Туған өлкенің сұлулығы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Дәулетқұлова Айгүл. Сабақ тақырыбы: «Туған өлкем» (Өтебай Тұрманжанов).
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру
Көрнекіліктер
Суреттер, кесте
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушыларды Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, сын тұрғысынан ойлауын дамыту; шығармашылық жұмыс істеуге, өз ойын ашық, айқын әрі дәлелді жеткізуге үйрету.
3) Тәрбиелік
Туған жерді сүюге тәрбиелеу және еліміздің ертеңі — білімді ұрпақ екенін ұғындыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.
Мотивация
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!
Сабақтың ұраны
Қазынаң — сенің тіл деген,
Бабалар соны біл деген.
Ешкім де жақсы болмайды,
Өз тілін жақсы білмеген.
Оқысаң қанша ілімді,
Болсаң да қанша білімді,
Ұмытпау керек әрқашан
Өзіңнің туған тіліңді!
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: Ж. Әдірашев — «Отан».
Тапсырмалар
- Біз білетін мәліметтерді айту.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Сұрақ-жауап арқылы талдау.
Талқылау сұрақтары
- Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
- «Отан» ұғымын қалай түсінесің?
- Ақын шығармасының «Отан» деп аталу себебі неде?
3) Жаңа сабақ: «Туған өлкем» (Өтебай Тұрманжанов)
Автор туралы
Өтебай Тұрманжанов — жазушы, профессор. Шығармаларының қатарында: «Қошан кедей», «Таң сыры».
Мазмұнды түсіндіру
Өлең мазмұны мұғалімнің түсіндірмесі арқылы талданып, негізгі ойы мен тәрбиелік мәні ашылады.
Сөздік жұмысы
- Көркем
- Сұлу, әдемі.
- Гүл жұпар сепкен
- Иісі аңқыған, жұпары жайылған.
4) Жаңа сабақты пысықтау
Оқулықпен жұмыс (сұрақ-жауап)
- Жазушы туған өлкенің сұлулығын қалай суреттеген?
- Кең-байтақ даламызды неге теңеген?
- Еңбек пен еркіндік туралы қандай ой айтылады?
- Туған елің үшін сен не істер едің?
5) Сергіту сәті
Қарлығаш — адамға жақын жүретін, сезімтал құс. Ол туралы туған жерді сүюге үндейтін көптеген ертегілер мен өлеңдерде айтылады. Сергіту үшін Б. Бисенова орындауындағы «Қарлығаш» әнімен бірге қимыл-қозғалыс жасалады.
6) Дәптермен жұмыс
Мақал-мәтелдер
- Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
- Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Тренинг: «Өрмек»
- 1-қатар: Туған өлкенің сұлулығы.
- 2-қатар: Туған өлке туралы мақал.
- 3-қатар: Туған елдің байлығы.
7) Шығармашылық жұмыс
«Мен автор болсам, әңгімені қалай аяқтар едім?» тақырыбында ойтолғау жазу немесе ауызша баяндау.
Тапсырма «Туған жер» әнін тыңдау барысында орындалады.
Қорытынды
Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық, үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді ұмытпай, есте сақтайық.
- «Туған өлкем» — мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
- «Туған жерім» тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі, мәтінді түсінуі және шығармашылық жұмысы бойынша бағаланады.
Назарда
Мәнерлеп оқу, ойды жүйелеу, пікір білдіру.
Нәтиже
Туған жерге сүйіспеншілік пен тіл құндылығын түсіну.