Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар

Дене шынықтыру сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы

Уақыт есебімен 4×100 м жүгіру (эстафета)

Өтетін орны

Спорт алаңы

Керекті құралдар

  • Ағаш таяқша
  • Ысқырық
  • Секундомер

Мақсаты

  • Икемділік, жылдамдық, шыдамдылық қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу.
  • Жүгіру тәсілдерін жетілдіру.

I. Дайындық бөлімі

Қауіпсіздік пен тәртіпке көңіл бөлу

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сапқа тұрғызу.
  • Сәлемдесу.
  • Рапорт қабылдау.
  • Журнал бойынша түгендеу.
  • Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
  • Бұрылулар: оңға, солға, кері.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

  1. 1 Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру.
  2. 2 Қол белде, өкшемен жүру.
  3. 3 Қолды екі жаққа созып, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
  4. 4 Қол желкеде, жартылай отырып жүру.
  5. 5 Толық отырып жүру.

Тыныс алуды қалпына келтіру

Екі қолды жоғары көтеріп, демді ішке тартамыз. Қолды төмен түсіріп, демді сыртқа шығарамыз.

Ескерту: тыныс алу бірқалыпты, қозғалыс ырғақты орындалады.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар

  1. 1 Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
  2. 2 Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру.
  3. 3 Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
  4. 4 Оң және сол жақ қырымен, қолды айналдыра жүгіру.
  5. 5 Артпен жүгіру.

Соңында өкпені қалыпқа келтіріп, жүріс арқылы тынысты реттейміз.

Жалпы дамыту жаттығулары (бір орында)

Бастапқы қалып (Б.Қ.) Орындау тәртібі
1 Аяқ иық деңгейінде, қол белде. 1–4 санағында басты оңға, 5–8 санағында басты солға айналдыру.
2 Аяқ иық мөлшерінде, екі қол иықта. 1–4 санағында қолды алға, 5–8 санағында артқа айналдыру.
3 Екі қол кеуде тұсында. 1–2 санағында жартылай, 3–4 санағында толық ашу.
4 Оң қол белде, сол қол жоғары. 1–2 санағында оң жақ бүйірге еңкею, 3–4 санағында сол жаққа еңкею.
5 Қол белде. 1–4 санағында белді оңға, 5–8 санағында солға айналдыру.