Сигналды картамен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату
Сабақтың тақырыбы
Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Қолданылатын технология
Ойын технологиясы
Көрнекілігі
Слайдтар (суреттер, әріп таңбасы, сызба, сигналды карта)
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік, қайталау, түсіндіру, ой қозғау, ойын
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру, ұсынылған сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
II. Өткенді қайталау
- Өткен Ф дыбысын еске түсіру және қайталау.
- Сигналды картамен дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату.
III. Жаңа сабақ
1) «Ойлан, тап» ойыны: жұмбақ шешу
Шахтёрде бар, шахтада жоқ.
Монтёрде бар, мақтада жоқ.
Ойланайық, қарайық —
Бұл қай әріп?
Жауабы: Ё. Оқушылар Ё дыбысын хормен айтып, дыбыстық талдау жасайды.
Талқылау сұрағы: «Бұл әріп неге ұқсайды?»
2) Танымдық ертегі: Ё дыбысының пайда болуы
Ерте-ерте, ертеде дауысты дыбыстар жиналып, ән салып отырады. Бір кезде олар түсініксіз дыбысты естиді. Тыңдап қараса — ол Й дыбысы екен. Олар қонақты ортаға шақырып, бірге ән салуға ұсынады. Бірақ Й дыбысы дауысты дыбыстар сияқты созылып айтылмайды. Сонда О дыбысы қосылып айтуға ұсыныс жасайды. Осылайша [Й’] + [О] қосылып, Ё дыбысы пайда болыпты.
3) Ереже және мысалдар
Ё — дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан құралады: й + о.
Ё көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі: монтёр, шахтёр, актёр.
Тапсырма: берілген сөздерге буындық және дыбыстық талдау жасау. «Ёлка» сөзіне дыбыстық талдау жүргізу.
4) Сергіту сәті
Бір, екі, үш —
Жинап қолға күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемілеп жазамыз.
5) Жазу жұмысы
Ё ё әрпін дұрыс жазуға жаттығу: әріп элементтерін сақтау, жолдан шықпау, ұқыптылыққа мән беру.
6) Оқулықпен жұмыс: «Шахтер» өлеңі (С. Мәуленов)
Шахтерлерді ел біледі,
Оған сарай — жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау-тас ты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық.
Сұрақ 1
Өлең кім туралы?
Сұрақ 2
Өлеңде бүгінгі өткен дыбыс бар ма?
Сұрақ 3
Тізбектеп оқу.
7) Сергіту сәті
Бір оңға, бір солға.
8) «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны (сөйлем құрастыру)
Шарты: мұғалім сөйлемді бастап айтады, оқушылар аяқтайды.
- Мұғалім: «Шахтёр…» — Оқушылар: «Шахтёр көмір қазады».
- Мұғалім: «Элеватор…» — Оқушылар: «Элеватор — астық сақтайтын ғимарат».
Қорытындылау
Бүгін қандай әріппен таныстық? Ё ё
Ё дыбысы қандай дыбыс?
Дыбыс деген не?
Буын қандай дыбысқа байланысты?
Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі бағаланып, мадақтау сөздері айтылады.