Отбасының қоры дегенді қалай түсінесің

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Дүниетану
Сыныбы
4-сынып
Сабақтың тақырыбы
Сыйластыққа себеп көп
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Өтілетін орны
Мультимедиа кабинеті
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, сахналау, топпен жұмыс, тест

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру.

Тәрбиелік

Қонақты күте білуге үйрету, сыйластыққа және әдептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Шығармашылық қиялды, жүйелі ойлауды дамыту; сөздік қорды молайтып, тіл байлығын жетілдіру.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

  • Плакат, слайд, маркерлер
  • Баян (музыкалық аспап)
  • Видеокамера, микрофон
  • Шәйнек, сүлгі
  • Аяқ киім (көрнекілік үшін)

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, топтарға бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау және бағалау

1-топ: Тест тапсырмасы

  1. 1) Отбасына кімдер жатады?

    • к) ата
    • қ) жанұядағы барлық адамдар
    • л) көрші
  2. 2) Отбасы деген не?

    • о) отбасы — әр адамның шағын ортасы
    • ө) отбасы — екі адамның ерікті одағы
  3. 3) Отбасының қорына не жатады?

    • н) отбасы табысы
    • ң) отбасы шығыны
  4. 4) Қонақ түрлерін ата.

    • а) арнаулы қонақ, құдайы қонақ
    • ә) сыпайы қонақ
    • б) дөрекі қонақ
  5. 5) Мақалды аяқта: «Сіз деген — әдеп, Біз деген — …»

    • к) ақша
    • қ) көмек
    • л) байлық

Жауап кілті

1–қ, 2–ө, 3–н, 4–а, 5–қ

2-топ: Қайталау сұрақтары

  • Неке деген не?
  • Отбасына кімдер жатады?
  • Өз отбасыңда кімдер табыс табады?
  • Отбасының мүлкі дегенге не жатады?
  • Отбасының қоры дегенді қалай түсінесің?
  • Қонақтың қандай түрлері бар?
  • Қонақжайлық дегенді қалай түсінесің?

3-топ: Даналық сөздер

Қима қағаздарға жазылған нақыл сөздерді құрастырып, мағынасын түсіндіру.

Инабатты болса — әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса — шал көрікті.
Сүйікті болса — ағайын көрікті,
Өнегелі болса — бала көрікті.
Қорқыт ата
Үлкен алдында — жас қарызы, ата алдында — бала қарызы: әдеп пен сый.
Мұхтар Әуезов
Жасы кіші ініні ақылы артса — аға тұт.
Жасы үлкен ағаны жақсы сыйлап — жаға тұт.
Халық даналығы

Тапсырмаларды талдау арқылы оқушылардың жауаптары нақтыланып, бағаланады.

III. Жаңа сабақ

1) Күн мен ай ретін жазу, сабақ тақырыбын дәптерге түсіру.

2) Қонақ күту — өнер. Үлкендерді және қонақтарды қарсы алу, амандасу түрлері, төрге отырғызу, жөн сұрасу сияқты әдеп нормалары сахналық көрініс арқылы көрсетіледі.

3) Жыл мезгілдеріне тән ұлттық мейрамдармен танысу:

  • Көктем

    Наурыз мейрамы

  • Жаз

    Шопандар тойы (Қымызмұрындық)

  • Күз

    Сабан той

  • Қыс

    Соғым той

4) Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтін 3 топқа бөлініп беріледі: әр топ оқып, талдап, мазмұнын әңгімелейді.
  2. Оқулықтағы сұрақтарға сүйене отырып, әңгіменің негізгі ойын ашу.
  3. Қонақ күту әдебін реттікпен көрсету: қол жууға су құю, сүлгі ұсыну, аяқ киім ұсыну.

Сергіту сәті

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.

V. Бекіту тапсырмалары

1-топ: Той түрлері

Кішкентай балаға арналған тойлар

Шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той, тоқымқағар, тілашар.

Жастардың отбасын құру тойлары

Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, беташар.

2-топ: Қонақасында сыбаға тарату

Кісілер Сыбағалы мүше
Құдаға, үлкен кісілерге, сыйлы адамдарға Бас, жамбас
Күйеу балаға Төс, асықты жілік
Қыз-келіншектерге Құйымшақ
Балаларға Құлақ

3-топ: Тойға дайындық

Сыйлықтар

Орамал, көйлек, гүл, шапан, кітап және т.б.

Дастархан мәзірі

Бешбармақ, бауырсақ, қазы, қымыз, шұбат, шай және т.б.

Ойындар

«Көршіңмен татусың ба?», «Сақина салмақ», «Ақ сүйек» және т.б.

Қорытынды бекіту ретінде «Ауылдың алты ауызы» және қонақкәде дәстүрлері сұралып, ретімен орындатылады.

Оқушылар тапсырманы орындап болғанша «Той әні» әуені қосылады.

IV. Үй тапсырмасы

  • Әңгіменің мазмұнын айту.
  • Ұлттық салт-дәстүрлер бойынша шағын жазба: «сүйінші», «көрімдік», «байғазы» сұрау реті.

V. Бағалау

Топтық жұмыс, белсенділік және жауаптардың дәлдігі ескеріле отырып, оқушылардың білімі бағаланады.

VI. Қорытындылау: сұхбат

Сабақ соңында «Қоғам ТВ» телеарнасының штаттан тыс журналисі оқушылардан шағын сұхбат алады (1 оқушы — журналист, 1 оқушы — оператор).

Журналист сұрақтары

  1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  2. Қонақ деп кімдерді айтамыз?
  3. Қандай жағдайда арнаулы қонақ шақырылады?
  4. Қонақты қарсы алу және шығарып салу әдебі туралы не айтар едің?