Отан туралы өлеңдер оқимыз
І. Ұйымдастыру
Қазақстан — туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты.
Әнұран
Әнұран орындалады.
Мұғалімнің құттықтауы
Құрметті аналар мен әкелер, оқушылар! Бүгін — Білім күні. Баршаңызға мереке құтты болсын! Барлық мектептердің есігі айқара ашылып, жаз бойы демалған оқушылар қайтадан білім ордасына оралды. Енді білім үйренудің жаңа жолы басталады.
Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 24 жыл толады. Бүгінгі тәрбие сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан — менің Отаным».
30 тамыз — Ата Заң күні
Сұрақ-жауап
- 30 тамыз күні қандай мереке?
- 30 тамыз — 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы, яғни Ата Заңымыз қабылданған күн. Конституция 98 баптан тұрады және әр азаматтың құқығын қорғайды.
Ата Заң туралы өлең жолдары
Ата Заңым — бабалардың лебізі.
Ата Заңым — барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Ата Заңым — мемлекет айбыны,
Ата Заңым — асыл ойдың айдыны.
Туған жердің — Қазақстан елінің
Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Отан туралы түсінік
Мұғалім сұрағы
Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
Оқушылар жауабы
Отан отбасынан басталады. Отан — өз үйім, ата-анам, достарым, бауырларым, тау-тас, өзен-көл, туған жерім. Мұның бәрі — менің Отаным.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны — Қазақстан Республикасы.
Отан туралы өлеңдер
Туған жер — алтын таң,
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Тәуелсіз Қазақстан: мақтаныш пен жауапкершілік
Бүгінгі Қазақстан — қашан да мақтанышымыз. Соңғы жылдарда мемлекетіміз көркейіп, гүлденіп, өзге елдермен терезесі тең болып, болашаққа жол ашты.
Тарихи дерек
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. Бұл күнге жету үшін халқымыз талай қиындықты бастан өткерді.
- Мемлекеттік рәміздер қабылданды: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Өлең жолдары
Қазақстан Республикасының болашағы —
Елім, жерім, ата-бабам күрескен,
Кіндік қаным тамған туған жерім.
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн,
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің.
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын,
Қазақстан Республикам — елім менің!
Егеменді, ерікті ел екенбіз,
Жылдан-жылға дамыған берекеміз.
Бостандықтың таңы атқалы талай жыл,
Халайық, құтты болсын мерекеміз!
Білім — ел болашағы
Елбасы туралы ой
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміздің келешегі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды қолдаудың маңызын атап өтті. Елімізде бірде-бір бала оқудан тыс қалмауы — басты назардағы мәселе.
Қазақстан Республикасында барлық балалар 1 қыркүйектен бастап мектепке келіп, тегін білім алады. Бұл — мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.
Қазақстан және Астана туралы сұрақ-жауап
Негізгі сұрақтар
-
Біздің республикамыз қалай аталады?Қазақстан Республикасы.
-
Қазақ жері қандай?Өте бай әрі кең.
-
Отанымыздың астанасы қай қала?Астана қаласы.
Астаналар тарихы
Бұған дейін еліміздің астанасы болған қалалар: Орынбор, Қызылорда, Алматы. Астана — елдің дамуын айқындайтын еңселі шаһар ретінде күн сайын жаңарып, көркейіп келеді.
- Қысқа уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар бой көтерді.
- Гүлзарлар, фонтандар және әсем ескерткіштер қаланың келбетін көріктендірді.
Қорытынды
Балалар, «Қазақстан — менің Отаным» тақырыбының мәнін терең түсіндіңдер деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.
Ерінбей, жалықпай білім алыңдар — ел болашағы сендердің қолдарыңда.