Жаңаөзенде 1 - желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мәдени шаралар басталды1 - желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Өзенмұнайгаз АҚ ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласында мәдени - көпшілік шаралар басталды
Жаңаөзенде 1 желтоқсанға орай мәдени-көпшілік шаралар басталды
1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласында мәдени-көпшілік шаралар басталды.
Мереке қарсаңындағы бағдарламаның ашылуы Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры қойған «Бес бойдаққа бір той» спектаклімен өтті. Қала тұрғындары қойылымды тегін тамашалады. Шараға компанияның бас директоры Мақсат Ибағаров қатысты.
Компанияның айтуынша, мәдени бағдарламаның басты мақсаты — мереке қарсаңында жаңаөзендік мұнайшыларға және қала тұрғындарына рухани демалыс сыйлау.
Өткен жылы Жаңаөзенге М. Әуезов атындағы театр мен Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры шақырылып, көрермендер үздік театрлардың өнерін тамашалаған болатын.
Мақсат Ибағаров өз сөзінде игі дәстүрдің биыл да жалғасатынын атап өтті: Н. Жантөрин атындағы театр апта бойы көрермендермен қауышады. Бұдан өзге де мәдени шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.
Театр апталығының репертуары
Мерекелік театр апталығы аясында өнер ұжымы көпшілік назарына төмендегі қойылымдарды ұсынбақ:
- «Пай, пай, жас жұбайлар-ай!»
- «Перзентхана»
- «Әпке»
- «Қош, махаббат»
- «Келіндер көтерілісі»
- «Ғашықсыз ғасыр»