Сабағымыздың мақсаты төрт түлік малдар туралы толық мағлұмат алып, пысықтау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

«Төрт түліктің кеңесі»

Түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО технологиясы

Көрнекіліктер

Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттері, мақал-мәтелдер, топтастыру, тыйым сөздер

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу және меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.

Дамытушылық

Халықтық педагогика элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойын ашық айтуына, пікірін қорғауына, шығармашылық ізденісін және танымдық қабілетін арттыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Төрт түлікті қадірлеуге, қастерлеуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушы төрт түліктің ерекшеліктерімен танысады.

  • «Сөзуар» сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» (2 минут).

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Бүгінгі сабақ ерекше форматта өтеді: топпен жұмыс жасаймыз, белсенді қатысамыз.

Мақсатымыз — төрт түлік туралы толық мағлұмат алып, білімімізді пысықтау.

Топқа бөлу

Үстел үстіндегі сандарды таңдау арқылы топқа бөлінеміз. Топ атаулары төрт түлікке байланысты қойылады:

  • I топ: Сиыр
  • II топ: Түйе
  • III топ: Қой
  • IV топ: Жылқы

Есік қағылып, хат келеді. Пошташы ағай хат тастапты. Хатты жануарлардың пірлері жіберген екен: топпен орындалатын тапсырмалар беріліпті.

1-тапсырма (2 минут): Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ: Үйге қандай тапсырма берілді?

Жауап: «Түйе» өлеңін жаттау.

Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады. Бағалаушы: Мөлдір.

Жаңа сабақ (1 минут): Сөзжұмбақ

ТАЙТҮЙЕ ЛАҚ ІРІМШІК КИІЗ

Жауабы: «Түлік»

Сұрақтар

  1. Жылқы төлінің атауларының бірі.
  2. Жыл атауынан құр қалған жануар.
  3. Ешкі төлі.
  4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам.
  5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

Бүгінгі тақырыбымыз — «Төрт түліктің кеңесі». Енді сабақтың мазмұнын оқулық арқылы ашамыз.

Оқулықпен жұмыс (2 минут)

  • Мұғалімнің оқуы.
  • Іштей оқу.
  • Хормен оқу (әр топ өз бөлігін оқиды).
  • Мұғалімнің түсіндірмесі.

Мұғалімнің түсіндірмесі (1 минут)

Сиырдың кеңесі

«Шөбі қалың жерге барсам, тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем» дейді. Яғни сиыр сүтімен асырайды.

«Біту» — қандай адамның қолына барғысы келетінін білдіретін сөз.

Қойдың кеңесі

«Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау-тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам» дейді.

Жылқының кеңесі

«Шөбі шүйгін кең далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам» дейді.

Түйенің кеңесі

«Мен шөлді жерлерде де жүре аламын» дейді. Мұндағы «сор» — шөлді, сортаң жер ұғымын білдіреді: жауыннан кейін кепкен топырақтың беті ақ тартса, оны «сор» деп атайды.

Түйе ауқатты, бай адамның қолына барғысы келетінін айтады.

2-тапсырма (1 минут): Жұппен жұмыс

Топтан екі оқушы бір-біріне мәтін мазмұнын айтып береді.

Уақыт тәртібі: 1 минут (әр балаға 30 секунд).

Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа мазмұнын айтып береді.

Бағалаушы: Ләйлә.

Сергіту сәті

Жануарлардың дыбыстарын салып көрейік. Малдарды қалай шақырамыз? Әр топ өз жауабын айтады.

Әр топқа шар беріледі: 1 минут ішінде өз жануарының суретін салады. Ұпайды мұғалім береді.

Дәптермен жұмыс (2 минут)

  • Бүгінгі күнді жазу.
  • Тақырыпты жазу.
  • Тақтадағы сөздерді дәптерге түсіру.

Сөздік жұмысы (1 минут)

Біту

Қандай адамның қолына барғысы келетінін білдіреді.

Қоры үзілген қу

Азығы таусылған кедей.

«Зор»

«Сен білесің бе?» айдары арқылы жаңа дерекке назар аударту үшін қолданылады.

Слайдпен жұмыс (1 минут)

Малды ұстап байлайтын жабдықтар

  • Түйе: бұйда
  • Жылқы: ноқта
  • Сиыр: бас жіп
  • Өгіз: мұрындық
  • Қой-ешкі: көген

Мал топтары қалай аталады?

  • Түйе тобы: келе
  • Жылқы тобы: үйір
  • Сиыр тобы: табын
  • Қой-ешкі тобы: отар

3-тапсырма (10 минут): Шығармашылық жұмыс

Әр топ өз жануарын таныстырып, қорғау жұмысын жүргізеді.

Оқушылар жаттаған өлең, тақпақ, жұмбақ және ізденіс материалдарын ортаға салады. Барлық оқушы белсенді қатысады.

Бағалаушы: Диана.

Қорытынды

Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Ойымызды кластер құру арқылы қорытындылаймыз.

Кластер сызу: 1 минут.

Бағалау

Сабақ топпен өткендіктен, барлық оқушы бірдей бағаланады.

  • Ең көп ұпай жинаған топ: 5
  • Қалған топтар: 4

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Хрестоматиядан төрт түлік туралы өлеңдерді оқу.