Еңбек ортақ жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қазақстан — ынтымақ ордасы
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу; ынтымақ пен бірлікке үндеу.
Мұғалімнің аты-жөні
Анашбекова Айгүл
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2-жүргізуші
Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан — ынтымақ ордасы» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші
Баршаңызды алдағы 1 мамыр — Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
2-жүргізуші
Әр отбасыға береке мен бірлік, бақыт пен байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Оқушылардың өлеңдері
Ерболат
Тәуелсіздік кіндігін Кескен — халық бірлігі. Ынтымағы барша ұлттың, Нұрын шашқан күн бүгін.
Бәйбек
Ағайын — туған бар адам, Адалдық үшін жаралған. Бар қымбат — туыстық, Баянды болсын тыныштық.
Жансая
Бауырласқан тәніміз, Бұзылмаған антымыз. Кең даланың ежелгі Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай бізде де Бар дәстүр мен салтымыз. Қазақстан дейтін менің елім бар, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Арай
Елім менің — жарқыраған, жайнаған, Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған. Елім менің — биіктегі шырайнам, Қыран құсы көгінде мың самғаған.
Әсия
Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Тарихи дерек және сұрақ
1-жүргізуші
Бүгінгі Қазақстан — дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер мойындаған ел. Оның өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы бар. Еліміз өз егемендігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды.
2-жүргізуші
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен, сәулеті мен дәулеті жарасқан — Елордамыз Астана бар.
1-жүргізуші
Достар, сендер білесіңдер ме: Елорда — біздің нешінші астанамыз? Бірінші астанамыз — Орынбор, екінші — Қызылорда, үшінші — Алматы, төртінші — Астана.
Бірлік туралы ой-толғау
Қазыбек би
«Біз қазақ — достықты жақтаған елміз, дәм-тұзды ақтаған елміз».
Тыныштықтың құны
Қазақ халқының кең байтақ даласы бар. Сол байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет.
2-жүргізуші
Нәсілдерге нұрлы күн болсын! Ынтымақтың бір жырын шерткім келеді. Ұлттардың татулығын жырға қосып, ұлыстар бірлігін мақтан етемін.
1-жүргізуші
Тілі бөлек болғанымен, тілегі — бір. Қазақстан — бар ұлысқа ортақ шаңырақ, шаттығымызды шайқалтпай тіреп тұрған берік тұғыр.
«Мен қазақпын» — рух пен өрлік
2-жүргізуші
Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
1-жүргізуші
Мен қазақпын — биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.
Бейбітшілік — барша тілде ортақ сөз
2-жүргізуші
Жер — Анамыз, жасайды тарлық кімге? Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады — Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1-жүргізуші
Жақсылыққа, бақытқа Талпынған әр уақытта. Бала біткен — дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл.
Елдік туралы толғаныс
2-жүргізуші
Қайсарлығы қара тасты үгіткен, қаһарынан қас дұшпаны үріккен; қайырымдылығы тас жүректі жібіткен, арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан құраған елміз.
1-жүргізуші
Тағдырдың тезіне де, тозақтың өзіне де шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.
2-жүргізуші
Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік — Атамекені бар елміз. Сол мекеннің жусан иісін иіскеп өскен, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.
1-жүргізуші
Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты сүйегіне өткенде — кеудесінде жанартау жарылып, жауға тайсалмай қарсы тұрған халықпыз.
Жалынды жырлар
Айдана
Таң нұрындай Отаным! Сенде ғана жаралдым, Сенен ғана нәр алдым. Көз нұрындай Отаным! Шоқ жұлдыздай көктегі, Бауырласып көп елмен, Достық күйін шерткелі, Көсегеміз көгерген!
Назерке
Көбейе берсін «алашым» деген нар ұлдар, Болашақ ұрпақ алдында жүгің ауырлар. Бауырмалдықтың бағына кіріп, Шырқайық, бірліктің әнін, Тірліктің әнін, бауырлар!
Арайлым
Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәртебе алдаса да өзіңді. Тағдырыңды еш уақытта жазғырма. Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос — өз теңіңнің ішінен. Жүргендер көп достық атын малданып, Алайда тек қалма оған алданып.
Назерке (жалғасы)
Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып, Бабалар кетті ұрпаққа тілеп жақсылық. Тіпті кейде әзәзіл азғырған сәтте де, Елді бақытқа жетелейтін — ынтымақ, Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық. Қаншама қымбат дүние бар тарих-дүкенде, Сабыр ет, халқым — күн жақын, орнар құт! Егемендігім ерттелген кезде тұлпардай, Жұртым деп жүрген ерлердің ісі бітер ме?!
2-жүргізуші
Сондықтан да біздің мемлекет — кешегі бабаларымыз табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштап дамып келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан!
Қазақстан халықтарының бірлігі
1-жүргізуші
Ел бірлігі — ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге қажет. Көпұлтты мемлекеттің жарқын болашағының бір кепілі — Қазақстан халықтарының бірлігі.
Ортақ құндылықтар
- Ортақ Отан
- Татулық пен сыйластық
- Бейбіт өмір
Рамиль
Ортақ мекен — жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы — Достығымыз жарасқан.
Гүлбахар
Ақпыз, қара, сарымыз — Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су ортақ, Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз — Ағайынбыз бәріміз!
Жанел
Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ — Ортақ бізге барлығы.
Ұлдана
Тілегі бір, жүрегі бір, Достармен біз біргеміз. Туыс барда құрыштан да Берік біздің іргеміз!
Бағдәулет
Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көзімізде жарқырайды жарық күн. Ырыс, дәулет, бақыт үшін халқымның Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн! Достық бізге тым ыстық, Бірлік — байлық, ырыс — құт. Жарқырасын күніміз, Жаса, жаса тыныштық!
Қорытынды
2-жүргізуші
Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі — еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Ұран сөздер
- Бейбітшілік жасасын!
- Ынтымақтастық жасасын!
- Қазақстан жасасын!
- Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
1-жүргізуші
Осымен «Қазақстан — ынтымақ ордасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
2-жүргізуші
Сау-саламатта болыңыздар!
Қорытынды бөлімде орындалатын билер: «Әндижан», «Қара жорға».