Қарлұқ тайпасы
Сайыстың тақырыбы: «Тарих — ғасырлар куәсі»
ХХІ ғасыр — мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, осы ғасырда өмір сүріп отырған әрбір ұрпақ ғылым-білім саласында өз жолын табуға тиіс. Демек, болашаққа нық қадам бүгіннен басталады.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін қалдырды. Қазақстан тарихындағы ең ғибратты тағылымдардың бірі де — осы. Осы негізде «Тарих — ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағын бастаймыз.
Сайыстың мақсаты
- Тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, оқушылардың таным көкжиегін кеңейту.
- Өткенді саралау арқылы болашаққа бағдар беруге баулу.
- Ұлы тарихи тұлғалардың ерлігін насихаттап, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар
- Сайыстың жоспары (сынып тақтасына/қабырғаға ілінеді)
Әділқазылар алқасы
Сайыстың кезеңдері және бағалау
-
I тур Таныстыру5 балл
-
II тур Сәлемдесу5 балл
-
III тур Танымдық сұрақтар5 балл
-
IV тур Көрініс10 балл
-
V тур Өнер сайысы (ән, би, күй)5 балл
-
VI тур Топ басшылары сайысы (5 сұрақ)10 балл
III тур: Танымдық сұрақтар
Әр сыныпқа 5 сұрақтан беріледі.
7 «А» сыныбы
5 сұрақ-
Түргеш қағанатының астанасын ата.
Жауабы: Суяб. Екінші орталығы — Іле бойындағы Күнгіт (Ордабасы).
-
Қимақ қағанатының тарихи шеңбері қандай?
Жауабы: IX ғасырдың соңы — XI ғасырдың басы.
-
Қарлұқ қағанатының тайпаларын ата.
Жауабы: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, фаракия, лазана.
-
Қазақстандағы ең ірі сәулет ескерткіштерін ата.
Жауабы: Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Айша бибі, Қарашаш ана, Ибраһим ата және т.б.
-
Батыс Түрік қағанатында 610–618 жылдары қай қаған билік етті?
Жауабы: Шегу қаған.
7 «Ә» сыныбы
5 сұрақ-
Батыс Түрік қағанатының тайпаларын ата.
Жауабы: Түрік тайпалары: оғыз, қырғыз, ұйғыр, үйсін және т.б.
-
Оғыз мемлекетінің астанасын ата.
Жауабы: Янгикент (Жаңа Гузия).
-
Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғанын жазған ортағасырлық тарихшы кім?
Жауабы: Парсы тарихшысы Гардизи.
-
Қарахан мемлекетінің негізін кім қалады?
Жауабы: Сатұқ Боғра хан.
-
Түріктер отбасына шапағаты тиеді деп кімге табынған?
Жауабы: Ұмай анаға.
7 «Б» сыныбы
5 сұрақ-
Сардоба деген қандай құрылыс?
Жауабы: Құдықтың үстіне салынған ғимарат.
-
Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған?
Жауабы: Қаған.
-
Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы одақ құрды?
Жауабы: 965 жылы.
-
Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі кім?
Жауабы: Земарх.
-
Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылды?
Жауабы: 20 жыл.
7 «В» сыныбы
5 сұрақ-
Батыс Түрік қағанаты қай жылы құрылды?
Жауабы: 603 жылы.
-
Түргеш қағанаты қанша әкімшілік аймаққа бөлінді?
Жауабы: 20 аймақ.
-
Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа қайсы?
Жауабы: Қарлұқ тайпасы.
-
Найман ханы Білге қайтыс болғаннан кейін билік үшін кімдер таласты?
Жауабы: Бұйрық хан мен Даян хан.
-
Керейіт хандығының құрамына қанша аймақ кірді? Ата.
Жауабы: 8 аймақ: керейіт, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун.
VI тур: Топ басшылары сайысы
Әр топ басшысына 5 сұрақ қойылады (10 балл).
7 «А» — топ басшысы
-
Айша бибі кесенесі қай облыс аумағында орналасқан?
Жауабы: Жамбыл облысы.
-
«Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы кім?
Жауабы: Махмұд Қашқари.
-
Қазақстан Республикасы Конституциясы қашан қабылданды?
Жауабы: 1995 жыл, 30 тамыз.
-
Түрік қағанатының тарихи шеңберін ата.
Жауабы: 552–603 жж.
-
«Найман» сөзі моңғол тілінен қазақшаға қалай аударылады?
Жауабы: «Сегіз».
7 «Ә» — топ басшысы
-
Арыстан баб кесенесі қай жерде орналасқан?
Жауабы: Отырарда (Шәуілдір).
-
«Құтты білік» еңбегінің авторын ата.
Жауабы: Жүсіп Баласағұни.
-
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?
Жауабы: 1991 жыл, 16 желтоқсан.
-
Қарахан мемлекетінің тарихи шеңберін ата.
Жауабы: 942–1212 жылдар.
-
«Руна» сөзі қазақшаға қалай аударылады?
Жауабы: «Ескі, көне».
7 «Б» — топ басшысы
-
Ибраһим ата кесенесі қай жерде орналасқан?
Жауабы: Сайрамда.
-
«Диуани хикмет» еңбегінің авторын ата.
Жауабы: Қожа Ахмет Ясауи.
-
Қазақстан Республикасы Конституциясы қанша баптан және қанша тараудан тұрады?
Жауабы: 98 бап, 9 тарау.
-
Батыс Түрік қағанатының территориясы қай өңірді қамтыды?
Жауабы: Жетісу.
-
«Он оқ бұдун» сөз тіркесінің қазақша мағынасы қандай?
Жауабы: «Он тайпа».
7 «В» — топ басшысы
-
Қарашаш ана ескерткіші қайда орналасқан?
Жауабы: Сайрамда.
-
«Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады?
Жауабы: 12 жыр.
-
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кім?
Жауабы: Серік Ахметов.
-
Түрік қағанатының әлсіреу себептерін ата.
Жауабы: Ішкі талас-тартыс, Қытай мемлекетінің қысымы.
-
«Бұдун» және «тат» сөздерінің мағынасы қандай?
Жауабы: «Халық», «құл».
Қорытынды
Сайыс қорытындыланып, ең жоғары ұпай жинаған топ анықталады. Жеңіске жеткен топ марапатталады.