Аналарыңның қандай сөздерімен оянасыңдар
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Көктем мезгіліндегі алғашқы мерекелердің бірі — Аналар мерекесі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
- Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылықты арттыру.
- Сөздік қорды молайту.
- 5–6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруға үйрету.
- Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
- Өлең, мақал-мәтел жаттату.
Тәрбиелік
Аналарға құрметпен қарауға, мейірім мен қамқорлықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Аналар мерекесіне арналған суреттер, слайдтар.
Әдіс-тәсілдер
Жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Оқу іс-әрекетінің барысы
1) Шаттық шеңбері
Сөйлеу дағдысыБалалар дөңгелене тұрып, әрқайсысы өз аналары туралы ой бөліседі: аналарының оларды қалай еркелететінін айтады. Мысалы: «Мені анам: айым, күнім, боташым, ақылдым дейді».
Интерактивті тақтамен жұмыс: «Балалар, бүгін бізге Дымбілмес келіпті. Оның тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?»
2) Үй тапсырмасын қайталау (Дымбілместің тапсырмасы)
ҚайталауӨткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылады:
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Көктем мезгілінде тағы қандай мерекелер болады?
3) Негізгі бөлім
Тақырыпты ашуЖұмбақ:
Жақсы бол деп баптаған,
Біз үшін тыным таппаған,
Бар тәттісін сақтаған,
Ол кім?
Жауабы: Ана
Бүгінгі тақырыбымыз — Ана. Ендеше, балалар, аналар туралы әңгімелесеміз.
а) Сурет бойынша жұмыс
Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі — Халықаралық әйелдер күні туралы түсінік беріледі.
Сұрақ-жауап және сөздік жұмыс
- Аналар туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
- Ребус шешеміз.
- Сендердің аналарың қандай?
Сипаттау сөздері: мейірімді, ақылды, әдемі, сұлу, қамқор, көрікті.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Ана мен бала туралы көрініс
Оқушылар ана мен бала арасындағы сыйластық, қамқорлық тақырыбын шағын көрініс арқылы көрсетеді.
«Сиқырлы сандық» ойыны
Шарты: сұрақтарға толық жауап беру.
- Аналарың жұмыстан шаршап келгенде қандай көмек көрсетесіңдер?
- Аналарыңды ренжітіп алсаңдар, не істейсіңдер?
- Аналарың қандай сөздерімен оятатын әдеті бар?
- Аналарың қандай істермен айналысады?
Қорытынды ой
Ана! Бұл — мейірім мен шапағатқа толы қасиетті сөз. Үш әріптен құралған осы ұлы ұғымның төркінінде қаншама жылы сезім, қамқорлық пен жауапкершілік жатыр. Сондықтан біз әрдайым анамызды құрметтеп, қастерлей білуіміз керек.
4) Оқу іс-әрекетін қорытындылау
ҚорытындыӨлең-тақпақ айту
Сабақ барысында ана туралы жаттаған өлең-тақпақтарын оқушылар мәнерлеп айтады.
Бағалау
Жетондарды санау арқылы белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.