Мысық қандай жануар

Топ және оқу іс-әрекеті туралы мәлімет

Тобы
«Балапан II» кіші топ
Топ тәрбиешісі
Тулеушева А. С.
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту, жапсыру, қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
«Мысығым менің керемет!»
Негізгі идея
Мысықты үй жануары ретінде танып, оған мейіріммен қарауды үйрену

Мақсаты

Сабақ барысында балаларды үй жануары — мысықпен таныстыру, оның қимыл-әрекеті мен пайдасы туралы түсінік беру, үй жануарларына мейірімді болуға тәрбиелеу көзделеді. Сонымен қатар айналадағы қоршаған ортаны сезінуге, табиғатты қорғауға ынталандыру мақсат етіледі.

Әдіс-тәсілдер

  • Жұмбақ шешу арқылы қызығушылық ояту
  • Суретпен жұмыс, салыстыру
  • Жапсыру (құйрық жапсыру)
  • Қимылды ойындар және сұрақ-жауап
  • Рөлдік ойын (ертегі құрастыру)

Алдын ала жұмыс

Оқу іс-әрекетіне қажетті құралдарды алдын ала дайындау, балаларды тақырыпқа жұмсақ түрде бағыттау.

Сөздік жұмыс

марғау — мысықтың төлі

Көрнекіліктер мен тілдік компонент

  • Үй жануарларының суреттері
  • Мысықтың суреттері
  • Себеттегі жіптер
  • Тышқан мен мысыққа арналған атрибуттар

Билингвалды компонент

мысық
кошка
марғау
котёнок

Сабақ барысы

1) Қызығушылықты ояту

Балалардың әрекеті

Балалар шеңбер жасап, көркем сөздерді бірге қайталайды.

Өлең жолдары

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Балалар орындарына отырады. Бүгін қоршаған ортамен танысу сабағында үй жануарларының бірімен танысамыз. Қандай жануар екенін қазір айтпаймын — оны жұмбақ шешу арқылы табамыз.

2) Іздену-ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақ

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,

Допты көрсе домалатып қоймайды,

Беті-қолын қайта-қайта жуады,

Тышқандарды үйімізден қуады.

Жауабы: мысық

Талқылау

  • Мысық — үй жануары, пайдасы көп.
  • Мысық жүрген жерде тышқан аз болады.
  • Еркелегіш, балалармен ойнағанды ұнатады, сүт ішеді.
  • «Кіс-кіс» деп шақырып, сипап, аздап сүт беру арқылы қамқорлық танытамыз.

Қауіпсіздік және мейірімділік

Мысықты желкесінен қысып, құйрығынан сүйреп жәбірлеуге болмайды. Жануарды ренжіту оның денсаулығына зиян келтіреді, қорқытады, тіпті адамдардан бездіруі мүмкін. Жануарларды қорлауға болмайды.

Салыстыру тапсырмасы

Екі мысықтың суретін салыстырып, айырмашылықтарын айтамыз:

  • Бір суреттегі мысықтың мұрты жоқ, екіншісінде мұрты бар.
  • Біреуінің құйрығы жерде жатыр, екіншісі құйрығын көтеріп тұр.
  • Мойнындағы бантиктерінің түстері әр түрлі.

Жапсыру жұмысы

Суреттегі мысыққа бір бөлігі жетіспейді. Балалар мысықтың құйрығын жапсырып, суретті толықтырады.

3) Ойын арқылы бекіту

Ойын: «Жіп шатастыру»

Мысық жіппен ойнағанды жақсы көреді. Осы ойында балалар «мысық» болып, жіптерді шашып, кейін жылдам жинайды.

Ойын шарты

  1. «1, 2, 3 — ойынға түс!» дегенде себеттегі жіптерді шашып, домалатамыз.
  2. Жіптерді тауып, мүмкіндігінше тез қайтадан себетке жинаймыз.
  3. Кім тез жинаса — сол жеңімпаз.

Ойын: «Байқағыш»

Мысықты ойша елестетіп, сұрақтарға жауап береміз:

  1. Мысықта қанша құлақ бар?
  2. Мысықта қанша аяқ бар?
  3. Мысықта қанша құйрық бар?
  4. Мысықтың құлағы ұзын ба, әлде құйрығы ұзын ба?

Сергіту сәті

Балалар бой жазып, денесін сергітеді, қимыл-қозғалыс арқылы назарын қайта жинақтайды.

4) Рөлдік қойылым: «Бөспе тышқан»

Тәрбиешінің мәтіні

Іші әбден пысқан деді бірде тышқан:

— Мысықтарды түнде қуып жүрем күнде.

Тышқан солай бөсті, соғып алып төсті.

Мысық келді естіп — оның үні өшті.

Балалардың рөлдері (үзінді)

1-бала (Нұрасыл):

— Апай, шкафтағы етікті тышқан тесіп кетіпті.

2-бала:

— Ой, ой, ой! Пакетімді қиыпты, шұлығыма тиіпті.

Тышқан (Эмир):

— Не бопты соншалық? Бәтеңкеңнің бауын қидым.

Мысық (Айкерім):

— Мяу! Ұстап аламын тышқанды!

Тышқан (Эмир):

— Құтқарыңдар, құтқарыңдар!

Түйін

Қойылым соңында балалар мысықтың пайдасын түсінеді: ол тышқанды қуады, үйді қорғайды. Сондықтан мысыққа алғыс айтып, қамқорлықпен қарау қажет.

5) Бағалау және қорытынды

Қорытынды сұрақтар

  1. Тышқанның жауы не?
  2. Мысықты жақсы көретінімізді қалай білдіреміз?
  3. Мысық қандай жануар?

Күтілетін нәтиже: білу керек

Мысықтың үй жануары екенін және оған қамқор болу керектігін біледі.

Күтілетін нәтиже: болу керек

Сөздерді байланыстырып, ойын нақты жеткізе алады.

Күтілетін нәтиже: жасай алады

Мысыққа құйрық жапсырады, рөлдерге бөлініп ойын ойнайды.

Тәрбиеші балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.