Балалар бейнетаспадан көріп отырғандарыңыз ағаштар және олардың түрлері

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Сенсорика

Тақырыбы

Ағаштар (биік — аласа)

Мақсаты

Ағаштар туралы түсінік беру; өсімдіктерге күтім жасауға үйрету; олардың пайдасын түсіндіру және «биік — аласа» ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Теледидар
  • Бейнетаспа және т.б.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Сұрақ-жауап
  • Дамытушы ойын

Пәнаралық байланыс

  • Музыка
  • Дене шынықтыру

Іс-әрекет кезеңдері

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші сөзі: «Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сендерді көргеніме қуаныштымын. Күлімдеген жүздеріңді көріп, ерекше сүйсініп тұрмын. Оқу іс-әрекетіміз сәтті өтсін деп бірге тілейік».

Шаттық шеңбері: «Мейірімді жүрек»

Балалар үлкен шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші жүрекшені ұстап тұрып, мейірім мен жылы сөздің маңызын түсіндіреді. Жүрекше көршіге берілген сайын, әр бала жанындағы досына жылы лебізін айтады.

«Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі».

2) Ұйымдастырушы-іздестіру

Өткен тақырыпты қайталау

Алдыңғы оқу іс-әрекетінде «Саңырауқұлақтар» тақырыбын қарастырдық. Еске түсірейік:

  • Саңырауқұлақтар неше түрге бөлінеді?
  • Саңырауқұлақтардың түстері қандай болады?
  • Қай жағында саңырауқұлақ көп?
  • Қай жағында саңырауқұлақ аз?

Жарайсыңдар, балалар!

Жаңа тақырып

Ағаштар (биік — аласа)

Бейнетаспадан ағаштар және олардың түрлерін тамашалаймыз. Ағаштар далада, орманда, бақшада өседі және өсімдіктерге жатады.

Өсімдіктерге күтім

  • Дала өсімдіктері көп күтімді қажет етпейді.
  • Бақша өсімдіктері жүйелі күтімді қажет етеді.
  • Өсімдіктерді суарамыз (суарудың бірнеше тәсілі бар).
  • Ағаштың діңін құрт түспеу үшін әктейміз.
  • Тыңайтқыш береміз: күтім уақтылы болса, өнім мол болады.

Негізгі ұғым: «биік — аласа»

Ағаштарды биіктігіне қарай биік және аласа деп ажыратамыз (бейнетаспадан көрсетіп, бірге талдаймыз).

Биік

Жоғары өсетін ағаштар

Аласа

Бойы қысқарақ ағаштар

Көрсету

Бейнетаспадан өсімдіктерді суару үдерісін көрсетіп, күтім жасау ережелерін бекітеміз.

Топтастыру тапсырмасы

Ағаштарды «биік» және «аласа» топтарына бөліп орналастырамыз.

Сергіту сәті

«Жаз» өлеңі арқылы қимыл-қозғалыс жаттығуын орындаймыз.

Ойын

«Қай ағаштың жемісі?»

Жемістерді өз ағашына сәйкестендіріп орналастырамыз. Бұл тапсырма балалардың салыстыру, ажырату және сәйкестендіру дағдыларын дамытады.

3) Қорытындылау

Сұрақтар арқылы оқу іс-әрекетін бекітеміз:

  • Бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасадық?
  • Ағаштарға қандай күтім жасаймыз?
  • Ағаштарды қалай топтастырдық?

Мадақтау

Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балалар мадақталады, «қуанышты хабарлама» таратылады.

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Автор туралы

Өңірі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы

Білім беру ұйымы

«Балбөбек» балабақшасы

Тәрбиеші

Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы