Спорт біздің досымыз
Спорт — біздің досымыз!
Бұл спорттық сайыс оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдырып, ұжымшылдыққа баулуға және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға бағытталған.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін «Спорт — біздің досымыз!» атты спорттық сайысты тамашалауға жиналып отырсыздар. Сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!
Сайыс бағдарламасы
- Топтарды ортаға шақыру
- Әнұран
-
Сайыс кезеңдері (2 бөлім)
- I бөлім: «Жарысайық бәріміз» — командалық сайыс.
- II бөлім: «Кім ұқыпты, кім шапшаң» — жеке сайыс.
- Қорытынды — жеңімпаздарды анықтау, топтарды марапаттау.
Қазылар алқасы және таныстыру
Сайыс басталар алдында қазылар алқасымен танысып, әр топ өз командасын таныстырады.
I бөлім: «Жарысайық бәріміз» (командалық ойындар)
Командалық1-ойын: «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдынан 6–8 метр қашықтықта шеңбер сызылады. Шеңбер ішінде топ басшысы допты ұстап тұрады.
Жүргізуші белгі бергенде топ басшысы допты өз тобының 1-ойыншысына лақтырып, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1-ойыншы допты алған бойда шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады.
Ойынның аяқталуы: топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Шеңберге бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді.
2-ойын: «Допты домалатып, тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5–7 метр жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1-ойыншы допты сызыққа дейін домалатып жеткізіп, дәл сызыққа тигізеді, допты қолына алып, 2-ойыншыға кеуде тұсынан лақтырады. Содан кейін саптың артына барып тұрады.
Ойынның аяқталуы: топ басшысы соңғы ойыншыдан допты алған сәтте ойын аяқталады.
3-ойын: «Кім шапшаң?»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі тізбек құрап тұрады. Белгі бойынша 2-ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып келеді де келесі ойыншыға қолын тигізеді.
Ойын осылай кезекпен жалғасады.
4-ойын: «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1 метр болатын түзу бойына 10 кіші шеңбер сызылады. Топ басшысының қолында дорбада 10 картоп болады.
Белгі бойынша топ басшысы картоптарды шеңберлерге «отырғызады» да, шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2-ойыншыға береді. 2-ойыншы картопты жинайды, 3-ойыншы қайта егеді. Ойын осылай жалғасады.
Ойынның аяқталуы: топ басшысы дорбаны соңғы ойыншыдан алған сәтте ойын аяқталады.
II бөлім: «Кім ұқыпты, кім шапшаң» (жеке тапсырмалар)
Жеке1-тапсырма: Көзді байлап секіргішпен секіру
Әр топтан 1 ойыншы шығып, көзін байлап, секіргіш жіппен 30 секунд ішінде секіреді. Егер ойыншы қателессе, секіру тоқтатылады.
2-тапсырма: Секіргішпен жұптасып секіру
Екі ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады.
3-тапсырма: «Кім ұқыпты?»
Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1 ойыншы шығады.
Ойыншы еңкейіп, саусағының ұшына қарап 10 рет айналады. Содан кейін төсеніш үстінде тоңқалаң асып, допты алып, серіктесі ұстап тұрған сақинаға дәлдеп лақтырып түсіруі керек.
Қорытынды және марапаттау
Төрешілер алқасының шешімі бойынша I, II, III орындар анықталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар тапсырылады.
Арнайы жүлде
Ең үздік ойыншы
Арнайы жүлде
Жеңіске жеткен топ