Асыл тасты сұрақтар
Сабақтың тақырыбы
Үздік информатик
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Оқушыларға XXI ғасырдағы жаңа технологиялар мен ақпараттандыру бағыттарын меңгерту.
- Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың білімін жетілдіру және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелік
- Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне талап қоя білуге тәрбиелеу.
- Сабақ барысында қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтату.
Сабақтың түрі және көрнекілігі
Сабақтың түрі
Өтілген тарау бойынша қайталау. Сабақ жарыс-сайыс түрінде өткізіледі.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Слайдтар
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сайысқа шақыру.
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
- Сайысты өткізу.
- Әділқазылар алқасының қорытындысын жариялау.
- Марапаттау.
Сайыс жоспары
- Бәйге
- Асыл тасты сұрақтар
- Дода көкпар
- Жеті жұмбақ
- Кім жылдам?
Жүргізуші сөзі
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым, отырсың ба елеңдесіп?
Ата-салт, баба дәстүр жолымен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.
Әділ халқым, берерсің әділ баға,
Өнері мен өренін салыстырып.
Ең алдымен, осы ойында әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Төрағасы, төбе билер, қазылар,
Әділетпен кеңес құра біліңдер!
I кезең — Бәйге
Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
I топ — сұрақтар
- Аты бар бірқатар байттар тізбегі — файл.
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал — компьютер.
- ЭЕМ-мен жұмыс кезінде экраннан отыру қашықтығы — 60–70 см.
- Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы — сканер.
- Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі — процессор.
II топ — сұрақтар
- Принтердің түрлері — 3.
- Компакт-диск оқу құрылғысы — CD-ROM.
- Дүниежүзілік компьютерлік желі — интернет.
- Компьютер «ауруы» — вирус.
- Windows — «терезе», сондай-ақ операциялық жүйе.
1-тур қорытындысы аяқталды.
Ең қиынын жарыстың — жеңіп ал, алда жарыссың!
Келесі кезең — «Асыл тасты сұрақтар».
II кезең — Асыл тасты сұрақтар
Алдарыңызда 6 сұрақ берілген. Олай болса, экранға назар аударайық.
I топ
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- Операциялық жүйенің жіктелуін атаңыз.
- Бір тапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
II топ
- Көп тапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
- Қазіргі заманда дербес компьютердің неше түрі бар?
- Тасымал компьютер деген не?
III кезең — Дода көкпар
Оқушылар берілген қатардан артық терминді табуы керек.
I топ
- Екі, бес, нөл, қосынды, бір, тоғыз
- Принтер, монитор, графиксалғыш, пернетақта
- Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу
- Торкөз, қызыл, жасыл, көк
II топ
- Вирус, синус, косинус, тангенс
- Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт
- Нүкте, Shift, үтір, қос нүкте
- Монитор, тышқан, пернетақта, жүйелік блок
IV кезең — Жеті жұмбақ
Әр топқа үш-үштен жұмбақ жасырылады.
I топ
-
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны — мекені.
Жауабы: кактус -
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң, жауап берші.
Жауабы: тышқан -
Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай аталады?
Жауабы: принтер
II топ
-
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
Жауабы: монитор -
Биологияда бұл — паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада — өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.
Жауабы: бит -
Бес атаның балалары,
Қыдырмашы біреуі:
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті.
Жауабы: пернелер
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма —
Мәреге таяп қалды бұл жарыста!
V кезең — Кім жылдам?
Сайыстың шарты: әр топ өз тобының атауынан бірнеше сөз құрастыруы керек.
I топ
Информатика
II топ
Ақпараттандыру
Информатика болашаққа бастайды, келешекке білім қуған жастарды.
XXI ғасырға қадам басып, әлем жаңалығына жол ашады.
Қорытынды
Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
«Үздік информатик» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!