Балалар бізді қоршағанның бәрі табиғат
Тақырыбы
Табиғат Ана
Бұл сабақ табиғат құндылығының маңызын түсіндіруге, табиғат пен адамның үйлесімді қарым-қатынасына назар аударуға арналған. Балаларды табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялап, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуді көздейді.
Сабақтың басталуы: шаттық шеңбері
Балалар, бүгін жыл бойы алған білімімізді көрсететін сәт келді. Ендеше шаттық шеңберін құрайық.
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн, қайырлы күн, Біз көңілді баламыз, Біз сүйкімді данамыз.
Арман мен қиялға жол
Бір сәт қиялға ерік берейік. Қазір экраннан ерекше көрініс тамашалаймыз. Көргеніміз не туралы болды? Кім, қайда барғысы келеді? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ертегімен жұмыс: «Табиғат Ана»
«Табиғат Ана» ертегісі оқылып, мазмұны талқыланады.
- Табиғат Ананың ұлдары қандай игі істер жасады?
- Табиғаттың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?
Бізді қоршағанның бәрі — табиғат: жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір бұлақтар. Ал неге біз табиғатты «ана» деп атаймыз? Осы сұраққа ортақ жауап іздейміз.
Тапсырмалар
Тіл дамыту
Сөздерді буынға бөлу.
Логика
Математикалық пішіндердің түстерін ажырату.
Сөйлеу дағдысы
Сөйлем құрау.
Қонақ: Білгішбек
Бүгін бізге қонаққа Білгішбек келді. Ол балаларға табиғаттың адам өміріндегі орны туралы ой тастайды.
Білгішбектің сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, маған қараңдар. Достарыңмын — Білгішбек, Немен келдім, не айтпақпын — кім шешпек? Сендерге ненің керегін Бәрін де айтып беремін: Ауа керек күнімен, Өсуге күннің нұрымен, Күш жинау үшін құрыштай, Қанша су ішкен дұрыс — тай. Түсіну үшін барлығын Ізденіп өтсін әр күнің.
Тәжірибе: ауаның қажеттілігі
Балаларға сұрақ: ауа бізге не үшін қажет? Бұны тәжірибе арқылы сезіп көрейік: терең дем алып, ауыз бен мұрнымызды жауып, демімізді бірнеше секунд ұстаймыз.
Қорытынды: ауасыз адам өмір сүре алмайды.
Тренинг-ойын: «Табиғатпен сырласу»
Орындықта отырып-ақ табиғатқа саяхат жасаймыз. Көз алдарыңа туған жердің әсем көрінісін елестетіңдер: мөлдір су ағып жатыр, гүлдер жайқалып өсіп тұр.
Мөлдір бұлақ
Алдымыздан бұлақ кездеседі. Су ішеміз:
- Алға иілу
- Суды аламыз
- Ішеміз
- «Рахат-ай!»
Алма ағашы
Алма алып жейміз:
- Оң аяқ алға, сол аяқтың өкшесі көтеріледі
- Алманы алу
- Қырт етіп тістеу
- «Тәттісін-ай!»
Раушан гүлі
Гүлдің хош иісін сеземіз:
- Алға иілу
- Гүлді аламыз
- Иіскейміз
- Қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз
Мағынасы: бұлақ — денсаулық, алма — рухани байлық, гүл — бақыт сыйлайды.
Қоштасу және бекіту
Білгішбек балалардың белсенділігіне қуанып, табиғатты аялауға шақырып қоштасады: «Сендер өте ақылдысыңдар. Табиғатты қорғаңдар! Менің кітап оқитын уақытым таяп қалды. Сау болыңдар!»
«Артық затты тап»
Суретпен жұмыс арқылы ойлау мен зейін дамыту.
Ғажайып сөздер
Күн, Су, Ауа — табиғаттың бізге берген сыйы.
Қорытынды
Табиғат — өмірдің тірегі. Оны қорғау — әр адамның борышы. Табиғатты аялау арқылы біз өз денсаулығымызды, болашағымызды және туған жердің сұлулығын сақтаймыз.