Қима суреттерден кім
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі
Өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға, мазмұнын ашып айтуға үйрету. Заттың атын білдіретін сөздерді меңгерту.
Тәрбиелігі
Сауатты, таза жазуға баулу. Ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы
Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдістері
- Мәнерлеп оқу
- Баяндау
- Сұрақ–жауап
- Ізденушілік тапсырмалар
Көрнекілігі
Авторлардың суреттері, ананың және құстардың суреттері, слайдтар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Психологиялық дайындық
Жер мен аспан көкпеңбек,
Айналамыз жайнайды.
Көктем! Көктем! Көктем! – деп,
Құс біткендер сайрайды.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Көктемнің алғашқы гүлдерін атайық:
Бәйшешек, жауқазын.
Н. Әлімқұлов — «Бәйшешек» өлеңін жатқа айту.
Н. Айтов — «Жауқазын» өлеңін мәнерлеп оқу.
4) Жаңа сабаққа кіріспе
Сұрақтар
- Қазір қай мезгіл?
- Қазір қай ай?
- Көктемде нелер келеді?
Көктемде жылы жаққа кеткен құстар қайта оралады. Құстардың келуімен байланысты тапсырмаларды орындап, білімімізді бекітеміз.
Қараторғайлар әкелген тапсырма
- 1 Қима суреттерден «кім?» және «не?» сұрағына жауап беретін суреттерді топтастыру.
- 2 Сөздерді «кім?» және «не?» сұрағына жауап беруіне қарай топтау: балықшы, қасқыр, гүл, бала, дәптер, дәрігер, мұғалім.
Аққулар әкелген тапсырма
Дәптермен жұмыс: көркем жазу
К к — көктем, күн, көк
5) Оқулықпен жұмыс
92-жаттығу
Мәтінді оқып, көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемді көшіріп жазу. «Не?», «Нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.
Көктем
Қар еріді. Күн жылынды. Көктем болды. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік жарды. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды.
93-жаттығу
Туыстықты білдіретін сөздер
ата, әже, апа, қарындас, нағашы
Кәсіп иесін білдіретін сөздер
шопан, тракторшы, дәрігер
Құстардың тапсырмаларын орындадық — енді олар бізге алғыс білдіреді.
6) Ой шақыру
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Сұрақ: Өлеңде кім туралы айтылған?
7) Суретпен жұмыс: «Ана» тақырыбы
Сұрақ–жауап
- Бұл кім? — Ана.
- Ана не істеп отыр? — Бесік тербетіп, баласын уатып отыр.
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қадірлі сөз — ана. Әрбір сәби ең алғашқы әнді анасынан естиді, үйренеді.
Сендерді мектепке кім дайындайды? — Ана.
Наурыз айында қандай мереке бар? — 8 наурыз — Аналар мерекесі.
8) Сурет бойынша әңгіме құрау
Аналар мерекесіне орай Айжан анасына арнап кесте тікті. Ол орамалға «8 наурыз» деп кестелеп жазды. Айжан орамалмен бірге гүл шоғын сыйлады. Анасы риза болды.
Сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Олай болса, келесі сұраққа жауап беріңдер.
9) Тірек сызба: «Анаң қандай?»
10) Өлеңмен жұмыс және талдау
М. Хакімжанова — «Апама»,
А. Бақтыгереев — «Анаға сыйлаймыз» өлеңдерін оқып, мағынасын ашу.
Өлең шумақтарын бірнеше оқушыға оқыту.
Өлең бойынша сұрақтар
- Құстар қай кезде оралады?
- Гүлді не үшін егеміз?
- Гүлді жұлу дұрыс па?
- Аналарға гүлді қандай мерекеде сыйлайсыңдар?
11) Сергіту сәті
Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!
Нұрын төккен маған, шуағымсың — сен!
Айналайын, мама, қуанышың — мен!
Шаттандырған мені, жұбанышым — сен!
Құттықтаймын сені туған күніңмен!
12) Сабақты бекіту
Өмірде не тәтті?
Ананың ақ сүті тәтті.
Не жұмсақ?
Ананың алақаны жұмсақ.
Не қымбат?
Ананың өмірі қымбат.
13) Қорытынды және ой толғаныс
Анаңа не тілейсің?
Балалар, аналарыңа ақ жүректеріңмен айтқан тілектерің қабыл болсын.
Ұйқасын тап
Ақ сүт берген аяулы — ана.
Өміріме болған — пана.
14) Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға «Бәйшешек» және «Жауқазын» гүлдері сыйға тартылады.
15) Үй тапсырмасы
- М. Хакімжанова — «Апама» өлеңін жаттау.
- А. Бақтыгереев — «Анаға сыйлаймыз» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Аналар мерекесіне арнап құттықтау жазу.