Байланыстырып сөйлеуін дамыту

Мақсаты

  • Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін шыңдап, жинақталған тәжірибесін әріптестеріне үлгі ету.
  • «Тіл дамыту» оқу іс-әрекетінің тиімділігін арттыру.
  • Біліктілікті жетілдіру және әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану.

Керекті құралдар

Стикер Түрлі-түсті шарлар Фломастер Ақ парақтар Плакаттар

Ұйымдастыру шарты

Педагог-тәрбиешілер үстелдер дөңгелек болып қойылған форматта, үстел санына қарай орналасады. Ойын барысында әділ қазылар алқасы сайланып, қатысушылар таңдаған түстері бойынша үш топқа бөлінеді: қызыл, жасыл, көк.

Ойын құрылымы

Әр тапсырма соңында ұпай санына қарай қатысушылардың омырауына смайлик белгісі тағылып отырады. Бұл тәсіл бағалауды көрнекі етіп, ойын динамикасын арттырады.

1-тапсырма: Топты шығармашылық қорғау

Шығармашылық

Әр топ өз тобын таныстырып, шығармашылық түрде қорғайды: атау қою, сурет салу, өлең шығару.

2-тапсырма: Әдіс-тәсілдер бойынша сұрақтарға жауап

Әдістеме

«Тіл дамыту» оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдеріне қатысты ілінген түрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.

3-тапсырма: Актерлік қабілет

Сахналау

Әй, Асқар тау,
Кімге сен бағынасың!
Бойыңа әсемдікті тағып апсың.
Қаншама қадам жасап барсам дағы,
Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың!

4-тапсырма: Шығармашылық жұмыс — жұмбақ құрастыру

Тіл дамыту

Әр топқа жұмбақ құрастыру үшін тақырыптық сөздер ұсынылады:

1-топ

көбелек, ит, сағат

2-топ

гүл, түйе, телевизор

3-топ

кітап, сағат, тышқан

Қатысушылардың пікірлері

Құрметті тәрбиешілер, бүгінгі ойын барысында тіліміздің бай екенін және әдістемелік тұрғыдан өзара тәжірибе алмасудың маңызын көрсеттік. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Әдіскердің қорытынды пікірі

Тіл дамытудың алға қойылған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін тәрбиеші оқу іс-әрекетін алдын ала жоспарлап, оны кәсіби шеберлігінің нәтижесінде тиімді ұйымдастырады.

Бұл жұмыс баланың білімін ғана жетілдірмей, қабілеті мен дарынының ашылуына да ықпал етеді. Тіл дамытуда басты назар — балалардың ауызекі сөйлеу тілін ережеге сай, жүйелі түрде құра білу дағдысын қалыптастыру.