Жайлауда мәтінін мәнерлеп оқу

Сабақ жоспары: бас әріппен жазылатын сөздер

1-сынып • Тақырып: «Жайлауда»

Пәнаралық байланыс

География

Сабақ мақсаты

  • Білімділік

    Жер-су атауларын бас әріппен жазуға жаттықтыру арқылы оқушылардың оқу сапасын арттыру, таным көкжиегін кеңейту.

  • Дамытушылық

    Логикалық ойлауын және ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

  • Тәрбиелік

    Табиғатқа ұқыпты, қамқор қарым-қатынас қалыптастыру.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі

Білім, білік және дағдыларды қолдану сабағы

Сабақ әдістері

  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
  • Топтық жұмыс
  • Интерактивті тақта және электронды оқулық

Көрнекіліктер

«Бас әріппен жазылатын сөздер» кестесі, жайлау және елдер суреттері.

Негізгі ұғым

Адам аттары, жер-су атаулары, жануарлар мен үй хайуанаттарының атаулары — сөйлем ішінде бас әріппен жазылатын жағдайлар.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Оқушылар берілген сөздерді топтастырып, әр топ өз санатына сай сөздерді анықтайды және сол сөздермен сөйлем құрайды.

Сөздер

Асан Алатау Мұрат Ақтөс Шымкент Серкебаев Құлагер Талдықорған Құтжол

I топ

Адам аттары

II топ

Жер-су атаулары

III топ

Үй хайуанаттары мен жануарлар атаулары

II. Мағынаны тану

  1. Суретпен жұмыс: берілген «Жайлау» суреті бойынша оқушылар әңгіме құрайды.
  2. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: жайлау туралы қысқаша түсінік беріледі.
  3. Оқулықпен жұмыс: «Жайлауда» мәтіні мәнерлеп оқылады, мазмұны түсіндіріледі.
  4. Электронды оқулық: география пәні мұғалімі Ұлы Жібек жолы туралы түсінік береді.
  5. Іштей оқу және дауыстап оқу: мәтін оқушыларға іштей оқытылады, кейін мәтін бөліктері бойынша 3 топқа дауыстап оқытылады.

Мәтін бойынша сұрақтар

I топ

  • Әңгіме не туралы?
  • Қандай жайлаулар бар?

II топ

  • Адамдар жайлауда не істейді?
  • Балалар не істейді?

III топ

  • Таулы жайлауда қандай жемістер өседі?
  • Мәтінде берілген жайлау атаулары қандай әріппен жазылған?

Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы 229-жаттығу орындалады (тақтаға жазу арқылы).

«Ортадағы қаламсап» әдісі

А, Қ, Ж әріптерінен басталатын жер-су атауларын жазу.

Сергіту сәті

Қазақ халқы жайлауда жүргенде ән айтып, би билеген. Осы дәстүрге байланысты оқушылар «Қара жорға» биін билейді.

Шығармашылық жұмыс

Өлеңнен бас әріппен жазылатын сөздерді тауып, дәптерге жазу.

Мәтін

Сырдария

Білем сені, сүйем сені,

Сырдың суы — қарт анам!

Сенсің мені әлдилеген,

Туған сенен мен — балаң.

Жазса Тарас Днепрді,

Жазса Пушкин Еділді,

Неге маған жырламасқа,

Сырда туған елімді.

Ә. Тәжібаев

I топ

Өлеңді мәнерлеп оқу

II топ

Кісі аттарын теріп жазу

III топ

Өзен аттарын теріп жазу

III. Ой толғау

Не үйрендік?

Ел атаулары, жер-су атаулары және кісі есімдері сөйлем ішінде бас әріппен жазылады.

Қорытынды тапсырма

230-жаттығу: жұмбақтағы ел атауларын тауып, бас әріппен жазылатынын дәлелдеу (елдердің суреттері көрсетіледі).

IV. Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, мәтінді түсінуі, жазылым тапсырмаларын орындауы және шығармашылық жұмысы бойынша бағаланады.

V. Үй тапсырмасы

  • «Жайлауда» мәтінін оқу.
  • «Жайлау» тақырыбына сурет салу.

Автор туралы

Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Амирова Эльмира Қадірліқызы.