Алюминиий оның қосылыстарымен танысу

Сабақтың тақырыбы

Алюминий және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты

Екідайлы элементтер туралы білімді сатылай кешенді талдау арқылы дамыту. Алюминийді мысалға ала отырып, оның жай зат ретіндегі қасиеттерін, қосылыстарын және олардың қолданылуын жүйелі түрде меңгеру.

Сабақтың міндеттері

  • Екідайлы элементтердің табиғатын оқып-үйрену.

  • Алюминиймен және оның қосылыстарымен танысу.

  • Тірек-сызбаларды есеп шығаруда қолдана білу.

Сабақтың түрі мен әдістері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Оқыту технологиясы

Сатылай кешенді талдау технологиясы.

Көрнекіліктер

Негізгі материалдар

  • Периодтық кесте.
  • Қымбат және бағалы тастар (жинақ).
  • Тау жыныстары (жинақ).

Тәжірибе және суреттер

  • Al сымын қыздыру (44-сурет).
  • Алюминий (жинақ).
  • Al қолданылуы (45-сурет).

Сабақтың өту барысы

Кіріспе: өлең арқылы тақырыпқа шығу

Сабақ алюминийдің маңызын поэтикалық жолдар арқылы ашудан басталады. Оқушылар өлеңді талдап, ондағы мысалдар арқылы алюминийдің қасиеттері мен қолданылуын анықтайды.

Болмаса да айтарлықтай салмағым,
Көп металдан ардақтымын — алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.

Дюралюмин дейтін менің қоспамды
Әспеттейді химияның достары.
Тұрмыста үстел, ыдыс-аяқ, кереует,
Бағандардың байланысын қостым мен.

Қағаз да мен — кәмпит, шайды сәндеген,
Токқа балқып, келіп тұрған ән де мен.

Талдау бағыты

  • Өлеңдегі қолданылу салаларын бөліп көрсету (авиация, тұрмыс, қаптама, электротехника).
  • Алюминийдің жеңілдігі мен беріктігі сияқты негізгі қасиеттерін тұжырымдау.
  • Мысалдарды химиялық біліммен байланыстырып, қорытынды жасау.