Мәтінді мазмұндап айту

Сабақ туралы

Тақырыбы

Қамқорлық

Түрі

Жарыс сабақ

Көрнекілігі

  • Оқулық
  • Бағалау картасы
  • Буклет
  • Венн диаграммасы

Мақсаты

  1. 1) Тақырып мазмұнын меңгерту; жүйелі сөйлеуге, табиғатқа және құстарға қамқорлық жасау қажеттігін үйрету.
  2. 2) Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге, ұжымдық (топтық) жұмыс жасауға үйрету; ой-өрісін және ойлау қабілетін дамытып, қорытынды жасауға машықтандыру.
  3. 3) Мейірімділікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; Отанын сүюге және қорғауға баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Мұғалім: «Сәлематсыздар ма, балалар?»

Балалардың сәлемдесуі:

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем беріп сіздерге, Бас иеміз біз.

Күнтізбелік сұрақтар

  • Бүгін қандай күн? Жұма, 2 наурыз
  • Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем
  • Көктем айларын ата. Наурыз, сәуір, мамыр

«Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін.»

Психологиялық дайындық

Ана тілің — арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

Топтарға бөлу және бағалау

Топтар

Ақылдылар Ойшылдар Білімділер Алғырлар Тапқырлар

Бағалау

Сабақ барысында әр топ бағалау картасы арқылы бағаланады. Ұпайлар «5», «4», «3» бағаларына сәйкес белгіленеді. Сабақ соңында қорытынды жасалып, алға шыққан топ анықталады.

Үй тапсырмасын тексеру

Барлық топқа ортақ тапсырма: мәтін мазмұнын айту.

Ақылдылар

Мәтіннен қазақ ауылының орналасқан жері суреттелген бөлікті тауып, оқып береді.

Ойшылдар

Бүркітті сипаттап айтып береді.

Білімділер

Мәтіндегі жауыз адамдардың әрекеттерін санамалап айтып береді.

Алғырлар

Бүркіттің әрекетін жауыз адамдардың әрекетімен салыстырады.

Тапқырлар

Мәтіннің әр бөлігіне ат қояды.

Әр жауапқа сәйкес белгі қойылып отырады.

Сабақ құрылымы (3 кезең)

  1. I кезең: Ой қозғау
  2. II кезең: Мағынаны ашу
  3. III кезең: Ой толғаныс

I кезең: Ой қозғау

Жеке жұмыс

  • Кітап жабылады.
  • Дәптер ашылып, бүгінгі күн жазылады: 2 наурыз.
  • «Қамқорлық» сөзін қалай түсінесіңдер? Әр оқушы өз ойын дәптерге жазады.
  • Үш рет шапалақ соғылғаннан кейін жазғандарын оқиды.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Бұл сабақта біз Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

  • Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген.
  • Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын, кейін Мәскеудегі жоғары әдеби курсты аяқтаған.
  • Шығармалары негізінен балаларға арналған.
  • Танымал туындылары: «Ағаштар неге ашуланды?», «Бұлақ» (өлеңдер), «Бақыт жолы» (әңгіме).
  • «Менің атым Қожа» фильмінің әдеби негізін қалаған автор.

II кезең: Мағынаны ашу

Болжау және топпен талқылау

«Қамқорлық» әңгімесі не туралы болуы мүмкін? Оқушылар топпен ой бөліседі. Содан кейін мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.

Талқылау аяқталған соң үш рет шапалақ арқылы кезең қорытындыланып, топтар жауап береді.

Талқылау сұрақтары

  1. 1) Әңгіме не туралы? Оқиға ары қарай қалай өрбуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
  2. 2) Оқиға кімдер туралы? Оқиға қалай жалғасады?
  3. 3) Кейіпкерлерді бағалаңдар. Осындай жағдайда өздерің не істер едіңдер?

Әр жауап бағалау картасына белгіленіп отырады.

Сергіту сәті

Торғай, торғай, тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап. Бөтегесі бұлтиып, Шиқ-шиық десіп отырмақ.

III кезең: Ой толғаныс

Венн диаграммасы

Жантас пен Қожаға мінездеме беру арқылы кейіпкерлерді салыстыру орындалады.

Жантас

Жағымсыз қасиеттері көбірек.

Ортақ белгілер

Ұқсастықтары мен ортақ қылықтары анықталады.

Қожа

Жағымды қасиеттері көбірек.

Сыныппен әңгіме: «Біздің сыныбымызда Жантас сияқты балалар бар ма?» — «Жоқ». Оқушыларға Қожа сияқты әдепті, мейірімді, ақылды болу қажеттігі қорытындыланады.

«Мың бір мақал» ойыны

Әр топқа мақалдың басы айтылады, топтар жалғасын табады.

1. Жақсы бала — қуаныш, жаман бала — күйініш.

2. Жақсының аты өлмейді, жазушының хаты өлмейді.

3. Жақсылардың үлгісі — жанып тұрған шамдай. Шешендердің сөздері — ағып тұрған балдай.

4. Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады. Көңілің ашылады.

5. Жақсы келді дегенше, жарық келді десейші. Жақсылықтың нышанын алып келді десейші.

6. Жақсы ата — орман, жақсы бала — қорған.

7. Жақсының алдында жазыласың, жаманның алдында тарыласың.

Қорытынды

Бұл сабақта біз табиғатқа, құстарға, ата-анаға және айнала қоршаған ортаға қалай қамқорлық жасау керектігін талқыладық. Сыныпта Қожа сияқты ақылды, мейірімді балалар көбейсе, еліміздің болашағы да нық болады деген ой түйінделеді.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  1. 1) Мәтінді мазмұндап айту.
  2. 2) Мәтіннен торғайдың халін суреттеген жерін тауып оқып, айту.
  3. 3) Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлімге атау қою.
  4. 4) Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
  5. 5) Балапан торғай жазылды ма? Өз ойыңды дәлелде.

Бағалау

Барлық топтардың жинаған бағалары есептеледі. Нәтижесінде алға шыққан топ белгіленеді.

Кері байланыс

«Өз білімдеріңді жақсы көрсеткендерің үшін рақмет.»