Бұрғылау білдектеріМақсаты

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ тақырыбы

Бұрғылау білдектері

Сабақ түрі

Дәстүрлі емес

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақ әдістері

Сұрақ-жауап, ой қозғау, диалогтық жұмыс

Мақсаты

  • 2М112 бірайналдырықты вертикальды үстелдік бұрғылау білдегінің құрылысы және жұмыс істеу принципімен таныстыру.
  • Қол бұрғылары: коловорот, бұрамалы дрель, электр дрелі — олардың құрылысы мен қолдану тәсілдерін түсіндіру.

Құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта Қол бұрғы Коловорот Электр дрелі Плакат Маркер

I. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Түрлі түсті қима қағаздар тарату арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Өткен сабақты қайталау

Сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіреміз.

  1. 1 Бұрғылау дегеніміз не?
  2. 2 Пішіні бойынша цилиндрлік тесік нешеге бөлінеді?
  3. 3 Тесіктер нешеге бөлінеді?
  4. 4 Бұрғылауда салыстырмалы түрде кең таралған құралды ата.
  5. 5 Шиыршықты бұрғының бөліктері мен элементтерін түсіндір (18-сурет).
  6. 6 Бұрғы қандай материалдан жасалады?

Бекіту: «Ыстық орындық» әдісі.

II. Жаңа тақырып

Көрнекілік

Интерактивті тақтадан 2М112 бірайналдырықты вертикальды үстелдік бұрғылау білдегін көрсету (19-сурет).

Сұрақ: «Суреттен нені көріп тұрмыз?» — бұрғылау білдегін.

Бағыттаушы сұрақтар

  1. 1 Бұл үстелдік бұрғылау білдегін неліктен бірайналдырықты деп атайды?
  2. 2 Неліктен вертикальды деп атайды?
  3. 3 Бұрғылау білдегін қандай мақсатта пайдаланады?
  4. 4 Бұрғылау қандай тәсілдермен атқарылады?

III. Негізгі бөлім

I тапсырма: «Құпия сандар»

Әр топ бір санды таңдап, берілген сурет бойынша түсіндіреді және қорғайды.

  • 1 саны — 19-сурет
  • 2 саны — 20-сурет
  • 3 саны — 21-сурет

Ескерту: топ ішінде уақыт сақшысын белгілеу.

II тапсырма: Құрылымы және жұмыс принципі

Бұрғылау құрылғыларының құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру.

  1. 1 Коловорот
  2. 2 Электр дрелі
  3. 3 Қол дрелі

III тапсырма: «Шрифтограмма»

Берілген буындар мен әріптерді біріктіріп, сабаққа қатысты сөздерді құрастыру.

Жиынтық 1

  • 1. ОТР + ово + лок
  • 2. Жек + еніс
  • 3. ықр + ыд + алн + йа
  • 4. Елб + ікд

Жиынтық 2

  • 1. Ель + др + олқ
  • 2. Екл + діб
  • 3. Ретк + лэ + шқыт + лағ + қоз
  • 4. Ұғ + ырт

Жиынтық 3

  • 1. терк + лэ + редль
  • 2. ры + ғұб
  • 3. ішгет + етр
  • 4. иф + кш

IV. Қорытынды

Ой қорыту және рефлексия

  • Не білдім? Не үйрендім?
  • Түсінбей қалған тұстарым қандай?
  • Мен үшін ең маңыздысы не болды?

V. Бағалау

Формативті бағалау: оқушылар өз-өзін бағалау арқылы нәтижесін қорытындылайды.

VI. Үй тапсырмасы

Ізденіс жұмысы: бұрғылау білдектерінің заманауи жетілдірілген түрлерін анықтап келу.