Жеңіс тобы
Сабақ туралы мәлімет
- Аймақ, қала
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы
- Ұйым
- Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы
- Педагог
- Танрибергенова Жанат Рахимбаевна
- Сабақтың тақырыбы
- «Ойна да, ойлан!»
Сабақтың типі
Пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі
Жарыс сабағы.
Мақсаттары
Білімділік
Бүлдіршіндердің білімін ойын арқылы анықтау, қарапайым математиканы үйретуде тапқырлыққа баулу, танымдық белсенділікті қалыптастыру.
Тәрбиелік
Жарыс барысында ынтымақта және бірлікте жұмыс істеуге, бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ерік-жігерді дамыту.
Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілікпен жұмыс
- Ойын тапсырмалары
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Сандар тізбегі
- Дидактикалық ойындар
- Суреттер
Нәтижелік болжам
Қарапайым математиканы меңгертуде бүлдіршіндердің ақыл-ой өрісін кеңейту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, байқаған боларсыңдар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ата-бабамыз «Сөз басы — сәлем» деген. Сәлемдесу — әдептіліктің белгісі.
Педагогтың сәлемдесуі
Ақ көңілді қонақтар, армысыздар,
Сағындырып жауатын қармысыздар.
Аққу құстың шоғыры секілденіп,
Бәріңіз есен-сау бармысыздар.
Балалардың сәлемдесуі
Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан,
Сәлем бердік Жер-Ана,
Сәлем бердік баршаңа.
Сабақ жарыс түрінде өтетіндіктен, балалар екі топқа бөлінеді:
- «Жеңіс» тобы
- «Тапқырлар» тобы
Әр дұрыс жауап үшін топтарға жұлдызша беріліп отырады. Сабақ соңында жиналған жұлдызшалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2) Тапсырмалар жүйесі
1-тапсырма
Ойлан, тап!«Жеңіс» тобы
- 6 санынан үлкен санды ата.
- 9 санында неше бірлік бар?
- 13 санының көршілерін тап.
- Геометриялық пішіндерді ата.
«Тапқырлар» тобы
- 9 санынан кіші санды ата.
- 10 санында неше бірлік бар?
- 12 санының көршілерін тап.
- Қандай пішіндердің бұрышы болады, ал қандай пішіндердің бұрышы болмайды?
2-тапсырма
Жеміс-жидектерді үлестіруге көмектесТапсырма ауызша орындалады. Жеміс-жидекті көбірек жинаған топ жеңімпаз атанады.
3-тапсырма
Сандар құрамын анықтаСандардың құрамын (қосылғыштарға жіктеу) анықтау арқылы білімді бекіту.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейін мен белсенділікті арттыру.
4-тапсырма
Тез есептеТізбек арқылы берілген есептердің шешімін жылдам табу.
5-тапсырма
Логикалық есептерПедагог есептерді оқиды. Кім жылдам әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі.
- 1) Үстел үстінде бес жұмыртқа бар. Бір жұмыртқаны ортасынан бөліп, қайта қойдық. Үстел үстінде неше жұмыртқа болды?
- 2) Оң қолымда 1 кг алмұрт, сол қолымда 1 кг шекілдеуік бар. Қайсысы жеңіл?
- 3) Әжей немерелеріне 2 бас киім, 2 бөкебай, 4 қолғап сатып алды. Әжейдің неше немересі бар?
- 4) Ағаштың басында 4 торғай отыр еді, 3 торғай ұшып келді. Мысық оларды көріп, ағашқа өрмелей бастады. Дуалда неше торғай қалды?
3) Қорытындылау
«Ойна да, ойлан!» сайысында мәреге жеткен топты анықтау үшін жиналған жұлдызшалар саналады. Жеңіске жеткен топ мадақталады, ал екі топқа да сыйлықтар табысталады.