Дененің сыртында паразитті жолмен тіршілік ететін жәндіктер
Жалпақ құрттар типі
Жалпақ құрттар — екі жақты симметриялы, үш қабатты көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Құрттарды зерттейтін ғылым — гельминтология (грекше helmins — «құрт, ішекқұрт», logos — «ілім»).
Сиыр цепенінің құрылысы
Тіршілік ететін орны
Ересек цепень адамның ішегінде тіршілік етеді, ал дернәсілі мүйізді ірі қараның денесінде дамиды.
Бекіну мүшелері
Ішек қабырғасына сорғыштары арқылы жабысып тіршілік етеді. Алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады, басында төрт дөңгелек сорғыш орналасады.
Дене жабыны
Денесінің сыртын сірқабық (тегумент) қаптайды.
Жүйелердің ерекшеліктері
- Көру мүшелері болмайды.
- Асқорыту жүйесі болмайды.
- Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды.
- Зәр шығару жүйесі соңғы бунақтарында екі өзек арқылы қосылып, сыртқа ашылатын зәр шығару түтіктерінен тұрады.
Сиыр цепенінің тіршілік әрекеті және даму айналымы
Негізгі ой
Сиыр цепенінің тіршілік әрекеті күрделі: даму барысында жұмыртқадан дернәсілдің бірнеше түріне ауысады. Ересек таспа құрттың негізгі иесі — адам.
Дернәсіл түрлері
- Қармақшалы дернәсіл
- Финна
Сабақ құрылымы
Тақырып
Сиыр цепені — жалпақ таспа құрттардың өкілі.
І топ
Сиыр цепенінің құрылысы
ІІ топ
Сиыр цепенінің тіршілік айналымы
ІІІ топ
Сиыр цепені туғызатын аурулар және олардың алдын алу
Кеңейтілген тапсырма
Терминдерді сәйкестендіру
Берілген терминдердің анықтамаларын сәйкестендіріңіз.
| Термин | Дұрыс анықтама |
|---|---|
| 1. Гельминтология | В) Паразит құрттарды зерттейтін ғылым |
| 2. Эндопаразиттер | Б) Дененің ішінде (мысалы, ішекте) паразитті жолмен тіршілік ететін жәндіктер |
| 3. Эктопаразиттер | А) Дененің сыртында паразитті жолмен тіршілік ететін жәндіктер |
Рефлексия
Гульназ Нагашибаева