Толағай ертегі дастанын мазмұндау

Сынып: 5 Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ә. Тәжібаев — «Толағай» әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • «Толағай» әдеби ертегісінің жазылу негізіне назар аударту.
  • Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.
  • Толағайдың жанашырлығы мен елге деген сүйіспеншілік сезімдерін талдау.

Тәрбиелік

  • Туған жерді қадірлеуге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
  • Адамгершілік пен адалдық қасиеттерін орнықтыру.
  • Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге және адал қызмет етуге баулу.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
  • Шығармашылыққа баулу.
  • Сөздік қорын молайту.

Әдістер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Әдеби ертегіні талдау
  • Мәнерлеп оқу
  • Мәтінмен жұмыс
  • Іздену, салыстыру, баяндау
  • Сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих

Көрнекіліктер

  • Ә. Тәжібаевтың портреті
  • Буклеттер
  • Тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың барысы

Құрылым

  1. 1 Ұйымдастыру
  2. 2 Қызығушылықты ояту (ой қозғау)
  3. 3 Мағынаны тану (кубизм әдісі)
  4. 4 Толғаныс (автор орындығы)
  5. 5 Бекіту, бағалау, үй тапсырмасы

Негізгі ой

Ерлік — дайын күйінде келмейді. Ол Отанды сүюден басталады.

І. Қызығушылықты ояту (ой қозғау)

Ертегілердің бір саласы — әдеби ертегілер. Авторын нақты білетін шығарманы әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбіне ел арасында ауызша тараған аңыз-әңгімелердің негізінде туады және өлең немесе қарасөз түрінде жазылады.

Автор туралы қысқаша дерек

Әбділда Тәжібаев — қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Сыр өңірінің жыр дәстүрі, ақындар ортасының ықпалы оның шығармашылық әлемінің қалыптасуына әсер етті. Әкеден ерте айырылса да, анасы Айманкүлдің тәрбиесі мен қисса-дастандарды көп оқуы ақынның әдебиетке жақындығын арттырды.

«Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған. Ақын Толағайды халқымен табыстырып қана қоймай, елдік рух пен азаматтық жауапкершілікті көркем ойға айналдырды: Толағай жаңбырлы тауды еліне көтеріп әкелсе, ақын поэзияға арқалы жырын арқалап келді.

ІІ. «Толағай» ертегі-дастанының мазмұны

1) Ерекше өскен Толағай

Толағайдың өзгеше күш-қайраты мен ерте есейген болмысы суреттеледі.

2) Жолбарыспен айқас

Қауіпке қарсы тұратын батылдық, жүректілік көрінеді.

3) Елі үшін құрбандық

Халық қамы үшін өз басын бәйгеге тігетін ұлы таңдау айқындалады.

Топтық жұмыс

Әр топ өзіне берілген бөлімді мазмұндап болған соң, ерлік, батырлық, Отан туралы мақал-мәтелдер айтады.

Мысал: «Отан үшін отқа түс — күймейсің».
Мысал: «Ер ел үшін туады, елі үшін өледі».

ІІІ. Мағынаны тану (кубизм әдісі)

1) Мінездеу

Толағайға мінездеме беру.

Мінезі
Оқиға тұсы
Батыл, өжет
Тауды көтеріп әкелуі

2) Салыстыру

Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру (Венн диаграммасы).

Назар

Ортақ қасиеттерін анықтаңыз: ерлік, елге қызмет, табандылық, жанашырлық.

3) Зерделеу

Ертегіден тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу.

4) Бейнелеу

Ертегіден ұнаған тұстың иллюстрациясын салу және таңдауды түсіндіру.

IV. Толғаныс (автор орындығы)

Мұғалім түсіндіруі: ортадағы орындық — «автор орындығы». Оқушы Толағай бейнесіне еніп, сыныптастары қойған сұрақтарға Толағай ретінде жауап береді.

Сұрақтар

  1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
  2. Ел күйзелсе, сен не істер едің?
  3. Толағайдың жанашырлығы мен елге сүйіспеншілігі өз бойыңнан табыла ма?

Құрылысына талдау

Басталуы:
Саржан атты мерген.
Дамуы:
Толағайдың дүниеге келуі.
Байланысы:
Әкесімен аң аулауға шығуы.
Шиеленісуі:
Жолбарыспен айқасуы.
Шарықтау шегі:
Елге жауын жаумауы.
Шешімі:
Еліне жауын жаудыруы.
Қорытынды:
«Отан үшін отқа түс — күймейсің».

Рөлдік ойын: «Кім? Қашан? Қайда?»

Мұғалім шығармадан үзінді оқиды. Оқушылар оның қай кейіпкерге тиесілі екенін, қашан және қай жерде айтылғанын анықтайды.

1-топқа берілетін үзінділер

  • «Ұйықта, қозым» (Саржанның Толағайды ұйықтатуы).
  • «Өлдім, балам, Толағайжан!»
  • «Көзімді іліп алайын.»

Қосымша үзінділер

  • «Күшті болсаң, келе қал!»
  • «Жауын қайда көп жауады, білсең, апа, айтшы.»

Сабақты бекіту

  1. Ертегі-дастанға қандай оқиға арқау болған?
  2. Ақын суреттеген оқиға қай заманға сай келеді?
  3. Ә. Тәжібаев кім?
  4. Ақынның қандай шығармаларын білесің?

Қорытынды

Ерлік аспаннан түспейді; ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю — үй ішінен, отбасынан басталатын қасиет. Халқын қадірлеген адам сын сағаттан сүрінбей өтеді, елін сүйген ер атанады.

Түйін сөз

«Ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе». (Б. Момышұлы)

Бағалау

Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Отан үшін отқа түс — күймейсің» тақырыбында ойтолғау жазу.