ҮІІ тур
ШҚО, Аягөз ауданы • «Горный ЖББОМ» КММ
Математика–информатика пәні мұғалімі: Жагипарова Арай Бакытовна
Мақсаты
Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.
Жоспар
- 1 Ұйымдастыру кезеңі: топтардың таныстыруы, ұраны, төсбелгісі.
- 2 I тур: Сергіту сәті.
- 3 II тур: «Ал, қане, тауып көр!»
- 4 III тур: Тест.
- 5 IV тур: Жұмбақтар шешу.
- 6 V тур: Терезе элементтері.
- 7 VI тур: Шатасқан әріптер.
- 8 VII тур: Капитандар сайысы.
- 9 VIII тур: Үй тапсырмасы.
Барысы
Сабақ ойын-сайыс формасында ұйымдастырылады. Әр турда топтық жұмыс, жылдамдық пен логикалық ойлау, информатика терминдерін дұрыс қолдану дағдылары бағаланады.
I тур — Сергіту сәті
1 минут ішінде информатикаға байланысты мүмкіндігінше көп сөз жазу.
II тур — «Ал, қане, тауып көр!»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Төменде үлгі тапсырмалар берілген.
1) Диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 МБ болатын ақпарат тасушы.
- A)Фотопленка
- B)Дискета
- C)Қағаз
- D)Қатқыл диск
2) Компьютер тілінде адамды қалай атаймыз?
- A)Қолданушы
- B)Клиент
- C)Ем қабылдаушы
- D)Тапсырыс беруші
3) Мына шамалардың қайсысы информатикамен байланысты?
- A)Киловатт
- B)Килобайт
- C)Килобар
- D)Киловольт
4) Объектілер қоймасы:
- A)Қапшық
- B)Телефон
- C)Файл
- D)Радиобайланыс
5) Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ:
- A)Қапшық
- B)Терезе
- C)Себет
- D)Қойма
6) Өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыр:
- A) Байт B) Бит C) МБайт D) КБайт
- Дұрыс реті: B → A → D → C
7) Логарифм сызғышын кім ойлап тапты?
- A)Б. Паскаль
- B)Лейбниц
- C)Робертсон
- D)Холлерит
8) Гректер есептеу құралын қалай атады?
- A)Абак
- B)Серобян
- C)Суан-пан
- D)Калькулятор
9) Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады?
- A)Паскаль
- B)Чебышев, Однер
- C)Бэббидж
- D)Холлерит
10) Енгізу құрылғысы:
- A)Тышқан
- B)Монитор
- C)Жүйелік қорап
- D)Принтер
11) Шығару құрылғысы:
- A)Джойстик
- B)Сканер
- C)Принтер
- D)Қағаз
12) Компьютердің ең басты бөлігі:
- A)Тышқан
- B)Монитор
- C)Жүйелік қорап
- D)Сканер
13) Мына бағдарламалардың қайсысы мәтінмен жұмыс істейді?
- A)PowerPoint
- B)Word
- C)Excel
- D)Access
14) Компьютерді қандай «бактериялар» бүлдіруі мүмкін?
- A)Бацилл
- B)Микроб
- C)Вирус
- D)Паразит
15) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас:
- A)Әңгіме
- B)Пернетақта
- C)Интерфейс
- D)Жүйе
III тур — Тест
Әр топқа екі тапсырмадан беріледі.
1) Аталған байттар тізбегі:
- A)Қапшық
- B)Объект
- C)Файл
2) Компьютердің «ақыл-ойы»:
- A)Монитор
- B)Пернетақта
- C)Процессор
3) Қағаздағы көріністі экранға түсіретін сыртқы құрылғы:
- A)Интерфейс
- B)Принтер
- C)Сканер
4) Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі:
- A)Байт
- B)Бит
- C)МБайт
5) Өшірілген файлдар қай қапшықта сақталады?
- A)Менің құжаттарым
- B)Менің компьютерім
- C)Себет
6) Вирусқа қарсы бағдарлама:
- A)Антишпион
- B)Антивирус
- C)Антигрипп
IV тур — Жұмбақтар шешу
1) Екі батырмалы, бір бұрандалы. Жалғыз өзі-ақ сансыз іс тындырады.
Жауабы: Тышқан
2) Ақпаратты сақтап, таратады, жұртты өзіне қаратады.
Жауабы: Компьютер
3) Монитор жанында бір қорап, тұр өн бойын тоқ орап. Ең негізгі микросхема аталған ол...
Жауабы: Жүйелік қорап
4) Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қағаз-қаламсыз.
Жауабы: Пернетақта
5) Төртбұрышты жұқа қорап, магнитпен қапталған. Сыйымдылығы 1,44 МБайт — сақтайды ол ақпарат.
Жауабы: Дискета
6) Бар құрылғы, әркім білмес, ғаламтормен байланыстырар. Телефонға жалғанып ап, ақпаратпен алмастырар.
Жауабы: Модем
7) Компьютердің құрамдас бөлігі, қағазға басып береді.
Жауабы: Принтер
8) Тұтқасына батырмасы орнатылған, жан-жағына емін-еркін қозғалатын. Экрандағы нысандарды басқаратын ойын құрылғысы.
Жауабы: Джойстик
9) Компьютердің қосымша бөліктері — ай мен күндей егіздер. Сыбырлап та, айқайлап, көңіл-күйді көтерер.
Жауабы: Колонкалар
V тур — Терезе элементтері
6-тапсырма слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар терезенің негізгі элементтерін (тақырып жолағы, мәзір, құралдар панелі, айналдыру жолағы және т.б.) атап, қызметін түсіндіреді.
VI тур — Шатасқан әріптер
Информатикаға байланысты сөздерді құрастырыңыз:
ТРАПҚАА
АҚПАРАТ
ПЮТЬМОКЕР
КОМПЬЮТЕР
РИНПЕРТ
ПРИНТЕР
ОТИРМОН
МОНИТОР
АКЕСРН
СКАНЕР
ТАБАҢАШ
ТАҢБАША
VII тур — Капитандар сайысы
ASCII кодымен кодталған сөзді кері декодтау қажет:
Код 1
84А8Е1ААА5Е2
Код 2
4344А4А8Е1АА
Код 3
94АВА5Е8ААА0
VIII тур — Үй тапсырмасы
Paint бағдарламасында «Менің досым – компьютер!» тақырыбы бойынша салған суреттерін оқушылар таныстырады.
Қорытынды бөлім
- Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
- Марапаттау рәсімі өткізіледі.
Ескерту: Мәтін редакциялық өңдеуден өтті (грамматикасы түзетіліп, стильдік жағынан ықшамдалды).