Жарыстың шарттары

Спорттық іс-шара Жарыс түрінде

Біздің толағайлар!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Біздің толағайлар!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Бұл сайыс оқушыларды дене тәрбиесі мен спортқа тартуға, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа баулуға, ойын үстінде әділдік пен жолдастық сезімді нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар бос уақытты тиімді пайдаланып, денсаулықты бекітуге ықпал етеді.

Мақсаты

  • Спортпен жүйелі шұғылдануға ынталандыру
  • Белсенділік, қайсарлық, батылдық қасиеттерін қалыптастыру
  • Әділ ойын, жолдастық қолдау және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту
  • Бос уақытты тиімді ұйымдастыру, денсаулықты нығайту

Түрі

Жарыс форматы. Қатысушылар әр кезең бойынша ұпай жинайды.

Ұран

Шынықсаң — шымыр боласың,
Сауығып — айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Чемпион болу — арман талайға!

Керекті құралдар

Парта Пневматикалық мылтық Маркер Плакаттар Гір тас (16 кг) т.б.

Тәрбиелік мәні

Ел болашағы — дені сау, саналы, білімді, өрісі биік ұрпақ. Қазақстан азаматтарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — халық денсаулығын жақсартуға үлес қосу. Сондықтан спортпен айналысу әрбір адам үшін өмір салтына айналуы тиіс.

«Жарысқа түсіп қалайда, болмасаң да ұқсап бақ» — бұл сөздер қатысушыларды жігерлендіріп, өз-өзіне сенімді болуға шақырады.

Әділқазылар мен қатысушыларға үндеу

Қатысушыларды таныстыру

Ортаға сайысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз. Әр таңды бақытпен атырған, спортты серік еткен жас спортшыларға сәттілік тілейміз!

Әділ баға — әділеттің негізі

Құрметті халайық, жарысты тамашалап, әділқазылар алқасынан әділ бағалау сұраймыз. Әр кезеңнің қорытындысы нақты ережеге сай шығарылады.

Лондон-2012: мақтаныш беттері

2012 жылы Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орынға тұрақтады. Алтын медаль саны бойынша үздік ондыққа ену — еліміздің үлкен жетістігі, зор мақтанышы.

Алтын

7

Күміс

1

Қола

5

Слайд көрсетілімі арқылы Олимпиада жүлдегерлерінің жетістіктерімен танысып шығайық.

Жарыс шарттары

1) Мергендер

Нысана көздеу және дәлдік. Әр қатысушы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, белгіленген ереже бойынша ұпай жинайды.

2) Шымыр болсаң…!

Бұл кезеңде қатысушылар 16 кг гір тасын көтеріп, күш пен төзімділігін көрсетеді.

3) Білектесу

Оқушылар бір-бірімен білектесіп, күш сынасады. Қарсыласқа құрмет — басты қағида.

4) Сурет салу

Берілген тақырып бойынша жылдамдық пен шығармашылық қабілет бағаланады.

5) Өз біліміңді тексер!

Спорт туралы сұрақтарға жауап беру арқылы білім деңгейі тексеріледі.

Сұрақтар мен жауаптар

  1. 1) 2008 жылы Олимпиада қай елде өтті?

    Жауабы: Қытай, Пекин.

  2. 2) Лондон Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы алтын медальді кім әкелді?

    Жауабы: Александр Винокуров.

  3. 3) Футбол алаңының ұзындығы мен ені қанша метр?

    Жауабы: ұзындығы 90 м, ені 45 м.

  4. 4) Волейбол алаңының ұзындығы мен ені қанша метр?

    Жауабы: ұзындығы 18 м, ені 9 м.

  5. 5) «Футбол» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

    Жауабы: «фут» — аяқ, «бол» — доп.

  6. 6) Футболдың отаны қай ел?

    Жауабы: Англия.

  7. 7) Қазақстандық зілтемірші чемпиондарды дайындаған бапкер кім?

    Жауабы: Александр Ни.

  8. 8) Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?

    Жауабы: Жақсылық Үшкемпіров.

  9. 9) Лондон Олимпиадасында үш қарғып секіруден чемпион атанған кім?

    Жауабы: Ольга Рыпакова.

  10. 10) Светлана Подобедова неше кг көтеріп әлем рекордын жаңартты?

    Жауабы: 295 кг.

  11. 11) Баскетболда әр командада неше ойыншы ойнайды?

    Жауабы: 5 адам.

  12. 12) Мектепте Президенттік сынама қай сыныптарда жүргізіледі?

    Жауабы: 5, 9, 11-сыныптарда.

  13. 13) Стритбол ойыны қай спорт түріне жақын?

    Жауабы: баскетбол.

  14. 14) Қазақ ұлттық ойындарын ата.

    Жауабы: (қатысушылардың жауабы қабылданады).

  15. 15) Илья Ильин неше рет чемпион атанған?

    Жауабы: 3 рет әлем чемпионы, 2 рет Олимпиада чемпионы.

Қорытынды бөлім

Әділқазылар шешімі

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында: олар сайыс шарттары бойынша қорытынды жасап, жеңімпаздарды жариялап, марапаттау рәсімін өткізеді.

Тілек

Денсаулыққа назар аударыңыздар: өмірдің ең үлкен байлығы — сау дене. Барлығыңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Сайысымыз осымен аяқталды. Қатысушыларға алғыс білдіреміз, көрермендерге қолдау көрсеткені үшін рақмет!