Сөздер банкасы ойыны
Сабақтың тақырыбы
Can you play the guitar?
Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, музыка
Сабақтың мақсаты
1) Грамматика
Оқушыларды can модальдық етістігімен таныстыру, оның басқа етістіктерден айырмашылығын түсіндіру және хабарлы, сұраулы, болымсыз сөйлемдерде дұрыс қолдануға үйрету.
2) Сөздік қор және сөйлеу дағдысы
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде қолдануға дағдыландыру, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру және танымдық белсенділікті арттыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Пәнге қызығушылықты, жауапкершілікті және өзіне деген сенімді арттыру; ұйымшылдыққа және бірлікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Диалог, монолог
- Ойын әдістері
- Жеке, жұппен, топпен жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Үлестірме қағаздар
- Стикерлер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Үй тапсырмасын тексеру
- Амандасу және танысу.
- What’s this? сұрағын қолданып, жауап беру арқылы диалог құрау.
- «Допты қағып ал» ойыны арқылы өткен сөздерді қайталау.
Үй тапсырмасын бекіту: оқушылар жаттаған тақпақтарын айтады.
Тіл дамыту жаттығуы
I can read, I can write, I can speak English too.
I love learning English, and what about you?
Бұл тақпақта жиі қайталанатын сөз — can. Can — модальдық етістік.
Етістік — іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөз табы. Ал can «қолымнан келеді», «істей аламын» деген мағына береді, яғни қабілет пен мүмкіндікті білдіреді. Ол қимылды өзі білдірмейді, бірақ қимылды білдіретін етістікпен бірге қолданылады.
I can read
мен оқи аламын
I can play
мен ойнай аламын
I can jump
мен секіре аламын
Can модальдық етістігінің қолданылуы
| Жақ | Хабарлы сөйлем | Болымсыз сөйлем | Сұраулы сөйлем |
|---|---|---|---|
| I (мен) | I can read. | I cannot read. / I can’t read. | Can I read? |
| You (сен) | You can read. | You cannot read. / You can’t read. | Can you read? |
| He/She (ол) | He/She can read. | He/She cannot read. / He/She can’t read. | Can he/she read? |
| We (біз) | We can read. | We cannot read. / We can’t read. | Can we read? |
| You (сендер) | You can read. | You cannot read. / You can’t read. | Can you read? |
| They (олар) | They can read. | They cannot read. / They can’t read. | Can they read? |
Грамматикалық ережені бекіту: суреттерге қарап сөйлемдер құрастырып, мысалдар келтіру.
Сергіту сәті
I can jump, I can dance, I can fly, I can swim.
Ойын: «Сөздер банкісі».
Сөздікпен жұмыс (Musical instruments)
Flute
[fluːt] — флейта
Guitar
[gɪˈtɑː] — гитара
Dombyra
[dɒmˈbɪrə] — домбыра
Violin
[ˌvaɪəˈlɪn] — скрипка
Cello
[ˈtʃeləʊ] — виолончель
Instrument
[ˈɪnstrəmənt] — аспап
Жаттығу жұмыстары
- Can етістігін қолданып, музыкалық аспаптар туралы сөйлемдер құрау.
- Кітаппен жұмыс: 2-жаттығудағы мәтінді оқу және аудару.
Бекіту
Үлестірме қағаздармен және суреттермен жұмыс.
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сұрақтарға жауап беріп, қимылмен көрсетейік.
1
What instrument can you play?
2
Can you play football?
3
Can you play the flute?
4
Can you play basketball?
5
Can you jump?
6
Can you dance?
7
Can you play the dombyra?
Who can play the dombyra? Come here and play the dombyra.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
Ex. 2 (10-бет), сөздерді жаттау.
Бағалау
Сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.