Дауыссыз дыбыс түрлері
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы
Жамбыл ЖОББМ-Б, І санат бастауыш сынып мұғалімі: Қазбек Рыскалиұлы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың дауыссыз дыбыс туралы өткен білімдерін қорытындылап, толықтыру; дауыссыз дыбыстың түрлері туралы жаңа білім қалыптастыру; сөздерді талдауға үйрету; сауатты жазу дағдыларын жетілдіру; ой-өрісін, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту; құстарға қамқорлық жасауға және оларды аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ.
Сабақтың әдістері
- сұрақ-жауап
- түсіндіру
- талдау, жинақтау
- тест
- шығармашылық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
- дүниетану
- бейнелеу өнері
- әдебиеттік оқу
Көрнекіліктер
- тест тапсырмалары
- электронды оқулық
- грамматикалық және дидактикалық ойындар
- интерактивті тақта
- бағалау картасы
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Саяхатқа дайын екенімізді анықтау үшін үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексереміз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу
- Темірді ................ – оңай шаруа емес.
- Менің жұмысым – шөп ...........
- Әжем құрақтарды .......... тігіп отыр.
- Іш ауырса, ауызды ......... керек.
Керекті сөздер
- (ию, иию)
- (жию, жыю)
- (қиюластыру, қиуластыру)
- (тию, тыю)
Үй тапсырмасы сәтті орындалса, саяхатымызды бастаймыз.
3) Өткен материалды еске түсіру
Енді ауыл мекемелеріне саяхат жасаймыз. Бірінші аялдама — Ауыл әкімдігі. Мұнда ауыл әкімі кім екенін анықтай отырып, дауыссыз дыбыстың түрлерін қайталаймыз.
Негізгі ұғым
Дауыссыз дыбыстардың түрлері: қатаң, ұяң, үнді.
Саяхат форматы
Әр аялдамада тапсырма орындап, білімімізді нақтылаймыз.
Оқу дағдысы
Сөз талдау және сауатты жазу.
4) Жаңа сабақ
Екінші аялдама — Ауыл дәрігерлік пункті
Ауылдың бас дәрігері кім екенін тапсырма арқылы анықтаймыз. Оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
1-жаттығу (өз бетімен жұмыс)
«Артық сөз» ойыны: сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Тапсырма: артық сөзді тап.
Үшінші аялдама — Ауыл поштасы
Пошта бөлімшесінде интерактивті тақтадағы тапсырманы орындап, дауыссыз дыбыстарды түрлеріне қарай топтастырамыз.
2-жаттығу (интерактивті тақта)
Қою қаріппен берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды топтап жаз: балапан, жасайды, тұрғызады.
Қатаң
...
Үнді
...
Ұяң
...
Пошта қызметкері: Қасымова Гүлшат апай.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Әдемі етіп жазамыз
Күнде «бестік» аламыз.
Келесі аялдама — Ауыл мәдениет үйі
Мәдениет үйі туралы әңгімелесеміз: клубта не бар, қандай бөлімдер жұмыс істейді? Негізгі нысан — кітапхана.
3-жаттығу (ауызша)
аққу, қанат, суық сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Аққу
- а — дауысты, жуан
- қ — дауыссыз, қатаң
- қ — дауыссыз, қатаң
- у — дауысты, жуан
Қанат
- қ — дауыссыз, қатаң
- а — дауысты, жуан
- н — дауыссыз, үнді
- а — дауысты, жуан
- т — дауыссыз, қатаң
Суық
- с — дауыссыз, қатаң
- у — дауысты, жуан
- ы — дауысты, жуан
- қ — дауыссыз, қатаң
Мәдениет үйінің директоры: Тәменов Сағындық.
Кітапханашы: Жұмағалиева Клара апай.
Келесі аялдама — Мектеп
Мектеп директоры кім екенін келесі тапсырма арқылы анықтаймыз.
5-жаттығу: ұлттық ойын «Жамбы ату»
Дөңгелектер ішінде орналасқан буындардан сөз құрастыр: шағала, тоқылдақ, бөдене.
Құрастырылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды үшке бөліп жаз: қатаң, ұяң, үнді.
Қатаң
...
Ұяң
...
Үнді
...
5) Сабақты бекіту
«Сөз тапқанға» ойыны: оқушының жауабы үнемі бір дыбыстан басталуы керек (мысалы, М дыбысынан).
-
Қалтаңда не бар?
-
Бор қандай?
-
Аспан қандай?
-
Қандай сурет саласың?
-
Өскенде кім боласың?
-
Ауа райы қандай?
6) Қорытынды
Сабақ бойы тапсырмалар арқылы дауыссыз дыбыстарды талдап, оларды қатаң, ұяң, үнді болып ажыратуды бекіттік. Саяхат форматы оқушылардың белсенділігін арттырып, тілдік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
7) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы: 63-бет, 4-жаттығу. Ережені жаттау.
Бағалау: бағалау картасы арқылы оқушылардың жұмысы қорытындыланады.