Музыка аспаптары

Сабақ жоспары

Қазақтың музыкалық аспаптары

Бұл сабақ қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарын таныстыруға, оқушылардың аспапқа қызығушылығын арттыруға және орындаушылық техникасын жетілдіруге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстыру.
  • Оқушылардың аспапқа қызығушылығын арттырып, орындау техникасын дамыту.

Көрнекіліктер

  • Музыкалық аспаптар (нақты үлгілер).
  • Мультимедиа арқылы көрсетілім.
  • Күй жазылған таспа (магнитофон).

Сабақтың жүру барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі.

    Дәулеткерей туралы қысқаша мәлімет

    Дәулеткерей Шығаев 1820 жылы бұрынғы Бөкей ордасының Қарамола атты жерінде дүниеге келген. Оның домбырашылық өнерінің қалыптасуына атақты домбырашы Мүсірәлі ықпал еткен.

    Алғашқы күйлерінің қатарында «Қыз Ақжелең», «Қосалқа» бар. Исатай Тайманов көтерілісіне қатысқан кедейлерді қудалаған Қарауылқожаға арнап «Қарақожа» күйін шығарған.

    Дәулеткерей күйлері лирикалық әуенімен ерекшеленеді. Танымал шығармалары: «Салық өлген», «Топан», «Жігер», «Байжұма» және т.б.

    «Қосалқа» күйінің мазмұны мен сипаты

    • Бұл күйде алқасы теңселіп, су әкеле жатқан қыздың бейнесі көркем суреттеледі.
    • Екпіні — орташа.
    • Күйді ұлт аспаптар оркестрі орындағанда домбыра, сыбызғы және әртүрлі ұрмалы аспаптардың бояуы естіледі.
    • Жанрлық тұрғыдан бұл шығарма төкпе күйге жатады.

    Сабақта күйді тыңдап, кейін барлығымыз бірге орындауға көшеміз.

  3. «Күй тартысы» дегеніміз не?

    Ертеде халық арасында сөз жарыстыру (айтыс) ғана емес, аспаптық музыка арқылы өтетін күй тартысы да болған. Ең қызықты, тартымды тартыс күйлер халық жадында ұзақ сақталып, бүгінге дейін жеткен. Күй тартыстар үлкен тойларда, мерекелерде орындалған.

  4. «Терме» дегеніміз не?

    Терме — ақылы мен нақылы мол, тоқпақ сазды әуенге құрылған қазақ поэзиясы мен вокалды музыка жанры. «Терме» атауы «теру» (таңдап, теріп айту) сөзінен тараған.

  5. «Айтыс» дегеніміз не?

    Қазақ өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар суырыпсалма өнер кең дамыған. Үлкен жиын-тойларда жұрт бір-біріне өлеңмен тез жауап қайтарып, сөз сайысын ұйымдастырған. Уақыт өте келе бұл дәстүр өнер жарысына, яғни айтысқа айналды.

    Бәдік айтыс Жар-жар айтыс Қыз бен жігіт айтысы Ақындар айтысы

Жаңа тақырып: Қазақтың музыкалық аспаптары

Қазақ аспаптары дыбыс шығару тәсіліне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Төмендегі жіктеу арқылы әр аспаптың табиғатын анық көруге болады.

Ішекті аспаптар

  • Домбыра
  • Қобыз
  • Жетіген
  • Шаңқобыз

Ұрып ойналатын аспаптар

  • Дабыл
  • Даңғыра
  • Асатаяқ
  • Қоңырау

Үріп ойналатын аспаптар

  • Сазсырнай
  • Үскірік
  • Мүйізсырнай

Бекіту тапсырмасы: кроссворд

Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды қайталаймыз. Қажет болса, оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей алады.

Сұрақтар

  1. Дәулеткерейдің ең алғаш шығарған күйі.
  2. Ұрмалы аспап.
  3. Айтыстың бір түрі.
  4. Дәулеткерейдің туған жері.
  5. Үрмелі аспап.
  6. Термені орындайтын адам.
  7. Сілкіп ойналатын аспап.
  8. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын аспап.
  9. Сазсырнай неден жасалады?
  10. Сыбызғы неден жасалады?

Жауап кілті

  • 1. «Қыз Ақжелең»
  • 2. Дабыл
  • 3. Жар-жар
  • 4. Қарамола
  • 5. Сазсырнай
  • 6. Термеші
  • 7. Асатаяқ
  • 8. Шаңқобыз
  • 9. Саздан
  • 10. Қурайдан

Түсінгенін тексеру

Не білемін?

Бұрыннан таныс аспаптар, күйлер және терминдер бойынша қысқа жауап.

Нені білдім?

Бүгінгі сабақтан алған жаңа ұғымдар мен байқаған ерекшеліктер.

Не білгім келеді?

Қосымша зерттегісі келетін аспап, күй немесе орындаушылық әдіс.

Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, кері байланыс ретінде тақтаға орналастырады.

Қорытындылау және бағалау

Қорытынды

Сабақта қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс шығару тәсіліне қарай жіктеліп, «күй», «күй тартысы», «терме», «айтыс» ұғымдары жүйеленді. Дәулеткерейдің шығармашылығы арқылы күй өнерінің көркемдік сипаты талданды.

Бағалау

  • Орындау сапасы мен белсенді қатысуына қарай бағалау.
  • Кроссворд және сұрақ-жауап нәтижесін ескеру.

Ескертпе

Үй тапсырмасын тексеру және келесі тапсырманы нақтылау мұғалімнің оқу мақсаты мен сынып деңгейіне сай жоспарланады.