Жасуша органоидтары

Жаңа тақырып Адам және табиғат Сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға табиғаттағы адамның алатын орны туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту, қисынды тұжырым жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тазалыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сынып тазалығына назар аудару.

II. Білімді жан-жақты тексеру

  1. 1 Ағзалық әлем дегеніміз не?
  2. 2 Ағзаны құрайтын заттар қалай аталады?
  3. 3 Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?
  4. 4 Жануарлар өсімдіктерге қандай қасиеттерімен ұқсас?
  5. 5 Тірі табиғаттағы ағзалық заттар қандай дүниелерге жіктеледі?

III. Жаңа сабақ: адам және табиғат

Адам — табиғаттың құрамдас бөлігі және тірі ағзалардың ұзақ тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы орнын жоғары бағалап, адамды «табиғаттың асқақ туындысы, әрі күрделі де нәзік жүйе» деп сипаттаған.

Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарастыруға болмайды. Біріншіден, оның дене құрылысы мен тіршілік әрекеттері көптеген ағзаларға ұқсас. Екіншіден, адам қаншалықты саналы болғанымен, табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ойы мен санасы арқылы айқындалады. Өйткені адам қоршаған табиғи ортаны танып-білуді, өзгертіп, дамытуды саналы түрде жүзеге асырады.

Негізгі ой

Адам — биологиялық әрі әлеуметтік тіршілік иесі: табиғатпен ұқсастығы да бар, табиғатқа тәуелділігі де бар, ал қоғамдағы орны саналы әрекеті мен еңбегі арқылы қалыптасады.

Адамның приматтардан негізгі ерекшеліктері (қысқаша)

  • Омыртқа жотасы 4 иілімді, S тәрізді.
  • Аяқтары қолдарынан ұзын әрі күштірек.
  • Ми бөлімі беткі бөлімнен қомақты, ми қабығы жақсы дамыған.
  • Жақсүйек, тұмсық бөлігі салыстырмалы әлсіз дамыған; иек шығыңқы.
  • Аяқ табаны дөңес, үлкен башпай айқын дамыған.
  • Жамбас тостаған тәрізді, тік жүруге бейімделген.

Функциялық ерекшеліктер

  • Тіл және ымдау бұлшықеттері дамыған, сөйлеу мүмкіндігі жоғары.
  • Көмекейдің дауыс шығаруға бейім бұлшықеттері бар.
  • Көру, есту, түйсіну жақсы дамыған; иіс сезу салыстырмалы әлсіз.
  • Екінші сигналдық жүйе (сөз) қалыптасқан: дерексіз ойлау, елестету дамыған.
  • Теріде тер бездері мен рецепторлар көп; саусақ ұшындағы өрнек айқын.
  • Түкті жабын айқын азайған.

Адам табиғаты және гуманизм

Қазіргі кезде адамды әртүрлі бағытта зерттейтін ғылымдар бар. Олар адам табиғатына ерекше мән береді. Адам табиғаты — адамның жеке басына тән сипаттардың жиынтығы.

Бұл ұғым көбіне гуманистік қасиеттер жүйесі ретінде қарастырылады. Гуманизм (лат. humanus — адамгершілік, ізгілік) — адамды жеке тұлға ретінде тануға негізделген көзқарастар жиынтығы. Ол адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындауды қамтиды.

Гуманизмнің басты қағидасы

Жеке адамның бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.

Еңбектің рөлі: адам және қоғам

Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі ерекше. «Адамды адам еткен — еңбек» деген тұжырым осыны дәлелдейді. Адамның пайда болуы тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты.

Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің қызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде адамның танымдық қабілеттері де дамыды. Бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында сөз пайда болып, айқын сөйлеу қоғамның қалыптасуына жол ашты.

Жеке адамдардан отбасы құралып, туыстас отбасылар бірігіп үлкен әулетке айналды. Бірлескен еңбек пен өзара қарым-қатынас ұжымдардың, ал ұжымдар қоғамның қалыптасуына негіз болды.

Кемел адам және денсаулық ұғымы

Қазіргі кезде қалыпты анатомияда «кемел адам» (нормальный человек) ұғымы қолданылады. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті терең сезінеді. Кейде дені сау ересек адамды «кемеліне келген» (зрелый) адам деп те атайды.

Орташа көрсеткіштер (оқулықтағы сипаттама)

Бойы
170 см
Дене салмағы
70 кг
Өмір сүру ұзақтығы
70 жас
Тері ауданы
1,8 м²

Денсаулық — адам өмірінің басты кепілі әрі қоғамның негізгі байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Халық даналығында: «Денсаулық — зор байлық», «Дені саудың — жаны сау», «Халқың сырқат болса, қабырғаң сөгіледі» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған.

Салауатты өмір салты

Әрбір адам денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Қазақстан–2030 бағдарламасында бұл бағыттағы шаралар нақты көрсетілген. Елімізде 1997 жылы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң қабылданды. Мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Салауаттану» пәні оқытылады.

Денсаулықтың анықтамасы

  • Аурудың немесе дене кемістігінің болмауы.
  • Дененің және рухани жан дүниенің қалыпты күйі.
  • Өмір сүруге қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы.

V. Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)

  1. 1Табиғаттың дара тұлғасы — кім? (Адам)
  2. 2«Дәрігерлік ғылымның ережелері» кітабының авторы. (Ибн Сина)
  3. 3Лейкоциттердің бөгде заттарды сіңіріп, қорытуы қалай аталады? (Фагоцитоз)
  4. 4Ағза мен мүшелердің қызметін зерттейтін ғылым. (Анатомия)
  5. 5Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық зерттеген ғалым. (К. Гален)
  6. 6Қанда еріген газды алғаш зерттеген ғалым. (И. М. Сеченов)
  7. 7Гипократтың өмір сүрген жылдары. (460–377)
  8. 8Асқорыту физиологиясын зерттеген ғалым. (И. П. Павлов)
  9. 9Мәйіттерге алғаш бақылау жүргізген ғалым. (А. Везалий)
  10. 10«Қайырымды қала» идеясы кіммен байланысты? (Әл-Фараби)

VI. Сабақты қорыту (талқылау сұрақтары)

  1. Гипократтың анатомия мен физиологияның дамуына қосқан үлесін сипаттаңдар.
  2. К. Галеннің еңбектері неліктен 13 ғасыр бойы құндылығын жоғалтпай оқытылды?
  3. И. М. Сеченов зерттеген саланы атаңдар және еңбектеріне мысал келтіріңдер.

VII. Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты оқу.