Сабаққа оқушылардың өзі білетін білімдері арқылы кіру

Сабақтың жалпы мақсаты

Прозалық шығарманы талдау арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы түсінікті тереңдету, оқушының сезімі мен өмірлік тәжірибесін мәтін мазмұнымен ұштастыру. Оқушыларды ойын нақты әрі дәл жеткізуге дағдыландырып, өз пікірін ашық айту мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері

  1. 1 Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
  2. 2 Оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін белсендіру арқылы жаңа тақырыпқа кіріктіру.
  3. 3 Ой қорытынды жасауға және өзіндік тұжырым айтуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Еркін ойлау, дүниетанымды кеңейту және рухани өсуді қолдау.
  • Шығармашылық дамуға мүмкіндік беру.
  • Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыруға жол ашу.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Сыни ойлау

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту және өзгенің көзқарасын сыйлауға дағдыландыру.

Бағалау мәдениеті

Әртүрлі жауапқа бірдей қарау, үздік ойды мадақтау (стикер арқылы) және өзара бағалауды қалыптастыру.

Белсенділік

Тақырыпты талқылауға белсенді қатысуға бағыттау.

Сабақта қолданылатын модульдер

Жаңа тәсілдер

Топтық жұмыс, диалог, баяндау арқылы оқыту.

Сыни тұрғыдан ойлау

Ой қозғау, қызығушылықты оятатын сұрақтар.

Формативті бағалау

Мадақтау, қолпаштау, өзара бағалау.

АКТ

Слайдтар, интернеттен алынған ақпаратты тиімді пайдалану.

Дарынды және талантты оқушылар

Шығармашылық тапсырма, ой толғау арқылы қабілетті дамыту.

Көшбасшылық

Оқыту үдерісіне өзгеріс енгізу, жауапкершілік пен бастамашылдықты қолдау.

Сабақ барысы

1) Үй тапсырмасын тексеру және көңіл күйді анықтау

Уақыты

3 мин + 3 мин + 2 мин

Мұғалім әрекеті

Гүлдер арқылы оқушыларды топқа бөледі. Сыныппен бірге «Өте жақсы!», «Керемет!», «Тамаша!» сөздерін айтып, жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқушы әрекеті

Топқа бөлінеді, көңіл күйін білдіреді, туған жерге сүйіспеншілігі туралы ойымен бөліседі. Әр топ жауап берген сұрақ санын белгілеіп отырады.

2) Шығармашылық тапсырма: «Жылдар сөйлейді»

1942 1965 1977–1979 1985 1987 2002

Уақыты

3 мин

Өту форматы

Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, өз білетін мәліметтерін жазады. Қалғандары толықтырады.

3) Жаңа тақырып: интерактивті слайдтар арқылы талдау

Тақырып Блум таксономиясы бойынша ашылады. Оқушылар мәтінді түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде жұмыс істейді.

Уақыты

17 мин

Білу

  • Авторды «Қонақтар» әңгімесін жазуға жетелеген себептер.
  • Әңгіменің «Қонақтар» деп аталуы нені меңзейді?

Түсіну

Жазушы Ерекеңді қалай сипаттайды? Кейіпкер болмысы қандай детальдар арқылы ашылады?

Қолдану

Диалогтік әдіс арқылы өмірмен байланыстыру: оқушылар сахнада рөлге еніп, көрініс ұсынады.

I топ

Әңгіме арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?

II топ

Мазмұнды ашуда жанрлық маңызы қандай?

III топ

Ұнаған бөлік бойынша шағын қойылым әзірлеу.

Талдау

Автордың «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» деген тіркесі арқылы айтқысы келген ой қандай?

Жинақтау

«Ортада қаламсап» стратегиясы: «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгіменің түйінді ойын жинақтап, ой толғау жазу.

I топ

Үлкенге құрмет — кішіге ізет.

II топ

Ата — балаға сыншы.

III топ

Атаңа не қылсаң — алдыңа сол келер.

Бағалау

Композициялық ерекшелікті талдауда жоспарды толық орындаған оқушылар бағалау критерийлері бойынша ұпай санына сәйкес бағаланады.

Рефлексиялық сұрақ

Әңгімедегі қай кейіпкермен кездескіңіз келеді? Неліктен?

Рефлексиялық сұрақ

Осы әңгімені оқи отырып, өзіңізге қандай тәрбие алдыңыз?

Оқушылар жауаптары тыңдалып, әр топ өз нәтижесін белгілеп отырады.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды жаңарту.

2 мин

5) Топтық жұмыс: «Брейн-ринг»

Әңгімені қорытындылауға бағытталған сұрақтар арқылы топтық талқылау және қорытынды жасау.

10 мин

Орындау

Тапсырмалар үлкен ақ қағазға түсіріледі.

Қорғау

Әр топ өз жұмысын таныстырып, дәлелдейді.

Қатысу

Топ мүшелерінің барлығы белсенді қатысып, үлес қосады.

Тапсырма көздері

  • Оқулықпен жұмыс.
  • Өзгерістерді бағалау және талдау.
  • Әріптестермен ақылдасу, тәжірибе алмасу.