Табиғат сферасына кіретін ресурстар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Дүние жүзінің табиғат ресурстары және олардың жіктелуі туралы толық әрі жүйелі мағлұмат беру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Табиғатты сүюге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі мен әдістері

Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ әдісі
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Физика, химия

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Карта
  • Сызба-нұсқалар
  • Интерактивті тақта және қосымша құралдар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау және бағалау

Тақырып: «Табиғат ресурстары және олардың түрлері». Сынып үш топқа бөлініп, сұрақтар арқылы білім тексеріледі.

I топтың сұрақтары

  1. Табиғат ресурстары дегеніміз не?
  2. Табиғат сферасына қандай ресурстар кіреді?

II топтың сұрақтары

  1. Табиғат ресурстары қандай топтарға жіктеледі?
  2. Табиғат ресурстарының табиғи-экономикалық жіктелуі қандай?

III топтың сұрақтары

  1. Адамның шаруашылық әрекеті табиғат ресурстары қорының өзгеруіне қалай әсер етеді?
  2. Табиғат ресурстары шаруашылық тұрғыда қалай жіктеледі?

Дүние жүзінің табиғат ресурстары

Табиғат ресурстары — адам өмірі мен шаруашылығына қажет табиғи байлықтар жиынтығы. Төменде кең тараған негізгі түрлері берілген:

Су Ауа Жер Топырақ Өсімдік дүниесі Жануарлар дүниесі Жел Пайдалы қазбалар