Шығармашыл топ оқушылары

Тірек-қимыл жүйесі бойынша қайталау сабағы

Оқушылардың тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, қайталау сабағын өткіздім. Сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, іздену және құрастыру жұмыстарын жүргізе білу дағдыларын дамыту, алынған ақпаратты тәжірибеде қолдануға үйрету көзделді.

Сабақ топтық және жұптық жұмыс форматында ұйымдастырылды. Негізгі тәрбиелік мақсаттар: оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа және денсаулықты сақтауға баулу.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Электронды оқулық
  • Тірек-сызбалар
  • Интерактивті тақта тапсырмалары
  • «Сүйек аурулары» слайдтары
  • Тест сұрақтары
  • Activote (активод) арқылы бағалау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
  • Мақсат қою арқылы назарды сабаққа аудару, ынталандыру.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу: I — шығармашыл, II — мүмкіндігі бар, III — міндетті.

II. Сабақтың мақсатты бағытталуы

Бүгінгі сабақта ТҚЖ бойынша алған білімімізді бекіту үшін көру, сызу, орындау, зерттеу, дәлелдеу және бағалау сияқты оқу әрекеттерін қолданамыз.

Еске түсіру

Электронды оқулық арқылы «Тірек-қимыл жүйесі» тарауына қысқаша шолу жасаймыз.

Шығармашылық топ жұмысы

Үй тапсырмасы ретінде оқушылар таңдаған тақырыпшалар бойынша тірек-сызбалар дайындап келді және оны тақтада түсіндіріп көрсетті.

Тірек-сызба тақырыптары (слайдтар тізбегі)

  1. 1.ТҚЖ-ның маңызы
  2. 2.Қаңқа бөліктері
  3. 3.Сүйек типтері және олардың байланысуы
  4. 4.Бұлшық еттердің типтері мен негізгі топтары
  5. 5.Бұлшық ет жұмысы

III. Интерактивті тапсырмалар

Интерактивті тақта арқылы тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындалды.

«Мүмкіндігі бар» топпен жұмыс

  • №1 — бассүйек құрылысы
  • №2 — сүйек құрылысы
  • №3 — қол сүйектері
  • №4 — аяқ сүйектері
  • №5 — табан сүйектері

«Міндетті» топпен жұмыс (карточкалар)

  • №1 — қаңқадағы сүйек атауларын жазу (сурет бойынша)
  • №2 — қол сүйектерінің атаулары (сурет бойынша)
  • №3 — аяқ сүйектерінің атаулары (сурет бойынша)
  • №4 — омыртқа құрылысы мен түрлері (сурет бойынша)
  • №5 — бүгу және жазу механизмін түсіндіру

IV. Зертханалық жұмыс: бұлшық еттің жұмысы

Бұлшық ет пен қаңқаның құрылысы мен маңызын талдағаннан кейін бұлшық ет жұмысының жүзеге асу жолдарын зерттедік. Бұлшық ет жұмысы негізінен екі әрекет арқылы орындалады: бүгу және жазу.

Тәжірибе

Екі оқушы 5 кг гантельмен жұмыс жасайды: біріншісі гантельді бір қалыпта ұстап тұрады, екіншісі көтеріп-түсіріп отырады (35 секунд ішінде). Қай оқушының қолы тезірек шаршайтыны бақыланады.

Нәтиже

Гантельді бір қалыпта ұстап тұрған оқушы тезірек шаршайды.

Түсіндіру

Жүктi ұстап тұрған кезде бұлшық еттер үздіксіз кернеуде болады, ал көтеріп-түсіргенде бұлшық еттер кезектесіп жұмыс істеп, салыстырмалы түрде демалып үлгереді.

Неге бұлшық еттер қажиды?

Бұлшық еттің жиырылуына энергия қажет. Энергия көзі — митохондрияда түзілетін АТФ. АТФ қоры глюкозаның, май қышқылдарының және аминқышқылдарының ыдырауы арқылы толықтырылып отырады.

Қан арқылы жеткізілетін оттегі бұлшық еттегі миоглобинмен байланысады (миоглобин бұлшық етке қызыл түс береді). Бұлшық ет тыныштықта болғанда оттегі қоры жеткілікті жиналады, ал үздіксіз жұмыс кезінде оттегіне сұраныс артып, тапшылық туындайды.

Оттегі жетіспегенде энергия өндірудің анаэробты жолы күшейіп, гликолиз нәтижесінде сүт қышқылы көбірек түзіледі. Соның әсерінен ауырсыну мен қажу байқалады. Бұлшық етке демалыс берілсе, оның қызметі біртіндеп қалпына келеді.

V. Қаңқаға байланысты аурулар және алдын алу

Қаңқа жүйесіне қатысты аурулар жиі кездесетіндіктен, олардың түрлерін және алдын алу жолдарын білу маңызды. Үй тапсырмасы ретінде оқушылар ғаламтор ресурстарын пайдаланып, «Сүйекке байланысты аурулар» тақырыбы бойынша ізденіс жұмысын дайындап, слайд арқылы қорғады.

VI. Білімді бекіту және бағалау: тест (Activote)

Тарау бойынша білімді тиянақтау және бағалау үшін Activote құрылғысы арқылы тест жұмысы орындалды. Нәтижелер талданып, қателер бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Тест сұрақтары

  1. 1. Қысқа сүйекке қайсысы жатады?

    • a) иық сүйектері
    • b) жауырын, бас сүйектері
    • c) шынтақ және тобық сүйектері
  2. 2. Аз қимылдайтын буын:

    • a) жамбас сүйектері
    • b) бас сүйектері
    • c) омыртқа
  3. 3. Дене қаңқасы неден тұрады?

    • a) омыртқа жотасы, кеуде қуысы, қол белдеуі
    • b) омыртқа жотасы, кеуде қуысы, аяқ белдеуі
    • c) омыртқа жотасы, кеуде қуысы, аяқ-қол белдеуі
  4. 4. Ересек адамның омыртқа жотасының қай бөліктері бірігіп кеткен?

    • a) кеуде, құйымшақ
    • b) кеуде, сегізкөз
    • c) сегізкөз, құйымшақ
  5. 5. Сколиоз дегеніміз:

    • a) артқа қарай бағытталған иілім
    • b) алға қарай бағытталған иілім
    • c) омыртқа жотасының бір жаққа қисаюы
  6. 6. Қол белдеуі қандай сүйектерден құралған?

    • a) жауырын мен бұғана
    • b) жауырын, бұғана, төс
    • c) жауырын, бұғана, төс және қабырғалар
  7. 7. Адам қаңқасындағы ең үлкен және ұзын сүйек:

    • a) асықты жілік
    • b) ортан жілік
    • c) шынтақ сүйек
  8. 8. Адамның бас сүйегіндегі жалғыз қозғалғыш сүйек:

    • a) тіласты сүйегі
    • b) төменгі жақ
    • c) таңдай сүйегі
  9. 9. Бұлшық еттер мөлшері мен ұзындығына байланысты қалай бөлінеді?

    • a) ұзын, қысқа, жалпақ, дөңгелек
    • b) ұзын, қысқа, жалпақ, аралас
    • c) ұзын, қысқа, дөңгелек
  10. 10. Қысқа бұлшық еттер адам денесінің қай бөлігінде орналасқан?

    • a) аяқта, қолда
    • b) омыртқалар арасында
    • c) дене қуысында
  11. 11. Ұзын бұлшық еттер адам денесінің қай бөлігінде орналасқан?

    • a) аяқта, қолда
    • b) омыртқалар арасында
    • c) дене қуысының қабырғасында
  12. 12. Арқа бұлшық еттеріне қайсысы жатады?

    • a) арқаның терең бұлшық еттері
    • b) арқаның терең бұлшық еттері, трапеция тәрізді бұлшық ет
    • c) арқаның терең, трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері
  13. 13. Бастың бұлшық еттері:

    • a) шайнау, мимикалық, самай
    • b) шайнау және мимикалық
    • c) сатылы, шайнау және мимикалық

VII. Бағалау

Бағалау топ басшылары арқылы жүргізілді: әр оқушының аты-жөні жазылған парақ толтырылып, нәтижелері хабарланды. «Шығармашыл», «мүмкіндігі бар», «міндетті» топтарға арналған бағалау парақтары қолданылды (үй тапсырмасы, интерактивті тапсырма, қима қағаз, зертхана, тест, қорытынды баға).

VIII. Үй тапсырмасы

Тарауды қайталау.