Сендер қай тілде сөйлеп тұрсыңдар
Тақырыбы: «Саяхатшы Бауырсақ» (The bun – explorer) — Greeting, Numbers (1–12), Colours, Shapes тақырыптарын қайталау.
Мақсаттары
1) Білімділік
Тақырыптарға байланысты өлеңдер мен тақпақтарды түсініп, мәнерлеп айтуға баулу. Жаңа технологиялар арқылы тапсырмалар орындату, өткен тақырыптарды қайталау барысында жаңа сөздер мен фразаларды меңгерту; ой-өрісін және дүниетанымын кеңейту.
2) Дамытушылық
Балалардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөйлеу қабілетін жетілдіру, психикалық үдерістерін (есте сақтау, ойлау, зейін қою) дамыту.
3) Тәрбиелік
Ағылшын тіліне қызығушылықты арттыру, өзіне сенімділікке тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді және этикалық дағдыларды қалыптастыру. Тапсырмаларды жұппен орындау арқылы еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекіліктер бойынша сұрақ-жауап
- Ойын арқылы үйрету
- Өлең-тақпақ айтқызу
- Ертегіні сахналау
- Мадақтау және қорытындылау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, ноутбук
- Сағат (clock)
- Түстер бейнеленген суреттер
- Пішіндер мен сандар плакаты
- Аңдардың костюмдері, шырша
Тосынсый сәті
Музыка әуенімен Бауырсақ келеді — сабақ ертегі-саяхат форматына ауысады.
Сөздік жұмыс
Greeting
Hello. What’s your name? My name is…
Colours
Red, yellow, green, blue, orange
Shapes
Square, circle, triangle
Time & Numbers
Clock. What time is it? It’s … o’clock. Numbers (1–12)
Story characters
A wolf, a rabbit, a fox, a bear
Сабақ барысы: ертегі-саяхат сценарийі
1) Танымды ояту: амандасу және көңіл күй
Мұғалімнің сөзі
- Hello, children! How are you?
- Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше: қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.
- Sit down, please!
Шаттық шеңбері (өлең)
Қуан-шаттан, алақай! Қуанатын келді күн! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Құрметті біздің қонақтар!
Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга! Пожелайте добра!
Good morning, good morning!
Good morning to you!
Good morning to the sun,
Good morning to you!
2) Ұйымдастыру-іздестіру: Бауырсақпен танысу
Оқиға желісі
Есікті біреу қағады. Музыкамен Бауырсақ кіреді. Ол балалардың қай тілде сөйлеп тұрғанын сұрайды және ағылшын тілін үйренгісі келетінін айтады. Балалар өздерін таныстырып, ән арқылы бекітеді.
Ән
Let’s sing: “What’s your name?”
Саяхатқа шақыру
Бауырсақ орманға саяхатқа баратынын айтады. Балалар қолдарын домалатқан қимылмен бірге жолға шығады.
3) Қоянмен кездесу: уақыт (1–12) тақырыбын бекіту
Қоян жолығады: «Мен сендерді жеймін!» дейді. Экранда сағат көрсетіледі. Қоян: «Уақыт тығыз, сағат неше болды?» деп сұрайды.
Сұрақ-жауап
What time is it? — It’s … o’clock.
Үлгі жауаптар (1–12)
- It’s one o’clock.1
- It’s two o’clock.2
- It’s three o’clock.3
- It’s four o’clock.4
- It’s five o’clock.5
- It’s six o’clock.6
- It’s seven o’clock.7
- It’s eight o’clock.8
- It’s nine o’clock.9
- It’s ten o’clock.10
- It’s eleven o’clock.11
- It’s twelve o’clock.12
Қоян балалардың жауабына риза болып, саяхатты жалғастыруға рұқсат береді.
4) Аюмен кездесу: мерекелік ән арқылы көңіл күй көтеру
Аю кездесіп, «Мен сендерді жеймін!» дейді. Ол қыста ұйықтап қалып, Жаңа жыл мерекесін өткізіп алғанын айтып мұңаяды. Тапсырмасы: мерекеден қысқаша көрініс көрсетіп, ән айту.
Ән
Let’s sing: “Jingle Bells”.
Аюдың көңіл күйі көтеріліп, балаларға алғыс айтады. Бауырсақ бұл жолы да аман қалады.
5) Қасқырмен кездесу: пішіндер (Shapes)
Қасқыр: «Мен сендерді жеймін!» дейді. Экранда пішіндер көрсетіледі. Балаларға пішіндер үлестіріліп, кезекпен жауап беріледі.
Тақпақ (Shapes)
Shapes, shapes are here, shapes are there, Shapes are, shapes are everywhere. This is a circle, this is a triangle, This is a square. Shapes are, shapes are everywhere.
Негізгі ұғымдар
- Circle — шеңбер
- Triangle — үшбұрыш
- Square — шаршы
Қасқыр балаларды мақтап, саяхатты жалғастыруға мүмкіндік береді.
6) Сергіту сәті
Бауырсақ шаршағанын айтады. Балалар онымен бірге қимыл-қозғалыс жаттығуын орындайды.
Қимыл-ән мәтіні
Clap your hands, clap your hands, Listen to the music, clap your hands. Stamp your feet, stamp your feet, Listen to the music, stamp your feet. Turn around, turn around, Listen to the music, turn around. Jump up high, jump up high, Listen to the music, jump up high.
7) Түлкімен кездесу: түстер (Colours) және ойын
Түлкі: «Бауырсақ, мен сені жеймін!» дейді. Экранда түстер көрсетіледі. Балалар ағылшын тілінде түстерді атайды: red, yellow, green, blue, orange.
Дидактикалық ойын: “What color is missing?”
Түлкі тақтадағы түстердің біреуін жасырады, ал балалар қай түс жоғалғанын тауып, ағылшын тілінде айтады.
Қорытынды: түлкінің айласы іске аспайды — білімді балаларды алдау мүмкін емес.
8) Рефлексия және қорытынды
Саяхат аяқталып, балалар өз тобына оралады. Жұптасып және топтасып әрекет ете отырып, бірнеше «қиындықтан» өтті. Балалар Бауырсақты кімдерден қорғап қалғанын еске түсіріп, аңдардың атауын ағылшын тілінде атайды: a rabbit, a bear, a wolf, a fox.
Бауырсақ балаларға алғыс айтып, ағылшын тілінде амандасу, танысу, түстер, пішіндер және сандарды үйренгенін айтады.
Қоштасу
«Сау бол!» ағылшын тілінде: Goodbye!
Қоштасу өлеңі
Goodbye, goodbye, see you again! Goodbye, goodbye, see you, my friends! Goodbye, goodbye, see you again! Goodbye, goodbye, see you, my guests!
Балалардың белсенділігі мадақталып, әр балаға жұлдызша таратылады. Жұлдызша «5» бағасына тең.
Thank you very much! Our lesson is over!
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Өлеңдер мен тақпақтарды жатқа айту, ағылшын тіліндегі тапсырмаларды топпен орындай алу.
Болуы керек
Зейінді, ұқыпты; есте сақтау және ойлау қабілеттері дамыған.
Істей білуі керек
Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын дұрыс әрі толық орындау.
Ақпарат
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: ШҚО, Аягөз қаласы, №6 бөбекжай-балабақшасы
Мұғалімі: Әлімжан Айдана Ерғазыевна