесіңдер?»