Абайдың поэмалары

Абай мұрасы – халық ұлағаты

Бұл тағылымды кештің өзегі – Абай әлеміне тереңірек үңіліп, жас ұрпақтың жүрегіне ақын мұрасының мәнін сіңіру, сөз өнерінің құдіретін таныту, сондай-ақ ұлы ойшылдың нақылдары мен философиялық толғамдарын кеңінен насихаттау.

Мақсат 1

Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең орнықтырып, ақын әлемінің тылсым сырларына жетелеу.

Мақсат 2

«Сөз патшасы» – өлең құдіретінің асыл маржандарын бойға сіңіртіп, ой-қиялды поэзия әлеміне енгізу.

Мақсат 3

Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын жүйелі түрде дәріптеу.

Кештің ашылуы

1-оқушының сөзі

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым, білім нәріне құмар студенттер!

2-оқушының сөзі

Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана әрі дара тұлға Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!

Эпиграф

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.»

Абай мұрасының мәңгілігі

Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай туған халқымен мәңгі бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Бүгінгі күнмен сабақтастық

Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді.

Слайд

Абайдың балалық және жастық шағы. Абайдың аналары (көрініс).

Ақындық биік және ғылым-білім идеясы

Классик ақын ретіндегі орны

Ақын шығармалары оның қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны бар классик екенін айқын дәлелдейді. Мұхтар Әуезовтің Абайды «қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі» деуі де тегін емес.

Ақындық жолға бет бұру

1880-жылдардың орта тұсынан бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кезеңдегі өлеңдері – толысқан ой-сана жемісі.

Слайд

  • «Дүние де өзі, мал да өзі»
  • «Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
  • Ғылым-білім туралы көзқарасы
  • «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
  • «Интернатта оқып жүр»
  • «Ғылым таппай мақтанба»

Абай Құнанбайұлының сөзіне жазылған ән: «Есіңде бар ма, жас күнім».

Әлеуметтік ой, азаматтық үн және адамгершілік тағылымы

Халық қайраткері ретіндегі Абай

Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік-азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.

Слайд

  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
  • Халық, замана, адам
  • «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
  • «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ»
  • «Өлсем, орным қара жер»
  • «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

Жастарға өсиет

Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да мол. Ол халық тәжірибесінен туған шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үндейді.

Слайд

«Кемді күн қырық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз»

Махаббат, достық лирикасы

  • «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
  • «Есіңде бар ма, жас күнің»
  • «Ұяламын дегені көңіл үшін»

Музыкалық нөмір: «Көзімнің қарасы».

Сөз өнері, ақын мұраты және сазгерлік әлемі

Әдеби тіл мен поэзия биігі

Абай өз поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамыту мен қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді. Көркем сөздің асылы – поэзия екенін жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындық мұратқа жаңаша көзқарас білдірді.

Слайд

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»

Ақындық, ән, өнер адамы

  • «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ел»
  • «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
  • «Өлең – сөздің патшасы»

Абай – сазгер

Абай – сазгер. Оның көп өлеңі өз әуенімен тараған: 30-дан астам әні, 3 күйі бар. Бүгінде олар нотаға түсіп, классикалық туындылар ретінде орындалып жүр.

Слайд

  • «Құлақтан кіріп, бойды алар»
  • «Әнді сүйсең, менше сүй»

Музыкалық нөмір: «Желсіз түнде жарық ай».

Табиғат лирикасы және әлемдік өріс

Табиғатпен тілдескен поэзия

Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған өнегесінің жарқын көрінісі. Ақын табиғатты адаммен, қоғаммен, ортамен тұтастыра суреттеп, табиғат құбылыстары арқылы терең ой айтады.

Слайд

  • «Жаз» (1886)
  • «Қыс» (1888)
  • «Күз»

Дүниетаным кеңістігі

Абай – данышпан, Абай – кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Еуропаның бірқатар ақындары мен ғалымдарының, сондай-ақ ежелгі дәуір даналарының еңбектерімен танысып, осы арқылы әдеби білімін де, дүниетанымын да кеңейтті.

Аударма мектебі, поэмалар және қара сөздер

Шебер аударма дәстүрі

Абай көркем аудармада да шеберлік үлгісін көрсетті: 70–80 шамасындағы аудармасы өзге тілдерден дәл әрі көркем тәржімаланған.

Слайд: Ұлылар үндестігі

  • А. С. Пушкин және Абай — «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі Онегин мен Татьяна хаттары.
  • М. Ю. Лермонтов пен Абай
  • Крылов және Абай

Көрініс: «Татьянаның хаты».

Көрініс: «Құмырсқа мен Шегіртке» (аударма).

Поэмалары

Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Бұл туындылар қазақ өмірінің күнделікті шындығын тікелей суреттеуге емес, шығыстық оқиғалар желісінде ұстаздық-тәрбиелік ойды алға шығаруға құрылған.

Слайд

«Масғұт» — достықты қадірлеуді дәріптейді, ер мен әйел теңдігін қолдайды.

Көрініс: «Ескендір».

Қара сөздер – ұлттық ой қазынасы

Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған дара үлгі – Абайдың қара сөздері. Олар көркем шығарма пішінінен гөрі, ақынның өмір сабағынан туған ойларын, даналық пен философиялық түйіндерін жинақтаған публицистикалық сипаттағы өсиет, ғибрат сөздер. Қара сөздердің жалпы саны – 46 (46-сөзі аяқталмаған).

Көрініс

Абайдың 17-қара сөзі.

Баға, тағзым және қорытынды

Абайға берілген тарихи баға

Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған Ахмет Байтұрсынұлы: «Абай – қазақтың бас ақыны. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп жазды.

Арнау

Парасатты болып туған, Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған, Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған, қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған, бүкіл әлем Абайы!

Қоштасу сөзі

Құрметті әдебиетсүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш мәресіне жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!