Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр
Сабақтың мазмұны
Тақырып
Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі
Сынып
1 «Ә»
№2 жалпы орта білім беру мектебі
Жетекші
Ахметова С. З.
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сәйкес
-
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
-
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
-
1.9 Сөздер мен дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Сабақтың мақсаттары
-
1
Жаңа білімді меңгереді.
-
2
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
-
3
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Дұрыс қайталау
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу
Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар, байланыс және АКТ
Құндылық
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ
Аудиожазба, таныстырылым (презентация).
Тілдік құзыреттілік
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минутЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: мұғалім қысқа сұрақтар арқылы оқушылардың көңіл күйін көтереді.
-
1
Көңіл күйлерің қалай? — «Керемет!» (қолдарын көтереді)
-
2
Сабаққа дайындықтарың қалай? — «Тамаша!» (алақандарын шапалақтайды)
-
3
Ынталарың ше? — «Ғажап!» (қолдарын көтереді)
Өткенді қайталау: «Өткен сабақта қандай әріптермен таныстық?»
Кубизм әдісі: қатар бойынша оқушылар берілген әріптен басталатын сөздер айтады.
Сабақтың ортасы
8 минут«Оқтау» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа көшу: оқтауға оралған суреттер көрсетіліп, оқушылар сурет атауы қай дыбыстан басталатынын айтады.
Талқылау сұрағы: «М дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?»
Жаңылтпаш: «М» әрпіне қатысты кеше жаттаған жаңылтпашты бірге айту.
№1 Тыңдалым: 60-беттегі «Малтатас» әңгімесін мұғалім оқып береді.
Түсінуді тексеру сұрақтары
- Әңгіменің атауы қандай?
- Алмас, Алмат және Марат қайда барды?
- Олар судан нені алып шықты?
- Тастарды кім санады?
№2 Тапсырма: әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр.
Әріптер: а н л р о т у ш с д ы м
Сандар: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Үлгі: 12-1-4-1-3 — марал (дыбыстық талдау жасау).
№3 Оқылым: сөздерді дұрыс, анық оқыту.
Ресурстар
- Таныстырылым
- Оқулық
- Дәптер
Сергіту сәті
1 минут1, 2, 3 — Ал, кәнекей, үш! 4, 5, 6, 7 — Мынау ауыл шеті. 8, 9, 10 — Ал, кәнекей, қон. Асықпа да саспа, Бірден қайта баста.
Ресурс: бейнежазба.
Қызықты тапсырма
8 минутБерілген суреттер арқылы оқушыларды топқа бөлу, тапсырмаларды ойын элементтерімен орындату.
Сабақтың аяқталуы
16 минутЖазылым: суреттер арқылы топқа бөлу және «отбасы» сөзін үш тілде айтқызу.
4-тапсырма (Постер әдісі): «М» дыбысының сөздегі орнын анықтау.
1-топ — «Ата»
«М» дыбысынан басталатын суреттерді табу.
2-топ — «Әже»
«М» дыбысы ортасында келетін суреттерді табу.
3-топ — «Бала»
«М» дыбысы сөз соңында келетін суреттерді табу.
№5 «Бағдаршам» әдісі: сигнал түстері арқылы тұжырымдарға жауап беру.
Жасыл (дұрыс)
- «М» — дауыссыз дыбыс.
- «М» дыбысы созылып айтылады.
- «Кемпірқосақ» сөзінде «м» дыбысы бар.
Қызыл (қате) — «Неліктен?»
- «М» дыбысы сөздің тек басында ғана кездеседі.
- «Әке» сөзін ағылшынша mothe дейді.
- «Мақта» сөзі бір буыннан құралған.
Оқушылар дәлел келтіріп, дұрыс нұсқасын айтады.
Ресурстар
- Оқулық
- Дәптер
Сабақтың соңы: рефлексия
2 минутОқушылар кеменің суреті арқылы өз әсерін білдіреді және бір-біріне көңіл күйін айтады.
Дифференциация және бағалау
- Қолдау: тапсырмаларды орындауда көбірек жетекшілік көрсету.
- Қабілеті жоғары оқушылар: сөздер мен сөйлемдерді дұрыс қайталап, дәлелді жауап береді.
- Бағалау: сұрақ-жауап, оқылым/тыңдалым нәтижесі, топ жұмысы бойынша бақылау.
Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері сақталады, АКТ мүмкіндіктері орынды қолданылады.