Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам
Сабақ тақырыбы
Қазақстанның XIV–XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Сабақтың түрі
Семинар, саяхат-сабақ, сөзжұмбақ, «Көш» ойыны.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, география, бейнелеу өнері.
Әдістер
Сұрақ-жауап, ауызша әңгіме, көрініс, көрнекілік.
Көрнекіліктер
- Кесенелердің суреттері
- Сөзжұмбақтар
- Кітаптар
- Қазақстан мәдениеті туралы бейнефильмнен үзінді
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
- Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі білім мен ғылым дамуына үлес қосқан ғұламаларды таныстыру.
- XIV–XV ғасырлар сәулет өнерінің озық үлгілері — ескерткіштер мен қолданбалы өнер туындыларын түсіндіру.
- Қазақстандағы мәдени орындар туралы білімді кеңейту.
- Кесенелердің құрылыс материалдарының жоғары сапасы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
- Кесенелер мен ғимараттарды ою-өрнек ерекшелігі арқылы салыстыруға үйрету.
- Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін арттыру.
- Ойын еркін айтып, жүйелі жеткізу дағдысын дамыту.
- Рухани дүниетанымды тереңдету.
Тәрбиелік
- Тарихи ескерткіштерді қорғауға, өнер мұрасын бағалауға тәрбиелеу.
- Ұлттық мәдениетті дамытуға үлес қосуға ынталандыру.
- Отан байлығын қастерлеуге, тарихты құрметтеуге баулу.
- Патриоттық сезімді және имандылық құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын түгендеу, қатыспаған оқушыларды белгілеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару, күннің аты мен тақырыпты тақтаға жазу.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Алғырлар», «Тапқырлар», «Болашақ».
II. Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма: пікірталас және сұрақтар
1-топ: «Алғырлар»
- Материалдық мәдениет дегеніміз не?
- Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
- Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?
2-топ: «Тапқырлар»
- Қандай аңыз-әңгімелер аспан денелері туралы баяндайды?
- Авторы белгілі ауызша поэзия өкілдері кімдер?
- Жазба әдебиет өкілдері кімдер?
3-топ: «Болашақ»
- Музыка қалай пайда болды?
- Діни наным-сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер? Ислам діні қай хандар тұсында кеңінен тарала бастады?
- Шаманизмнің қандай наным-сенімдері сақталған?
2-тапсырма: шығармашылық жұмыстарды қорғау (реферат)
- 1-топ: «Отырар» тақырыбындағы реферат.
- 2-топ: «Қожа Ахмет Йассауи сәулет ғимараты» тақырыбындағы реферат.
- 3-топ: «Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбындағы реферат.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Топтастыру стратегиясы: «Сәулет өнері»
«Сәулет өнері» дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
Қазақстанда сәулет өнері X–XII ғасырларда, Қарахан мемлекеті кезеңінде өркендей бастады. XIII ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен зиян келтірді.
XIV–XV ғасырлардың басынан бастап архитектуралық маңызы бар ірі құрылыстар салынып, бізге дейін тамаша ескерткіштер жетті. Олардың қатарында Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері бар.
Саяхат-сабақ
- Компьютер арқылы кесенелердің суреттерін көрсетіп, виртуалды саяхат ұйымдастыру.
- Оқушылар картадан ескерткіштердің орналасқан жерін көрсетеді.
- Ел аузындағы аңыздар бойынша Арыстан баб пен Қожа Ахмет Йассауи туралы қысқаша мәлімет беру.
«Неге “Көш” деп аталады?»
«Көш» ойыны Ұлы Жібек жолына байланысты сұрақтар арқылы өткізіледі: тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді, әр түйенің өркешінде сұрақ жазылады. Әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып, топпен ақылдаса отырып жауап береді.
«Көш» ойынының сұрақтары
- Сәулет өнері деген қандай өнер?
- Арыстан баб кесенесі неше рет қайта салынды, неге?
- Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесің? Кесенені кім салдырды, қандай мақсат көзделді? Аңызын білсең, айтып бер.
- Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі туралы не білесің?
- Археологиялық зерттеулер барысында қандай сәулет ескерткіштері анықталды?
- Моншалар қай қаладан табылған?
- Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Оның қандай ерекшелігі бар?
- Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
- Ғимарат сәнді болуы үшін шеберлер нелерге көңіл бөлді?
«Мені түсін» ойыны: 1-сөзжұмбақ
- Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам. (Темір)
- Отырарда ерекше көңіл бөлінген архитектуралық құрылыс. (Монша)
- Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапханасы қиратылған қала. (Отырар)
- Қожа Ахметтің рухани ұстазы. (Арыстан баб)
- «Кесене» сөзінің синонимі. (Күмбез)
«Мені түсін» ойыны: 2-сөзжұмбақ
- Қожа Ахмет Йассауи ғимаратындағы ең бағалы ескерткіш не?
- Біз мектепте және үйде нені қатаң сақтауымыз керек?
- Үлкендермен қалай сөйлесеміз?
- Қожа Ахмет Йассауидің нақыл-өлең, жыр сөздерін қалай атаймыз?
- Үлкендердің алдында біз қандай болуымыз керек?
- Жеті атаның біреуі?
Көрініс: «Бала Сұлтан ұстазына кезікті»
Көріністе кішкене Әзірет Сұлтанның ұстазы Арыстан бабтан пайғамбар аманаты — «Құрманы» алуы баяндалады.
Ұстаз: Бала Сұлтан қайда екен?.. Мен Арыстан бабпын.
Бала: Іздегенің мен болсам, алдыңдамын, бабашым.
Ұстаз: Мынау пайғамбарымыздың аманаты — «Құрма». Қабыл ал...
Бала: Ә... «Еті сәнгә, сүйегі мәңгі» болыпты ғой...
Ұстаз: Неге олай дейсің, балам? Мен оны сонша уақыт сақтадым ғой...
Бала: Жарайды, бабам. Сізге халық түнесін, маған келіп тілесін.
Ұстаз: Қош, ұлым...
Бала: Қош, баба.
Тарихи дерекпен жұмыс
1-топ
Орта ғасырлардағы ең дамыған қалалардың бірі, Арыстан баб кесенесі орналасқан, моңғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапханасы қиратылған қала қайсы?
Жауап: Отырар қаласы.
2-топ
1396–1404 жылдары Қожа Хасан Ширази басқарған шеберлермен Әмір Темірдің бұйрығымен салынған, орталық залын айнала 35 бөлмесі бар сәулет туындысы қайсы және қай жерде?
Жауап: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі (Түркістан).
3-топ
Орыс ориенталисі Я. И. Шмидт 1894 жылы жарияланған «Қырғыз даласының очерктері» кітабында Сары Кеңгір мен Қара Кеңгір бойындағы монументальды құрылысты сипаттайды. Бұл қай кесене?
Жауап: Алаша хан кесенесі.
«Болжам сұрақтар» ойыны
- Кесенелердің қазақ жерінде салыну себебі неде?
- Кесенелердің күмбезді болуы нені аңғартады?
- Ғимараттардағы ою-өрнек бояуларының ғасырлар бойы сақталу сыры неде деп ойлайсыңдар?
- Түркістан қаласының мұсылман қауымы үшін «екінші Мекке» атануы неге байланысты?
Тестпен жұмыс
Тест сұрақтары оқулық мазмұнына сай құрастырылып, 15 сұрақтан тұрады.
Жаңа сабақты бекіту
Оқушылардың алған білімін нақтылау үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
- Арыстан баб қай ғасырда өмір сүрді? Кесенесі қай жерде орналасқан?
- Арыстан баб кімнің ұстазы?
- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай ғасырда салынды? Йассауиді кім деп танимыз?
- Сол кезеңде қандай өнер түрлері дамыды?
- Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі қай жерде орналасқан?
Қорытынды
Ұлттық сәулет ескерткіштерінің құрылыс материалдарын жасауда халық арасынан шыққан ұста-құрылысшылардың еңбегі орасан. Олар құйған кірпіш ғасырлар бойы беріктігін сақтап, өрнек бояулары бүгінге дейін өңін жоғалтпай жетті.
Сәндік мақсатта қолданылған жылтырақ қыш қаптамалардың бояу құрамы әлі күнге дейін толық сырын ашпаған құпия саналады. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі құрылымдық күрделілігімен және айрықша сәнділігімен көз тартады. Оны техника күші жоқ заманда қалай тұрғызғанына таңданбау мүмкін емес.
«Ғимарат — құдайдың құлы, Қожа Хасан Ширазидің еңбегі» деген жазуды оқығанда, ерте дәуір шеберлерінің маңдай теріне еріксіз бас иесің.
«Мәдинеде — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет» деген сөздің де мәні осында.
Бағалау
Бағалау парағы бойынша әр топтағы оқушының жұмысы жеке бағаланады.