Ниязбеков қай рәміздің авторы
Зияткерлік сайыс (9–11 сынып)
Бұл зияткерлік сайыс 9–11 сынып оқушыларына арналған. Ойын кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, әр турда білім, тілдік қор, логика және жылдам ойлау қабілеті бағаланады.
Мақсаты
Білімділік
Шапшаң ойлауға баулу, өзіне деген сенімділікті арттыру.
Дамытушылық
Үш тілді меңгеруге баулу, білім деңгейін анықтау.
Тәрбиелік
Тарихи білімді кеңейту, ұлттық құндылықтарға қызығушылықты арттыру.
Сайыстың барысы
1-тур: «Бәйге»
Әр сұрақ — 10 ұпай-
Қазақстан көлемі жағынан нешінші орында?
Жауабы: 9-орын
-
Жігіттің үш жұрты?
Жауабы: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты
-
Жылқының пірі (иеcі)?
Жауабы: Қамбар ата
-
Батыр қалаларды ата.
Жауабы: Москва, Киев, Севастополь, Брест (т.б.)
-
Түйенің төлі?
Жауабы: бота
-
Ораза кезінде айтылатын ән?
Жауабы: жарапазан
-
Шешеңнің ағасы саған кім болады?
Жауабы: нағашы
-
Аптаның қасиетті күні?
Жауабы: жұма
-
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қай қалада?
Жауабы: Түркістан
-
Екі адам арасындағы сөз жарысы қалай аталады?
Жауабы: айтыс
2-тур: «Полиглот»
Үш тілде жауап — 30 ұпайБерілген мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту қажет.
«Аңдамай сөйлеген, ауырмай ______.»
- Қазақша
- өледі
- Орысша
- умирает
- English
- die
«Таяқ еттен өтеді, сөз ______ өтеді.»
- Қазақша
- сүйектен
- Орысша
- кости
- English
- bone
Жақсы сөйлесе, аузынан не төгіледі?
- Қазақша
- гүл
- Орысша
- цветы
- English
- flower
Бұдан кір қорқады, судан ол қорқады.
- Қазақша
- сабын
- Орысша
- мыло
- English
- soap
Кеудесінде жүрегі бар, өзі жансыз жүреді.
- Қазақша
- сағат
- Орысша
- часы
- English
- clock
Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым.
- Қазақша
- сәбіз
- Орысша
- морковь
- English
- carrot
«Күшіңе сенбе, қандай ісіңе сен?»
- Қазақша
- адал
- Орысша
- честный
- English
- honest
«Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан ______ артық.»
- Қазақша
- таяқ
- Орысша
- палка
- English
- stick
Ш. Ниязбеков қай рәміздің авторы?
- Қазақша
- ту
- Орысша
- флаг
- English
- flag
Еңбекпен тапқан не тәтті?
- Қазақша
- нан
- Орысша
- хлеб
- English
- bread
Ереже: Ең аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
3-тур: «Қызықты бестік»
5 пән · 10/20/30/40 ұпайБес пән бойынша 10, 20, 30, 40 ұпайға бағаланған сұрақтар ұсынылады. Оқушы пәнді таңдап жауап береді және сәйкес ұпайды алады.
Биология
-
10 ұпай
Бесқарағайдың інжу-маржаны, емдік қасиеті бар көл.
Жауабы: Шошқалы
-
20 ұпай
Зоб ауруы немен байланысты? Себебі қандай?
Жауабы: қалқанша без қызметімен байланысты; йод жетіспеуі
-
30 ұпай
Демалыс, емдік және туризм мақсатында пайдаланылатын ресурстар қалай аталады?
Жауабы: рекреациялық ресурстар
-
40 ұпай
Алакөл қорығының ерекшелігі қандай?
Жауабы: су және батпақты ландшафт қорғалады; аққу, реликт шағала және өзге құстар мен өсімдіктер қорғалады
Математика
-
10 ұпай
«Алгебра» сөзі қай сөзден шыққан?
Жауабы: «әл-жебр» (араб сөзі)
-
20 ұпай
Бір жылда неше жұма бар?
Жауабы: 52
-
30 ұпай
Әл‑Фараби кім болған?
Жауабы: математик, музыкант, дәрігер, ақын
-
40 ұпай
Параллелепипедтің неше қыры және неше жағы бар?
Жауабы: 12 қыры, 6 жағы
География
-
10 ұпай
Қазақстан неше елмен шектеседі?
Жауабы: 5
-
20 ұпай
Жер қыртысын түзетін тау жыныстары?
Жауабы: метаморфтық, магмалық, шөгінді
-
30 ұпай
Қант зауытының орналасу принципі қандай?
Жауабы: шикізатқа жақын
-
40 ұпай
Барлық меридиандар кесіп өтетін материк?
Жауабы: Антарктида
Физика
-
10 ұпай
Орыс тіліне «физика» сөзін енгізген ғалым?
Жауабы: Ломоносов
-
20 ұпай
Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?
Жауабы: сан мәні және оның өлшем бірлігі
-
30 ұпай
Темір ұнтағы мен бор ұнтағын араластырдық. Қоспаны қалай бөлуге болады?
Жауабы: магнитпен
-
40 ұпай
Барометр 762 мм көрсетеді. Биіктік әр 10 м сайын 1 мм төмендесе, 50 м-де барометр қанша көрсетеді?
Жауабы: 757 мм
Тарих
-
10 ұпай
Ең бірінші қазақ ұшқышы кім?
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров
-
20 ұпай
«Жанды сұрақ»
Ереже: сұрақты пән мұғалімі қояды.
-
30 ұпай
«Қазақстан – 2030» бағдарламасы неше бөлімнен тұрады?
Жауабы: 8
-
40 ұпай
Ту мен елтаңбаның авторлары кімдер?
Жауабы: Ш. Ниязбеков, Ш. Уәлиханов
4-тур: «Дәлелде»
ПікірсайысЕкі ойыншы бір-біріне қарама-қарсы пікір айтып, өз көзқарасын дәлелдейді.
Тақырып: Ардагерлердің қазіргі жағдайы
5-тур: «Жорға» (соңғы айналым)
Екі оқушы қатысады-
Ата Заң қашан қабылданды?
Жауабы: 1995 жыл, 30 тамыз
-
Блокада қай қалада болды?
Жауабы: Ленинград
-
Гитлердің КСРО-ны жаулап алу жоспары қалай аталады?
Жауабы: «Барбаросса» жоспары
-
Батыр баба, жазушы. 2010 жылы 100 жылдық мерейтойы аталып өткен тұлға?
Жауабы: Бауыржан Момышұлы
-
Берлинге ту тіккен қазақ жауынгері кім?
Жауабы: Р. Қошқарбаев
-
М. Мәметова қай қалада, қай оқу орнында оқыды?
Жауабы: Алматы, медицина институты
-
Украинада соғысқан партизан, қазақ жауынгері кім?
Жауабы: Қ. Қайсенов («Дядя Вася»)
-
Хобда, Нева суларын сүйіп өскен қыз?
Жауабы: Ә. Молдағұлова
-
Дүние жүзінде әрбір бесінші адам қай ұлттан?
Жауабы: қытай
-
«Ғасырлар тоғысы» кітабының авторы кім?
Жауабы: Н. Назарбаев
-
Алғадай қай жерде соғысты?
Жауабы: Сталинград
-
Соғыс басталған күн?
Жауабы: 1941 жыл, 22 маусым
-
Халық қаһарманы, ұшқыш, үшінші қазақ қызы кім?
Жауабы: Хиуаз Доспанова
-
Тәж-Махал ескерткіші қай жерде орналасқан?
Жауабы: Үндістан
-
«Қазақ солдаты» повесінің авторы кім?
Жауабы: Ғ. Мүсірепов
Қорытынды
Жеңімпаз оқушыларға грамота және сыйлықтар табысталады.