Ауылым неткен байтақ
Сабақтың мақсаты
Білім беру
Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы, табиғаты, шаруашылығы және экономикасы туралы білімін кеңейтеді.
Дамыту
Ойлау қабілетін, өз пікірін жүйелі жеткізуін, байланыстырып сөйлеуін және мәнерлеп оқу дағдысын дамытады.
Тәрбиелеу
Шығармашыл, ұлттық санасы биік, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік, патриоттық рухы жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер
Техникалық құралдар
- Интерактивті тақта
- Проектор
- Колонкалар
Көрнекіліктер
- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ауыл туралы сөзі
- «Ауылдың даласыз күні жоқ, даланың ауылсыз құны жоқ» тақырыбындағы слайдтар
- Қазақстан Республикасының картасы
- Бейнетаспа және аудиотаспа материалдары
Сабақта қарастырылатын бөлімдер
Сабақтың барысы
Кіріспе сөз
Қазыбек бидің сөзі
Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Біздің Отанымыз — Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ, шексіз жазира дала елестейді. Дала бейнесі — қазаққа қымбат ұғым, жүрекке жақын құндылық.
Өлең жолдары
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім…
Сен — далам анам, мен — балаң!
Қазақ даласы — шежіреге бай. Осы ойды сабақ басында ребус арқылы ашамыз: ребустың шешуі — «Ауылым, неткен байтақ!»
Талқылау сұрақтары: «Ауыл», «алтын бесік», «туған жер» ұғымдарын қалай түсінесіңдер? Ауыл кімдердің мекені?
Оқушылар пікірі
Айнұр
Ауыл — әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шағының мекені. Атамекенге деген махаббат пен сағыныш ауылдан басталады.
Сұлтан
Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып, биікке ұмтылған.
Асылхан
Ұлы ақын Абай да, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те ауылдан түлеп ұшқан. Батыр Бауыржан Момышұлы да — ауыл перзенті.
Тұран
Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды. Қаһарман батыр Қасым Қайсенов те, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та — ауылдың перзенттері.
Мұғалімнің қорытынды ойы
Ауыл — әр адамның құтты, киелі мекені. Мұқағали Мақатаевтың «Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан…» деген жолдары ауылға деген жауапкершілікті, елдік ұят пен азаматтық парызды еске салады.
Батырхан
Бұл өлең жолдары ауыл жағдайына бейжай қарамауға жетелейді. Елбасының Жолдауымен «Ауыл жылдары» жарияланғанын да білеміз — бұл тарихта қалатын маңызды кезең.
Дияр
Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем, дән елестер көзіме.
Ауыл десем, ер саламын құр атқа,
Ауыл десем, ән естілер құлаққа.
Осы шумақтан кейін Нұрбек «Ауылым» әнін орындайды.
Жырмен өрілген туған өлке
Жыр жолдары
Ай-хой, шіркін Қонақай мен Елегім,
Ата-ана, құрбылар мен бауырым.
Қиындыққа мойымаған әр уақыт —
Қайран менің өсіп-өнген ауылым!
Жанерке
Шыңғырлауым — сәнді өлкем,
Бар ма сенен жер көркем?
Сан тарапта ұл-қызың,
Сені әнмен жыр еткен.
Тарих тіл қатқанда…
Ұлы байтақ даламыз — Қазақстанның бір бөлігі, Жер-Ананың төсіне табан тіреген Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы.
Ислама
Алыста жүрсем — аңсарым менің,
Шөлдесем — кәусарым менің.
Кеудемде жүрек сағына жаздап,
Сүйемін сені, Шыңғырлауым менің!
Шыңғырлау ауылын Ресеймен Елек өзені ғана бөліп жатыр. Ара қашықтығы шамамен 3 км.
Отты жылдарда
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Шыңғырлау өңіріндегі колхоздар майдан қажеті үшін аянбай еңбек етті. Бұл кезең аудан өміріндегі ең ауыр әрі ең жауапты уақыттардың бірі болды.
Соғыста шыңғырлаулықтар өзге қазақстандықтармен қатар Мәскеуді, Ленинградты, Беларусьті, Қырымды қорғады. Сол қатарда біздің ауылдастарымыз да ерлік көрсетті.
Аружан
Біз Сүндетқали Есқалиев пен В. Тихоненко сияқты ардагер ағаларымызды мақтан тұтамыз.
Қазіргі ауыл жетістіктері
Алихан
Біздің ауылымыз қазір көркейіп келеді: үйлер мен мекемелерге көгілдір отын тартылып, интернет желісі көптеген үйлерге қосылды. Ауданға ауызсу жүйесі де кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Егін және мал шаруашылығына ерекше мән берілуде. Балаларға арналған демалыс саябақтары мен лагерьлер салынып, тұрмыс сапасы күн сайын жақсарып келеді.
Қорытынды
Барлығы хормен:
Туған жерді сүйеміз,
Ауылды көркейтеміз!
Сабақ аяқталды.